Шай мерекесі

106

Тақырыбы:                   Шай мерекесі

Мақсаты:             шайдың ағзаға әсерін жете түсіну, талдауға үйрету;

Оқушылардың өзіндік жұмыс барысының әр кезеңдерінде ізденуге, зерттеуге, талдауға, сараптауға, сыни ойлауға баулу;

Шай әзірлеу барысында тазалық пен ұқыптылыққа баулу.

Көрнекілігі:         шай кеселеріне жазылған бөлім атаулары; «Шай денені сергітеді, көңіліңді көтереді, жүрекке жылу ұялатады, ой салады, еріншектіктен арылтады» нақыл сөзі, жұмбақтар, викториналар, шай құралдары, теледидар мен бейнемагнитофон

Адамдар бағзы заманнан бері шай ішіп келеді. Осы бір ғажайып сусын туралы алғашқы деректерді біздің заманымыздан бұрынғы дәуірден-ақ кездестіруге болады. Оның тарихының ең кереметі- шайдан біздің күні бүгінге дейін күпті болмай келе жатқандығымызда болса керек. Тіпті жерімек былай тұрсын,  шай- жиырмасыншы ғасырдың ең кең таралған сусыны саналады.

Бірақ біз шайды сонау бағзы заманнан бері ішіп келе жатсақ-та , бұл  сусын туралы тым қарапайым  нәрсенің өзін, мысалға,  оны қалай құрыс демдеуді де біле бермейміз.  Бұл онша жеңіл-желпі  қарайтын мәселе емес.

Шай ішудің де өзіндік сырыбар. Бағзы заманнан бері өз рәсімдері мен дәстүрлері қалыптасты, мысалға ол орыстар мен қазақтар үшін ұлттық тұрмыстың, тіпті қала берді, ұлттық қасиеттің елеулі белгісіне айналды.

Шай дастарханда бас қосу өзінше бір клуб сияқты еді.  Жиналғандар мұнда өзара пікір алысып,  қам-қаракеттерін достарының  ортасына салатын,  көңілін күнделікті күйбіңнен арылтып,  бір қалыпты тіршіліктен сейіліп бой жазатын.

Біздің шай туралы әңгімеміздің барлығы да шай үстінде айтылады.

Шай ағашының пайда болуы туралы аңыз

Шай-адамдар қолданатын ежелгі сусындардың бірі. Ертеде Қытайдың аңызында шай өсімдігінің пайда болуын былай әңгімелейді.

Қытайда Даррама атты данышпан монах тұрған. Бір күні түсінде Будду құдайын көріп, таңқалғанына оған арнап күні-түні, көз ілмеуге, сыйнуға серт береді. Күндердің күнінде Даррама шыдай алмай кірпіктері ілініп қалғып, қатты ұйқыға кетеді. Монах құдайға берген серті үшін қорқыныштан оянып кетеді. Даррама өзінің кірпіктерін қиып, жерге лақтырып тастайды. Ал көктемде данышпанның кірпіктері түскен жерге жасыл бұтақтар өседі, оның жапырақтары-керемет ұйқыашыратын қасиеттерге ие болады.

Шай ішу дәстүрі қалай басталды?

5 мың жыл бұрын Қытай императоры орманда демалып жүріп, ішу үшін су қайнатуын бұйырады.  Кенеттен жел тұрып кесеге бірнеше шайдың жапырақтары түсіп кетеді. Император сусынды ішіп, өзін сергек сезінді. Осылай шай ішу дәстүрі басталған.

Басқа шай туралы аңыздар да бар. Шайдың отаны-Қытай делінген. Шай-мәңгі жасыл шай өсімдігінің арнайы өңделген жапырағы, сондай-ақ осы жапырақтан әзірленген сусын.  Шайдың өзіне тән хош иісі, тіл үйіретін дәмі, шөл қандырып, сергітетін әсері бар. Жас жапырақшалар қытайша «тщайей» дегенді білдіреді. Осыдан «шай» атауы шыққан. Байха шайы да қытайша «бай-хоа» аударғанда  «ақ кірпікшелер» дегенді білдіреді. Шынында да шай жапырақшаларының бір беті ақ кірпікшелерге ұқсас жіңішке күміс талшықтармен қапталған. Қазіргі уақытта    байха сөзі үгітілген денег мағынаны білдіреді.

