13-жас алғашқы мүше

68

13-жас алғашқы мүше

   Мақсаты;

— Қазақ халқының салт-дәстүрі – ұлттық мәдениетін өзіне қатысты рәсімдермен байланыстыра дәріптеуге үйрету.

— ұлтық дүниетаным қалыптастыратынөзін тануға ықпал етер мерекелердің мазмұнын ұғындыру.

 

Көрнекілік;

Нақыл сөздер, зал іші мерекеге сай безендіру.

 

  Барысы;

1-оқушы

Той, той, той! (күй ойнап тұрады)

Ананың құрсағынан басталатын,

Ең бірінші қуаныш басталатын,

Той – «құрсақ той», той!

Анадан шыр етіп туылған күн,

Кінедігі жібек жіппен буылған күн,

Той – туған күн, той!

Рәсім – «кіндік кесу» жарасты ғой,

Жас нәресте бөленсе бесікке –той!

Той – «бесік той», той!

40 күнде қырық рет түлеткенде,

40 қасық сумен тәнді нұр еткенде,

Той – « қырқынан шығару», той!

Алғашқы қадам басып, қаз тұрғанда,

«Тұсау кесу» айналар той  — думанға,

Той  — тұсау кесер , той!

Мұсылман ата- ананың міндет тойы,

Одан кейін жасалар сүндет тойы,

Той –«сүндет той», той!

Оқушы атанатын мектеп барып,

Қуантқан ата-анасын әріп танып.

Тауысып «әліппені»жүрдек оқыр,

Сол күні «тілашардың» болатыны анық.

Той – «тілашар» да той!

Өмірдің бір белесін болдырған шақ,

Санасын нұрлы ақылмен толтырған шақ,

«13- те – отауға ие» деген қазақ,

Балиғатқа бас болдырған шақ …

Бүгін міне «Мүшел той» — үлкен той!

Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия

Сынып жетекшісі

2-оқушы

Құрметті ата-аналар, ұстаздар қонақтар және оқушылар! Бүгінгі болғалы отырған 6- сынып оқушыларының «13-жас – алғашқы мүшел» атты тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер (Күй ойналады)

 

Адамзат туған анадан,

Ақылы іске жараған.

Адамның жасын атаулы,

Мүшелге бөліп балаған.

Көркейер көңіл батадан,

Үлгі алып өссен атадан.

Он үшке толсаң, қазақта,

Бір мүшел жас деп атаған.

Өнеге қалса данадан,

Өсиетті елге тараған.

Бір мүшел жасты халқымыз,

Есейген шақ деп санаған

Сөнбесе сенім санадан.

Ынтымақ кетпес арадан.

Кешегі күндер үлгісі,

Аңыз бен жырмен тараған.

Мүшел жас иелерін ортаға шақырамыз.

 

3-оқушы

Бүгінгі мүшел тойда балалардың қадамы құтты, мәртедесі биік болып, үлкен белестерден көріне берсе екен деп тілеп отырған абзал аналар қанша?!

 

Емес пе той халықтың қазынасы?

Бабаның демеу болсын ақ батасы.

Қастерлемей, кім ата аслтын тастар,

Ақ тілекпен ақ әже шашу шашар.

(Әже шашу шашар)

 

4-оқушы

Балалар барлықтарының 13 жасқа келдіндер. Бұрынғы ата — бабамыз  «13 жас – отау иесі» деп бекер айтпаса керек.

Енді сендерге ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан аңыз — әңгіменің бірін айтып берейін.

«Абылай хан бірде қалмақ ханы Қонтайшыға елші жіберіп , соларға атқосшы етіп 13 -14  жасар Қазыбекті аттандырады.қазақ елшілерін қабылдаған қалмақ ханы оларға сөзден дес бермей қояды. Қазақ елшілері

 

Ш.Уәлиханов атындағы №10орта мектеп-гимназия

Сынып жетекшісі

тығырыққа тіреліп тұрғанда, есік жақта атқосшы бала Қазыбек орнынан атып тұрып, Қонтайшыға;

-Біз қазақ деген мал бақан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құрт- береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елиіз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз.

…Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз, -деп әйгілі қаз дауысты Қазыбек би бабалардың сендердей кезінде алмастай өткір сөзбен төпелей келіп, қалмақ ханын састырып, дұшпанын қазақтын алдына жығып беріпті»

Балалар ,сендер де Қазыбек би аталарындай сөзге шешен, батыл ел басқаратын азамат болындар.

Қадір тұтып сүйікті мамандығын,

Тілеп жүрген кім-кімнің амандығын.

Пейілін дәлелдейді ісіменен,

Гипократ заңына адалдығын,

Қиналғанда қасынан табылатын.

Аяулы да ардақты асыл атың.

Еңбегін есептеу де мүмкін емес,

Жүз пайыздан арыға асыратын,- дейміз де , ана мен баланың денсаулығын күтуді міндетім деп білген ауыл дәрігері, жанашыр да қамқор, аяулы анамыздай болған апаға сөз береміз.

Б. Тәжібаевтің әні «Туған жер».

 

5-оқушы

Барын бағалай білуді басқа жұрт бізден үйренсін. Тоғыз ай , он күн көтерген анасынан шыр етік дүниеге келген сәбиін аялы алақанымен қабылдап алған, алғашқы адами мейірім мен жылу берген, кіндігін кесіп, жұрттан жағалай сүйінші сұраған «кіндік шешені» аса дәрептейді қазақ.

Өмірде алғаш үн қатып ,

Досымыз туған күн бүгін.

Сәулесін шашып бір бақыт,

Сақи қол кескен кіндігін.

Қабыл боп берген батаңыз ,

Балаңыз жұрттан дар ын.

Кіндік шеше – апамыз

Күлімдеп тағы сөз алсын. Кіндік кескен баласының ер жеткеніне көңілі толып отырған апаға сөз кезегін ұсынсақ.

М.Омаровтың әні «Анашым»

 

 

Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп- гимназия

сынып жетекшісі

6-оқушы

Мүшел жасын тойлап отырған бүгінгі балғын жастын әр қайсында алғаш қадамына сәттілік тілеп, «күрмеуін шешкен – тұсауын кескен» жанашыр жақын жандар бар.

Қолынан ұстап жүргізіп,

Құласа демеп тұрғызып,

Тәй-тәй басқан сәбидің ,

Тұсауын кескен бір қызық,

Қуаныш кернеп жүрегін,

Тәй басқан күні бұл оның

Тұсауын кескен әжесі мен жеңгесі

Айтқалы отыр тілегін

«Тұсар кесер» рәсімдегі тілегі қабыл болған жандардың тілегін тағы бір тындасақ.

М. Арынбаевтің әні «батыр болар мекенсің»

 

7-оқушы

Түн ұйқысын төрт бөліп, жылаған сәбиін әлдиімен жұбатқан қадірлі ананың «жарығым» , «күнім» деген жүрек жарды жылы лебізі әркінің – ақ көңілін жылытары даусыз.

Дамылдап өзендер де,

Күн батып, күн шығады.

Мен үшін көзінді ілмей,

Анашым, жүрсің бе әлі?

Жайнаған балғын гүлінмен,

Жан анам – жасыл бағым.

Өзіңмен жаным бірге.

Мәңгілік қасындамын.

 

8-оқушы

Мектеп –тәлім –тәрбие ордасы. Балаға мектепте білім иен тәрбиенің негізін қалайтын алғашқы ұстаздың орны ерекше екенің мойындауымыз керек.

Басында әліппеден,

Таныстым әріптнриен.

Бұзбастан сол жолынды,

Биікке алып келем.

Өзіңді білгелі біз

«Шәкіртім» деп келесіз,

Ұстазыи, қуаныңыз,

Жайнайды еккеніңіз.

(Алғашқы ұстаздың тілегін тыңдау)

 

Ш.Уәлиханов атындағы  №10 орта мектеп-гимназия

Сынып жетекшісі

9-оқушы

Ана-ансын өмірінің әрбір сәтін той еткен , игі жақсылардың тілегі мен, батасына молықтырған,бүгін міне тәтті үмітпен есейіп, жақсы ойларға кенеліп отырған сыныбымыздың ақылдылары мен өнерпаздарына, мықтыларына кезек берсек.

(Оқушылардың білімдерін тексеру үшін сұрақтар қойылады)

 

10-оқушы

«Әріп тандау» Қалаған әріпін тандап алады. Сол бойынша жауап береді.

— Сенің атын кім?

— Фамилияң кім?

— Қайдан келдің?

— Қайда барасын?

— Немен барасын?

— Онда не өседі?

— Тағы не?

— Сені кім қарсы алады?

— Оған силыққа не әпердің?

 

Ата-анамен ойын «ТҰЛҒАНЫ ТАНЫ»

  1. Мен тірімін бе?
  2. Неше мүшел жасын бар?
  3. Әйел әлде еркекпін бе?
  4. Мамандығым қандай?
  5. Менде қандай ерекше қасиет бар?

(Өнерпаздар өнеріне ұласады)