Мемлекетіміздің биік мәртебесі- Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны

144

Тақырыбы: Мемлекетіміздің биік мәртебесі- Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы,  Әнұраны

Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қадірлеуге, олардың символикалық айырым  белгілерін білуге, әрқашан жоғары ұстауға, қорғауға тәрбиелеу.

2.Еліміздің  мемлекеттік рәміздерінің қадір –қасиетін оқушыларға ұқтыра отырып, оларды ұлтжандлыққа, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Өткізілу түрі: Дөңгелек үстел басындағы сұхбат-кеш

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, қанатты сөздер, бүктемелер, видиокасета, түлі-түсті суреттер.

Залдың безендірілуі: шар ілінген, қанатты сөздер мен суреттер қабырғалардың ажарын келтіреді.

Акты залында музыка ойнап тұрады. Залда мектеп мұғалімдері мен оқушылары, ата-аналар отырады

Екі бастаушы ортаға шығады.

1-бастаушы:Қымбатты қонақтар , ұстаздар, оқушылар! Еліміздің рәміздеріне арналған тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2-бастаушы:

Биік ұста тәуелсіздік жалауын

Бірлік , достық бейбітшілік қалауын

Мерейлі жыл 20 жылың құтты болсын

Бақ кетпесін әр үйіңнен қазағым!

1-бастаушы:

Қарасам Қазақстан картасына

Кенелген мол байлықтың алқасына

Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп,

Бұйырсын әр қазақтың отбасына!

 2-бастаушы: Қазақстан Республикасы — елімізде тұратын әр азаматтың туған жері, Отаны болып табылады.  Ал әрбір тәуелсіз мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері- Мемлекеттік Рәміздер деп аталатынын барлығымыз білеміз.

1-бастаушы: Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер  үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді.

2- бастаушы: балалар осыдан тура 20 жыл бұрын 1992 жылы 4- маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы» «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраның музыкалық редакциясы  туралы» заңдарға қол қойып, Қазақ елі өзінің мемлекеттік рәміздеріне ие болды. Содан бергі аралықта Қазақстан Республикасы дербес, тәуелсіз ел деп бүкіл әлем мойындап, ол негізгі халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданса, соның белгісі ретінде осы елдік айшықтарымызда да танып отыр!

1-бастаушы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту-көгілдір түсті тік бұрышты мата . Ені ұзындығының жартысына тең . Ортасында  жан –жағына нұрын шашқан күн бейнесі мен самғап келе жатқан қыран бүркіт суреті саланған, ал тудың сабын бойлай тігінен  алтын зерлі ұлттық өрнек тартылған.

  • Оқушы: Зерен көк түс- тудың негізгі нышандық белгісі ретінде бекер таңдалмаған. Ол адалдық, тазалық және сенім деген ұғымдарды білдіреді. Бұл киелі түс- бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әманда тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған ашық аспанды еске салатын рең. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының бір түсті болуының мәні бар. Ол Қазақстанның егемен ел ретіндегі біртұтастығын паш етеді.
  • Оқушы: Күн бейнесі— байлық пен береке белгісі. Оның гафикалық көрінісіне айналған шеңбер болса- адамзат тіршілігінің, өмірдің символы

Далалық өркениет дүниетанымында қасиетті аспан шырағы- Күн аса маңызды бағдарлық мәнге ие.

Мемлекеттік рәмізіне күн бейнесін салу арқылы қазақ елі өзінің жалпы адамзаттық құндылықтарға  ортақтастығын және халықаралық қауымдастықтың айнымас бір бөлігі екендігін аңғартып тұр.

  • Оқушы:Қыран бүркіт-биліктің, көрегендік пен дарқандықтың нышаны. Әдетте рәміздерге суретін салаған кезде оның жыртқыштық кейпі мен ызбар шашып тұрған сұсты кескінін бейнелеуге ұмтылу дәстүрі бар. Сол арқылы күш пен қуат артықшылығы идеясы беріледі деп есептеледі. Қазақ елінің туында бұл образ мүлдем жаңа көркемдік шешім тапқан. Қыран бүркіт образы қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік, бостандықсүйгіштік, ерлік, жоғарғы аңсар, жан дүние кеңдігі, асыл мұрат, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады.
  • Оқушы: Қазақы ою-өрнек- дүниені қазақ халқының өзіне тән өзгеше эстетикалық талғамына сай ерекше көркемдік тұрғыдан тану тәсілдерінің бірі.ол аса күрделі астарлы формалар, сызықтар мен ырғақтардың үйлесімі, сұлу жарасымы ретінде адамның ішкі жан дүниесін айрықша ашып береді.

Егемен ел туындағы әсем өрнек- қазақ халқының сан ғасырлар бойы асыл арманы, ұлттық ұлы мұраты болып келген мемлекеттік тәуелсіздік идеясының жүзеге асқандығының тағы бір жарқын айғағы. Мемлекеттік тудың авторы суретші –Шәкен Ниязбеков

Ән шашу:   Қазақ елі. Нурдинов  Айдос ағайдың орындауында

  • Бастаушы:

Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп

Қазағым сен қашанда тұғардасың!

Биік ұста тәуелсіздік жалауын,

Бірлік, достық, бейбітшілік қалауын

  • бастаушы: Көк аспандай көгілдір

Қазақстан байрағы

Тұрса күндей төгіп нұр

Жылдарымыз жайдары

Көк байрақтың бетінде

Қыран бүркіт қанаты

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты

1-бастаушы: Мемлекеттік елтаңба- күн сәулелі уықтарын қос мүйізді, қанатты пырақтар бейнесі көмкерген шаңырақ бедерлі күрделі сәулеткерлік туынды. Астарына зерен көк түс, бедеріне сары алтын реңі пайдаланылып, шеңбер ішіне ойып жасалған белгінің төменгі жағында ел аты- «Қазақстан» деген жазу бар.

1-Оқушы: Шаңырақ бейнесі— Қазақстанда тұратын барлық адамдардың ортақ үйінің бейнесі. Шаңырақтың беріктігі оның уықтарының сенімділігіне байланысты болса, ортақ үйдің бақыты да оның тұрғындарының талайлы тағдырына тікелей байланысты. Шаңырақ- туған үйдің, атамекеннің, әріден тартқанда, адамзаттың ортақ жер бесігі- айдай әлемнің символы.

2-Оқушы: Әпсаналық арғымақтар-қанатты- мүйізді пырақтар образы батылдық, тектілік және ерік-жігер күші тәрізді геральдикалық ұғымдармен сипатталады. Жылқы – қазақтардың ұлтық дүниетанымының маңызды белгісі. Оған өткен заманнан бері келе жатқан «Қазақ –жылқы мінезді» деген қазақ мәтелі айғақ. Ол ұлттық мінез астарындаға жылқы табиғатымен үндес ұқсастықтарға меңзейді.Ол ұқсастықты  ең алдымен еркіндікке, қозғалыс пен жылдамдыққа деген құштарлықтан көруге болады.

3-оқушы: Қанат болса-қуатты, көркейген мемлекет құру жөніндегі асыл арман нышаны. Оны сол сияқты қоғамда келісім, береке-бірлік салтанат құрып, табиғат пен және әлемдік өркениет мұраттарымен жарасымға қол жеткізуге және өсіп –өркендеуге бағытталған ізгі ойлар мен ұмтылыстардың көрінісі деседе  болады. Елтаңбада қанаттардың рәміздік сипаттарын пайдалануды мемлекет идеясына қатысты, асқақ армандар мен ізгі мұраттарға қатысты адам баласының табиғи құштарлығының көрінісі деп қабылдаған жөн.

Елтаңбада қос қанатты  тұлпар бейнелері бар. Олар киелі қара шаңырақты екі жағынан бірдей қорғап тұрғандай әсер береді, ортақ үй- туған Отанға адал қызмет ету идеясының жарқын көрінісі.

4-оқушы: Бесбұрышты жұлдызды  —биіктіктің, бұралаң өмір жолындағы адастырмас жарық сәуле- өзгеше рухани темірқазықтың, асқақтық пен мәңгілікке деген айрықша құштарлықтың белгісі ретінде қолдану- адам баласы бұрынғы замандардан бері берік ұстанып келе жатқан елтаңбалық дәстүр. Қазақ елі елтаңбасының маңдай төріне қойылған көркем жұлдыз да- қазақстандықтардың көкейкесті мақсат- мүдделерінің айнасы. Ол болмысы бөлек  беделді  егемен мемлекет ретінде осы заманғы өркениетті елдер көшінен ойып орын алып, болашаққа батыл қадамдар жасау ниетін паш етеді.

Жұлдыздың бес бұрышы болса- бес құрлыққа бірдей айқара ашықтықтың, барлық әлем мемлекеттері мен халықтары тарапынан ізгі ниетті, өзара пайдалы қарым –қатынастың қай- қайсысына да әрдайым әзір екендігінің белгісі.

2-бастаушы:Қазақстан  Республикасы мемлекеттік елтаңбасының авторлары- Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов

Елтаңбасы елімнің

Неткен қымбат, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

                                              Құт, береке- шаңырақ,

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

                                                                                         Тәуелсіздік жолында

   Талай-талай тер тамған

                                                                               Билігім өз қолымда;

                                                                                   Еркіндігім – Елтаңбам

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады!

1-бастаушы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұран сөзін жазғандар- Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденов, ал музыкасын жазған- Шәмші Қалдаяқов

Жыр айтқан балалардан айналамын,

Елім деп еміренсе жанданамын

Жүректер «Қазақстан»деп күнде соқса,

Марқаямын, мақтанам, қуанамын!

2-Бастаушы:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмәздері тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәзімдерді қастерлеуді парыз етеді.

Қазақстандық париотизм елдің нағыз париоттарын қалыптастыратын құбылыс. Қазақстан  патриоты, біріншіден, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне : Туына, Елтаңбасы мен  Гимніне ерекше құрметпен қарайды, мемлекеттік нышандарымызды шын ниетімен қадірлейді және оны басқалардан талап етеді. Сондықтан біз де өз еліміздің патриоты ретінде еліміздің елдік нышандарын қастерлейік, құрметтейік, балалар!

  • Оқушы: Зерен көк түс- тудың негізгі нышандық белгісі ретінде бекер таңдалмаған. Ол адалдық, тазалық және сенім деген ұғымдарды білдіреді. Бұл киелі түс- бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әманда тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған ашық аспанды еске салатын рең. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының бір түсті болуының мәні бар. Ол Қазақстанның егемен ел ретіндегі біртұтастығын паш етеді.

  • Оқушы: Күн бейнесі— байлық пен береке белгісі. Оның гафикалық көрінісіне айналған шеңбер болса- адамзат тіршілігінің, өмірдің символы

Далалық өркениет дүниетанымында қасиетті аспан шырағы- Күн аса маңызды бағдарлық мәнге ие.

Мемлекеттік рәмізіне күн бейнесін салу арқылы қазақ елі өзінің жалпы адамзаттық құндылықтарға  ортақтастығын және халықаралық қауымдастықтың айнымас бір бөлігі екендігін аңғартып тұр.

  • Оқушы:Қыран бүркіт-биліктің, көрегендік пен дарқандықтың нышаны. Әдетте рәміздерге суретін салаған кезде оның жыртқыштық кейпі мен ызбар шашып тұрған сұсты кескінін бейнелеуге ұмтылу дәстүрі бар. Сол арқылы күш пен қуат артықшылығы идеясы беріледі деп есептеледі. Қазақ елінің туында бұл образ мүлдем жаңа көркемдік шешім тапқан. Қыран бүркіт образы қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік, бостандықсүйгіштік, ерлік, жоғарғы аңсар, жан дүние кеңдігі, асыл мұрат, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады.

  • Оқушы: Қазақы ою-өрнек- дүниені қазақ халқының өзіне тән өзгеше эстетикалық талғамына сай ерекше көркемдік тұрғыдан тану тәсілдерінің бірі.ол аса күрделі астарлы формалар, сызықтар мен ырғақтардың үйлесімі, сұлу жарасымы ретінде адамның ішкі жан дүниесін айрықша ашып береді.

Егемен ел туындағы әсем өрнек- қазақ халқының сан ғасырлар бойы асыл арманы, ұлттық ұлы мұраты болып келген мемлекеттік тәуелсіздік идеясының жүзеге асқандығының тағы бір жарқын айғағы. Мемлекеттік тудың авторы суретші –Шәкен Ниязбеков

1-Оқушы: Шаңырақ бейнесі— Қазақстанда тұратын барлық адамдардың ортақ үйінің бейнесі. Шаңырақтың беріктігі оның уықтарының сенімділігіне байланысты болса, ортақ үйдің бақыты да оның тұрғындарының талайлы тағдырына тікелей байланысты.

Шаңырақ- туған үйдің, атамекеннің, әріден тартқанда, адамзаттың ортақ жер бесігі- айдай әлемнің символы.

2-Оқушы: Әпсаналық арғымақтар-қанатты- мүйізді пырақтар образы батылдық, тектілік және ерік-жігер күші тәрізді геральдикалық ұғымдармен сипатталады. Жылқы – қазақтардың ұлтық дүниетанымының маңызды белгісі. Оған өткен заманнан бері келе жатқан «Қазақ –жылқы мінезді» деген қазақ мәтелі айғақ. Ол ұлттық мінез астарындаға жылқы табиғатымен үндес ұқсастықтарға меңзейді.Ол ұқсастықты  ең алдымен еркіндікке, қозғалыс пен жылдамдыққа деген құштарлықтан көруге болады.

3-оқушы: Қанат болса-қуатты, көркейген мемлекет құру жөніндегі асыл арман нышаны. Оны сол сияқты қоғамда келісім, береке-бірлік салтанат құрып, табиғат пен және әлемдік өркениет мұраттарымен жарасымға қол жеткізуге және өсіп –өркендеуге бағытталған ізгі ойлар мен ұмтылыстардың көрінісі деседе  болады. Елтаңбада қанаттардың рәміздік сипаттарын пайдалануды мемлекет идеясына қатысты, асқақ армандар мен ізгі мұраттарға қатысты адам баласының табиғи құштарлығының көрінісі деп қабылдаған жөн.

Елтаңбада қос қанатты  тұлпар бейнелері бар. Олар киелі қара шаңырақты екі жағынан бірдей қорғап тұрғандай әсер береді, ортақ үй- туған Отанға адал қызмет ету идеясының жарқын көрінісі.

4-оқушы: Бесбұрышты жұлдызды биіктіктің, бұралаң өмір жолындағы адастырмас жарық сәуле- өзгеше рухани темірқазықтың, асқақтық пен мәңгілікке деген айрықша құштарлықтың белгісі ретінде қолдану- адам баласы бұрынғы замандардан бері берік ұстанып келе жатқан елтаңбалық дәстүр. Қазақ елі елтаңбасының маңдай төріне қойылған көркем жұлдыз да- қазақстандықтардың көкейкесті мақсат- мүдделерінің айнасы. Ол болмысы бөлек  беделді  егемен мемлекет ретінде осы заманғы өркениетті елдер көшінен ойып орын алып, болашаққа батыл қадамдар жасау ниетін паш етеді.

Жұлдыздың бес бұрышы болса- бес құрлыққа бірдей айқара ашықтықтың, барлық әлем мемлекеттері мен халықтары тарапынан ізгі ниетті, өзара пайдалы қарым –қатынастың қай- қайсысына да әрдайым әзір екендігінің белгісі.

Тақырыбы:  «Қазақстан Республикасы  Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі,  Әнұранымен айбынды»

Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қадірлеуге, олардың символикалық айырым  белгілерін білуге, әрқашан жоғары ұстауға, қорғауға тәрбиелеу.

2.Еліміздің  мемлекеттік рәміздерінің қадір –қасиетін оқушыларға ұқтыра отырып, оларды ұлтжандлыққа, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Өткізілу түрі: Дөңгелек үстел басындағы пікірсайыс

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, қанатты сөздер, бүктемелер,  түлі-түсті суреттер.

Залдың безендірілуі: шар ілінген, қанатты сөздер мен суреттер қабырғалардың ажарын келтіреді.

1-Мұғалім : Қымбатты қонақтар , ұстаздар, оқушылар! Еліміздің рәміздеріне арналған тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасы — елімізде тұратын әр азаматтың туған жері, Отаны болып табылады.  Ал әрбір тәуелсіз мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері- Мемлекеттік Рәміздер деп аталатынын барлығымыз білеміз.

Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер  үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді.

2-Мұғалім сөзі: балалар осыдан тура 20 жыл бұрын 1992 жылы

  • маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы» «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраның музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойып, Қазақ елі өзінің мемлекеттік рәміздеріне ие болды. Содан бергі аралықта Қазақстан Республикасы дербес, тәуелсіз ел деп бүкіл әлем мойындап, ол негізгі халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданса, соның белгісі ретінде осы елдік айшықтарымызда да танып отыр!

Слайд көрсетіледі

1-оқушы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту-көгілдір түсті тік бұрышты мата . Ені ұзындығының жартысына тең . Ортасында  жан –жағына нұрын шашқан күн бейнесі мен самғап келе жатқан қыран бүркіт суреті саланған, ал тудың сабын бойлай тігінен  алтын зерлі ұлттық өрнек тартылған.

  • Оқушы: Зерен көк түс- тудың негізгі нышандық белгісі ретінде бекер таңдалмаған. Ол адалдық, тазалық және сенім деген ұғымдарды білдіреді. Бұл киелі түс- бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әманда тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған ашық аспанды еске салатын рең. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының бір түсті болуының мәні бар. Ол Қазақстанның егемен ел ретіндегі біртұтастығын паш етеді.
  • Оқушы: Күн бейнесі— байлық пен береке белгісі. Оның гафикалық көрінісіне айналған шеңбер болса- адамзат тіршілігінің, өмірдің символы

Далалық өркениет дүниетанымында қасиетті аспан шырағы- Күн аса маңызды бағдарлық мәнге ие.

Мемлекеттік рәмізіне күн бейнесін салу арқылы қазақ елі өзінің жалпы адамзаттық құндылықтарға  ортақтастығын және халықаралық қауымдастықтың айнымас бір бөлігі екендігін аңғартып тұр.

  • Оқушы:Қыран бүркіт-биліктің, көрегендік пен дарқандықтың нышаны. Әдетте рәміздерге суретін салаған кезде оның жыртқыштық кейпі мен ызбар шашып тұрған сұсты кескінін бейнелеуге ұмтылу дәстүрі бар. Сол арқылы күш пен қуат артықшылығы идеясы беріледі деп есептеледі. Қазақ елінің туында бұл образ мүлдем жаңа көркемдік шешім тапқан. Қыран бүркіт образы қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік, бостандықсүйгіштік, ерлік, жоғарғы аңсар, жан дүние кеңдігі, асыл мұрат, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады.
  • Оқушы: Қазақы ою-өрнек- дүниені қазақ халқының өзіне тән өзгеше эстетикалық талғамына сай ерекше көркемдік тұрғыдан тану тәсілдерінің бірі.ол аса күрделі астарлы формалар, сызықтар мен ырғақтардың үйлесімі, сұлу жарасымы ретінде адамның ішкі жан дүниесін айрықша ашып береді.

Егемен ел туындағы әсем өрнек- қазақ халқының сан ғасырлар бойы асыл арманы, ұлттық ұлы мұраты болып келген мемлекеттік тәуелсіздік идеясының жүзеге асқандығының тағы бір жарқын айғағы. Мемлекеттік тудың авторы суретші –Шәкен Ниязбеков

2-оқушы:

Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп

Қазағым сен қашанда тұғардасың!

Биік ұста тәуелсіздік жалауын,

Бірлік, достық, бейбітшілік қалауын

                                Көк аспандай көгілдір

Қазақстан байрағы

Тұрса күндей төгіп нұр

Жылдарымыз жайдары

Көк байрақтың бетінде

Қыран бүркіт қанаты

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты

1-мұғалім: Мемлекеттік елтаңба- күн сәулелі уықтарын қос мүйізді, қанатты пырақтар бейнесі көмкерген шаңырақ бедерлі күрделі сәулеткерлік туынды. Астарына зерен көк түс, бедеріне сары алтын реңі пайдаланылып, шеңбер ішіне ойып жасалған белгінің төменгі жағында ел аты- «Қазақстан» деген жазу бар.