 

Алдымен Қытай  шай өндірушілерден жалғыз  ел болғандықтан, оның құпиялары мықты қорғалған. Дегенмен, бір ағылшындық шай тұқымын ұрлап қана қоймай, оны өңдеудің күрделі жолын да біліп алған. Осының арқасында европалықтар шайды өз мекендерінде де егуді білген.  Шайды тек әйелдер ғана жинаған екен. Себебі, әйелдің нәзік қолдары шайдың иісін одан сайын күшейтеді деп есептеген. Қытай императоры үшін шайды тек 16 жасқа дейінгі қыздар жинаған.

Қазақстандағы  шай.

Қазақстанға шай мен оның тұқымы немесе көшеті сонау біздің заманымыздан бұрынғы 2 мыңжылдықта ашылған «ұлы жібек жолы» арқылы жеткізілген деген болжам бар. Кейін шай-базардан келушілердің міндетті тауары болған.

Шайдың түрлері мен сорттары.

Дайындау тәсілі мен операциялардың сапасына байланысты шайдың түрлі типтері мен сорттарға бөлінеді.

Шай түрлері мен сорттары

Бүкіләлемдік шай өнідірісінң 95 пайызы қара шай үлесіне тиеді. Оның хош иісі, тіл үйірер дәмі болады, сондықтан, көпшілігі осы шайды ұнатады.

Көк шайдың иісі мүлдем басқа, оның дәмі сәл қышқылтым, шөлді жақсы қандырады. Сергітетін қасиеті мен Р витаминінің құрамы жөнінен қара шайдан асып түседі.

Кірпіш шайды ерте солған ірі жапырақтарды жинап, арнайы әдіспен өңдейді де, сонан соң салмағы 2 кг мөлшерінде кірпіш формасында престейді. Оның ауыз қуыратын дәмі мен сәл хош иісі болады.

Түйіршік шайдың тақта шайдан айырмашылығы, оның ең жоғары сортты қиқымдарын әуелі майдалап үкітіп, 3-5 грамнан түйіршіктеп престейді.

Шай өсіру орнына қарай: қытай, үнді, цейлон, грузин және краснодар болып бөлінеді. Шайды плантациядан алыс емес шай фабрикаларында дайындалады. Себебі, шай жапырақтары өзінің құнды сапасын жоғалтпау үшін алыс тасымалдауға болмайды.

  1. Шайдың емдік қасиеттері. Шай және денсаулық.

Ежелгі шығыс данышпаны Ибн Сина шай хақында: «Шай денені сергітеді, көңіліңді көтереді, жүрекке жылу ұялатады, ой салады, еріншектіктен арылтады»

Шайдың емдік қасиеттерін зерттей келе ғалымдар оның пайдасын білді. Шай тек шөлді басу үшін ғана емес, қанайналымына, жүрек-тамыр жүйесіне, асқорытуды жеңілдетеді.

Халық шайды бағзы заманнан-ақ өмір «зәм-зәмі» деп атаған. Бірақ бұл шайды өлшеусіз іше беру керек деген сөз емес. Біріншіден, егер оны көп ішетін болсақ, жүрекке, қантамырларына, бүйрекке күш түседі. Ал мұның организм үшін қауіпті екені белгілі. Екіншіден шайды тым қою етіп әзірлеудің де қажеті жоқ. Өйткені оның құрамындағы кофеин нерв жүесінің қызметін қоздырып, ж үректің соғу қалпын бұзуы, қан қысымын күшейтуі ықтимал. Тіпті денсаулығы жақсы адамдардың өзіне ұйықтар алдында шай ішуге болмайды.

Шығыс данышпаны «Жаңа шай бальзамға татыса, қалған шай жыланға татиды» деген.

  1. Шай қайнатудың басты құпиялары.

Дәмді шай әзірлеудің ең басты құпиясын білетін адам туралы мынадай бір шай анекдоты бар. Шай әзірлеу құпиясын ашуға мәжбүр болған ол не бәрі: «Шайды көбірек салыңыздар» деген үш-ақ сөз айтыпты.

Шай шығарғанда ерекше бап керек. Ең алдымен, шайдың өзі жақсы болсын, бірақ жұрт ойлайтындай, оның үнді шайы болуы міндетті емес. Ең бастысы-дұрыс сақталған шай болсын. Үшіншіден, шай қайнатуға ерекше су керек.

Шайнекті қайнаған сумен 2-3 қайтара шайып, оған шай (2 стакан суға 1 шай қасық) салып үстіне қайнап тұрған суды, әуелі шайнектің 1/3 мөлшерінде құяды да, сәл-пәл қоя тұрады. Сосын отқа қойып, бұқтырып алғаннан кейін шайнекті бүркеп, (сүлгімен), 5-7 минутта тұндырады да, толтыра қайнаған су құяды. Егер шайдың түбіне толық тұнса, онда оның әзір болғаны. Бұқтырылған шайды қыздыруға не қайнатуға, келесі күні шамасына шай қосып шығаруға болмайды. Шайға ас содасын не күйдірілген қант қосуға болмайды, себебі одан дәмі нашарлайды. Егер  шайға жаңадан қайнатылған судың орнына, тұрыңқырап қалған жылы су құйса да дәмсіз болады.

Шайды фарфор не фаянс шәйнекте шығарған жөн. Металл шәйнекте шығарылған шай құсып кетеді, дәмі көңілдегідей болмайды.

Дұрыс қайнатылмаған шай тек пайдасыз ғана емес, тіпті зиянды болады.

Орыс халқында басқадай қайнаған тұнбаларды (итмұрын, бүлдірген, таңқурай) шай деп атайды. Олардың көпшілігі емдік-дәрі-дәрмек ретінде қолданылады (суық тигенде-кептірілген таңқурай тұнбасы, бүйрек ауырғанда-ти бүлдірген жапырағының тұнбасы.

  1. Шай викторинасы.
  2. Шай ішу қашан және қайда басталған? 2. «Шай» атауы қалай шыққан?
  3. Қазақстанға шай қалай келген? 4. Неге шайды тек қыздар жинаған?
  4. Шайдың қандай түрлері мен сорттарын өндіреді? 6. Шайды дұрыс қайнату жолы?
  5. Шайды ұсыну және столда отыру ережесі.

Дәстүрлер бойынша шаймен бірге кондитер тағамдарын-торт, пирог, конфеттер мен бал, варенье беруге болады.

Шай үстелінің басты келбеті-самауыр. Оны иесінің жанына подносқа қояды. Самауырдың сол жағына шай ыдыстары сүлгімен жабылған екінші поднос қойылады.. самауырдың алдына сәл оңға қарай шайнек қойылады.

Барлық тәттілерге конфеттерден басқасына арнайы құралдар-шанышқы, қысқыш т.б. қойылады. Лимонды бөліктерге бөліп ыдыспен береді.

Шайды қантпен дыбыссыз араластырғанна кейін, дәмін қасықпен көреді, содан соң оны шайтабаққа салып, оң қолмен кесені құлағынан ұстап, аз ғана жұту арқылы ішеді. Шайды шайтабаққа құйып ішу әдемі емес.

Егер де вареньемен ішкіңіз келсе, вареньені кесенің жанына ыдысымен қояды. Егер вареньенің сүйектері болса, сүйектерін қасықтың көмегімен шайтабаққа салады.

Қонақта вареньені шайға салуға және кеседегі лимонды жеуге болмайды!

Шайды самауырдан немесе шәйнектен үй иесі құяды. Шайды кесенің жиегінен 0,5-1 см төмен құю керек.

  1. Шай жұмбақтары.

Жасыл жапырақ ширатылған қарашық болды,

Тісті жапырақ түтікшеге айналды.

Қорапқа салынса, дүкенге түседі. (шай)

 

Өзі қатты әрі тәтті.       (Қант)

Бір шатырдың астында төрт батыр жатыр     (Үстел)

 

4 аяғы, екі құлағы, кеудесіне сәйкес бір мұрыны бар. (самауыр)

 

Сөйлей баста тез шай салу керек.           (шәйнек)

  1. «Көңілді аспаздар» ойыны

Ойын жеңімпаздары марапатталады.

  1. Шай ішуге ұласады.