Тері құрылысы: Эпидермис, нағыз тері (дерма), майлы шел қабаты, олардың қызметі

93

Пәні: биология     8 сыныпМұғалім: Инсенова Қ.Ш.

Сабақтың  тақырыбы: Тері құрылысы: Эпидермис, нағыз тері (дерма), майлы  шел қабаты, олардың қызметі.

Сабақтың мақсаты: Терінің құрылысы мен қызметі  туралы жаңа білім беру.

Сабақтың міндеттері: 1.Терінің құрылысы және қызметі, жабын жүйесі туралы  білім  алуына ықпал ету..
2. Терінің жұмысы, маңызы туралы алған білімін саралауға үйрету,  топпен ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Оқушының ойлау , қабілеті  ашылады,  сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар терінің құрылысы және қызметі туралы білімді меңгереді.

Әдіс-тәсілдері:   Ой шақыру статегиялары, диалог, эссе, сәйкесендіру, тест. т.б.

Ресурстар: кестелер, флипчарт, маркет, стикер, түсті қағаздар.

 

 

 

Сабақ кезеңдері

 

Уақыты

 

Мұғалімнің әрекеті

 

Оқушының әрекеті

 

Күтілетін нәтиже

 

Бағалау

 

1.

 

 Ұйымдастыру

 

3 мин

1.Түгелдеу

2.Психологиялық дайындық.(түсті қағаздар арқылы көңіл-күйді анықтау және  сол түсті қағаздар арқылы топқа бөлу  І,ІІ,ІІІ,ІV топтар.

Оқушылар түсті қағаздар  арқылы топқа бөлініп отырады. Оқушының сабаққа қызығушылығы артады.
 

2

 

Үй тапсырмасын сұрау

 

7 мин

А) Артығын тап та, түсіндір.
І топ  Бүйрек, Нефрон, Өт, Несепағар,
ІІ топ Су мен тұздың мөлшерін реттейді. Зәр түзіледі. Жылу реттеу қызметі. Гуморалды жолмен реттеледі.
ІІІ топ. Реабсорбция, Энурез, Фильтрация, Вазопрессин.

ІV топ. Биологиялық сүзгі, жұлынның сегізкөз бөлімі, бауыр, қуық.

Б) Эссе жазу. «Егер де сіз дәрігер болсаңыз…»

Оқушылар өз ойларын жеткізе алады, сөйлеу мәдениеті  қалыптасады, сыни ойлай алады. Оқушы өз мүмкіндіктерін көрсете алады, проблеманы шеше жолында ойланады.  5 балдық жүйе арқылы топ басшысы кестеге түсіреді.

Эссе  жазған оқушыларды

«Бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды.

 

3.

 

Жаңа сабақ

 

20 минут

1.Ой шақыру стратегиясы.

Жұмбақ жасыру.

1) Тау басында бәйтерек, бәйтерекке су керек. (бас, шаш)
2) Өзінің жаны жоқ
Жандыға жабысып күн көреді. (тырнақ)
3) Газды да алмастырады, суды да бөледі.
Ыстық-суығыңды да сезеді,
Күте білсең аурудан да қорғайды. (тері)
І топ. Эпидермис.
ІІ топ. Дерма.
ІІІ топ. Гиподерма

ІV топ. Тері түзілістері

 

Топтық жұмыс. Оқулықпен жұмыс істей отырып, берілген тапсырмаларды постерге түсіру.

 

 

 

Сергіту сәті: Қорапта не бар ойыны:

Әр топқа қорап беріледі, топтан көзі жұмылған күйде бір оқушы шығып, сол қораптағы заттарды қолымен ұстап көріп  атын айтады.

 

 

 

Жұмбақты  жалпы барлық оқушылар шешеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Оқушылар оқулықпен жұмыс істей отырып,  алған білімдерін , түйген ойларын, шығармашылық қабілеттерін  постерге түсіреді, топтан бір оқушы шығып қорғайды.

 

 

 

 

Оқушылар

алған білімдерін іс-жүзінде тексеріп көреді.

 

 

Тапқырлығы мен жылдам ойлау дәрежесін байқау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өз бетінше жеке ойланады, мәтінге талдау жасауды үйренеді, белсенді тыңдайды, постер мен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.

 

 

Оқушылардың қызуғышылығы оянады, есте сақтау, түйсіну, сезу қабілеттері дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топтан бір оқушыдан  шығып, жұлдызшалар арқылы басқа топ жұмыстарын бағалайды.

 

 

 

 

 

Топ басшысы дұрыс жауаптарына 1 ұпайдан беріп отырады.

 

4

 

Бекіту

 

12 минут

 

Өзіндік жұмыс


Терінің қызметі:
Терінің құрылысы:
1. Эпидермис 2. Жылу реттеу 3. Нағыз тері 4. Тыныс алу 5. Шел қабаты

6. Сипап сезу 7. Тырнақ 8. Қорғаныш

9. Май бездері. 10. Ыдырау өнімдерін шығару 11. Шаш
Терінің құрылысы: 1, 3, 5, 7, 9, 11.
Терінің қызметі: 2, 4, 6, 8, 10.

 

 

 

Біліміңді сына
1) Тері – жабын мүшесі, неге?
2) Тері – қорғаныш мүшесі, неге?
3) Тері – сезім мүшесі, неге?
4) Тері – дене температурасының тұрақтылығын сақтаушы, неге?
5) Тері –бөліп  шығару мүшесі, неге?
6) Тері – тыныс алу мүшесі, неге?
7) Теріде дәрумені түзіледі, қандай?
8) Теріде қоңыр пигмент түзіледі, неге?
9) Теріде бездер бар, қандай

 

Әртүрлі тапсырмаларды жеке орындайды, алған білімдерінің нәтижесін көрсетуге тырысады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.

 

Оқушылар сәйкестендіру тапсырмасын орындау  арқылы ойлауы дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыни ойлай алу қабілеті артады, сөздік қоры дамиды.

 

Дұрыс жауаптар

1 балдық жүйе арқылы бағаланады, топ басшысы кестеге түсіреді.

 

5

 

Қорыту

 

2 мин

 

Сабақты талқылап, қорытындылайды. Кері байланыс парағы толтырылады.

Оқушылар тақтадағы ұнаған және ұнамаған сабақ кезеңдері мен өз ұсыныстарын стикерге жазып тақтадағы плакатқа іледі. Тақырыпты жинақтап қорыту дағдысы дамиды.  

Кері байланыс.

 

Не ұнады?

Не ұнамады?

Сұрақ, ұсыныс?

 

6

 

Үйге тапсырма

 

1 минут

Үй тапсырмасы тақтаға жазылады,  нұсқау беріледі. Тері аурулары. Шағын шығарма.