1-Оқушы: Шаңырақ бейнесі— Қазақстанда тұратын барлық адамдардың ортақ үйінің бейнесі. Шаңырақтың беріктігі оның уықтарының сенімділігіне байланысты болса, ортақ үйдің бақыты да оның тұрғындарының талайлы тағдырына тікелей байланысты. Шаңырақ- туған үйдің, атамекеннің, әріден тартқанда, адамзаттың ортақ жер бесігі- айдай әлемнің символы.

2-Оқушы: Әпсаналық арғымақтар-қанатты- мүйізді пырақтар образы батылдық, тектілік және ерік-жігер күші тәрізді геральдикалық ұғымдармен сипатталады. Жылқы – қазақтардың ұлтық дүниетанымының маңызды белгісі. Оған өткен заманнан бері келе жатқан «Қазақ –жылқы мінезді» деген қазақ мәтелі айғақ. Ол ұлттық мінез астарындаға жылқы табиғатымен үндес ұқсастықтарға меңзейді.Ол ұқсастықты  ең алдымен еркіндікке, қозғалыс пен жылдамдыққа деген құштарлықтан көруге болады.

3-оқушы: Қанат болса-қуатты, көркейген мемлекет құру жөніндегі асыл арман нышаны. Оны сол сияқты қоғамда келісім, береке-бірлік салтанат құрып, табиғат пен және әлемдік өркениет мұраттарымен жарасымға қол жеткізуге және өсіп –өркендеуге бағытталған ізгі ойлар мен ұмтылыстардың көрінісі деседе  болады. Елтаңбада қанаттардың рәміздік сипаттарын пайдалануды мемлекет идеясына қатысты, асқақ армандар мен ізгі мұраттарға қатысты адам баласының табиғи құштарлығының көрінісі деп қабылдаған жөн.

Елтаңбада қос қанатты  тұлпар бейнелері бар. Олар киелі қара шаңырақты екі жағынан бірдей қорғап тұрғандай әсер береді, ортақ үй- туған Отанға адал қызмет ету идеясының жарқын көрінісі.

4-оқушы: Бесбұрышты жұлдызды  —биіктіктің, бұралаң өмір жолындағы адастырмас жарық сәуле- өзгеше рухани темірқазықтың, асқақтық пен мәңгілікке деген айрықша құштарлықтың белгісі ретінде қолдану- адам баласы бұрынғы замандардан бері берік ұстанып келе жатқан елтаңбалық дәстүр. Қазақ елі елтаңбасының маңдай төріне қойылған көркем жұлдыз да- қазақстандықтардың көкейкесті мақсат- мүдделерінің айнасы. Ол болмысы бөлек  беделді  егемен мемлекет ретінде осы заманғы өркениетті елдер көшінен ойып орын алып, болашаққа батыл қадамдар жасау ниетін паш етеді.

Жұлдыздың бес бұрышы болса- бес құрлыққа бірдей айқара ашықтықтың, барлық әлем мемлекеттері мен халықтары тарапынан ізгі ниетті, өзара пайдалы қарым –қатынастың қай- қайсысына да әрдайым әзір екендігінің белгісі.

2-мұғалім:Қазақстан  Республикасы мемлекеттік елтаңбасының авторлары- Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов

Елтаңбасы елімнің

Неткен қымбат, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

                                              Құт, береке- шаңырақ,

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

                                                                                         Тәуелсіздік жолында

   Талай-талай тер тамған

                                                                               Билігім өз қолымда;

                                                                                   Еркіндігім – Елтаңбам

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады!

1-бастаушы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұран сөзін жазғандар- Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденов, ал музыкасын жазған- Шәмші Қалдаяқов

Жыр айтқан балалардан айналамын,

Елім деп еміренсе жанданамын

Жүректер «Қазақстан»деп күнде соқса,

Марқаямын, мақтанам, қуанамын!

2-мұғалім: