Тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
Бағыты : Әлеуметтік мәнді және жеке мәдениетін қалыптастыру .
Тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорын молайту.
Жаман әдеттен аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Жақсы , жаман туралы түсінік беру;
жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;
жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер.
Барысы: Ұйымдастыру.
-Балалар, шеңбер құрып, өлең жолдарын айтайық.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
— Балалар, кәне, бір-бірімізге жақсы лебіздерімізді білдірейікші.
— Қайырлы күн,
— Сабағымызды жақсы оқиық
— Әрқашан күн сөнбесін,
— Аспанымыз ашық болсын.
— Аман болайық.
— Деніміз сау болсын.
— Бәріміз дос болайық. Тату болайық. т.б сөздер айтады.
— Балалар, бізде бүгін «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тәрбие сағаты болмақ.
—Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла.
Жақсылық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла!
—Жарайсыңдар, балалар. Балалар,бір-біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады.Сәлем- сөз анасы, сөздің қасиеті, сондықтан оның мағынасына мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы.Олай болса амандасудың қандай ережелерін білесіңдер?
— Таныс адам алыс жерден келсе, оған барып амандасқан жөн.
— Ассалаумағалейкум, деп амандасқанда қолғапты шешу керек.
Сергіту сәті.
— Кәне, балалар, орнымыздан тұрып, бой сергітіп алайық.
Бала, бала, балақан,
Қане, қайсы алақан?
Саусақтарың әйбәт,
Былай-былай ойнат.
Күндей жайнап алақан,
Қолымызда жалау бар,
Жалауымыз жайнап,
Би билейміз ойнап.
-Сонымен балалар, жақсы бала қандай болады?
Таза жүректі, әдепті, үлкенді тыңдайтын, кішіге қамқор болатын.
Қорытынды:
Біздің балалар жамандық пен жақсылықты ажырата біледі.Көптеген тәрбиелі мол түсініктер алды.
Бағыты : Рухани адамгершілік тәрбиесі
Тақырыбы: «Достаса білейік»
Мақсаты:«Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру
— достар арасындағы сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;
— өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
— бір-бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.
-достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету;
-достаса білуге тәрбиелеу.
Тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту , есте сақтау қабілетін дамыту.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: кітап, сурет
Барысы : Ұйымдастыру
— Сәлеметсіздер ме!
— Көңіл-күйлеріңіз қалай?
Шаттық шеңбері
Тәрбиеші оқушыларды шеңберге жинап, балалармен бірге сөзі Х.Талғаров, әні И.Нүсіпбаевтің «Дос болайық бәріміз» әні орындалады.
«Дос болайық бәріміз»
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Іргелі жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіндер.
Қ-сы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
— «Дос» және «достық» деген сөздерді
қалай түсінуге болады?
— «Жақсы дос» деп кімді айта аламыз?
Ойын «Менің досым»
Мұғалім балаларды шеңберге тұрғызып, кезек-кезек сұрақтар қояды.
— Сенің досың кім?
— Сен досыңды жақсы көресің бе?
— Досыңа қалай көмектесесің?
— Досыңды қалай сыйлайсың?
— Досыңды сағынасың ба?
— Досыңмен нені бөлісесің?
— Досың туралы қандай жылы сөз
айтасың?
— Досың саған не үйретеді?
— Достар бір-біріне қалай көмектеседі?
Сергіту сәті:
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасалады.
Достар бірге жүреміз,
(қол ұстасып, айнала жүру)
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
(бір-біріне қарап күлу)
Бірге балық аулаймыз,
(қолдарын алға созады)
Міне, біздер қандаймыз!
(қолдарын жоғары созу)
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз.
Қорытынды:
Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достарымызға үнемі жақсы, жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достықты тек сөздер арқылы ғана емес, жақсы істер арқылы тануға болады. Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі. Достықтарын ұзақ, тұрақты болу үшін бір-бірлеріне көмектесіп адал болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады.