Темекі және оның адам денсаулығына әсері

Сабақтың тақырыбы: Темекі және оның адам денсаулығына әсері

Мақсаты:                           Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы оқушылардың

денсаулығын сақтау және нығайту;

Оқушаларға зиянды және пайдалы дағдылар туралы ақпарат беру.

Көрнекілігі:                     Сурет,  нақыл сөздер

 

Типі:                                 Лекция сабақ

 

Барысы:                      І. Оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

 

Темекі және оның адам денсаулығына әсері

 

Біздің қоғамда темекі шегу өлімнің бірден – бір себепкері болып табылдаы. Темекі шегушілер шылым шекпейтіндерге қарағанда жүрек ауруларына жиі шавлдығады. Жыл сайын темекі шегуге байланысты туындаған жүрек ауруынан 170 000 адам көз жұмады. Өкпе, кеңірдек, қуық рагы, панкреатит және бүйрек рагы темекі шегушілер арасында жоғары  көрсеткіште. Рактан өлгендердің 30 пайызы (жыл сайын130 000) темекі шегуге байланысты. Эмфизема, созылмалы бронхит сияқты өкпенің созылмалы ауруы темекі шегушілер арасында темекі шекпейтіндерге қарағанда 10 есе көп.

Әйелдер екіқабат кезінде темекі шексе, ауыр халге душар болып, үлкен қауіпке ұшырайды. Ойластырмай жасаған аборт, сәбиді айы – күні жетпей туу, сол сияқты жаңа туылған сәби салмағының төмендігі көбінесе темекі шекпейтіндерге қарағанда темекі шегетін әйелдерде жиірек кездеседі. Сигарет шегу барысында құрамында 4 000 – дай әртүрлі химиялық заттар бар түтін ішке енеді, оның кейбіреуі канцерогенді болады. Темекі құрамындағы басқа да токсиндер мен қоздырғыштар көзді, мұрынды және тамақты тітіркендіреді. Темекінің басқа компоненті – моноксиді карбон қандағы гемоглобинмен қосылып, карбоксигемоглобин түзеді. Бұл зат ағзаның көмірсутегін алуына және оны қолдануына кедергі тудырады.

Темекі құрамындағы ең қауіпті зат – никотин. Ол адам ағзасында жүрек ауруы мне рактың өршуіне ықпал етіп қана қоймай, ең қауіптісі – оның темекі шегуге деген ынтасын арттырады. Никотинге тез үйір болған соң, темекіні тастау қиынға соғады.

Темекі шегудің зиянды салдарын біліп, шылым шегуді тастаған адамдар өздерінің темекі шегу салдарынан төмендеген денсаулығын едәуір түзетеді.

Темекі шегушілер үшін күніне тартқан 1 қорап темекі 10 жыл өткен соң жүрек ауруына шалдығу қаупін тудырады. Сондай – ақ темекі шегу салдарынан болған өкпе рагының қаупі темекі шегуді тоқтатқанда біршама төмендеуі  ықтимал.

Темекі шегудің жақын арада тигізетін кері әсері:

  • Қан тамырлары мен бастағы ми тамырларының қысылып қалуы;
  • Қан қысымының жоғарлауы;
  • Жүрек соғуының жиілілігі;
  • Темекі түтінімен мұрын – тамақ қуысының тітіркенуі;
  • Қанға улы газдың қосылуы;
  • Өкпеде темекі қойыртпағының шөгуі;
  • Ауаның улануы

Темкі шегудің ұзақ уақыт өткеннен кейін тигізетін әсері:

  • Инфекция кіретін қақпағы айналған тістердің, еріннің, тілдің, таңдайдың, тамақ – кеңірдек тканьдерінің бұзылуы;
  • Дәм татудың, иіс сезудің жоғалуы;
  • Бетке әжімнің ерте түсуі және оның қалыңдауы;
  • Тіс түсінің өзгеруі, ауыздан сасық иістің шығуы;
  • Ағзаның қарсыласу күшінің төмендеуі;
  • Темекі шегетіндердің созылмалы бронхиті;
  • Өкпе эмфиземасы;
  • Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруы;
  • Асқазан – ішек трактының ауруы;
  • Ерін, ауыз қуысы, өкпе, асқазан, кеңірдек, тамақ, қуық рагы;
  • Рейно (гангерна) ауруы.

Сабақты қорытындылау.

Жаттығу: «Кәнеки есепте»

Оқушыларға бір қорап сигарет қанша тұратынын ойларына түсіруді ұсынамын. Егер сіз күніне бір қорап сигарет тартатын болсаңыз, қанша ақша жұмсайтыныңызды есептеңіз:

  1. Бір аптаның ішінде
  2. Бір айдың ішінді
  3. Бір жылда
  4. Үш жылда
  5. Бес жылда.

Оқушылардың әрқайсысы есептеп, осы ақшаға сигареттің орнына не сатып алар едіңіз? – деген сұраққа жауап береді.