Ақша уақыт тынысы

229

Күні: 17.10.2013 ж

 

Сабақтың тақырыбы: Ақша уақыт тынысы.

Сабақтың мақсаты:  Ақшаның өмірдегі алатын орны, оны тиімді жұмсауды меңгеру.


  1. Білімділік:

Оқушыларды еңбек және экономикалық тәрбие бағытында экономикалық білім алуға, ізденуге, ақшаны қалай жарату , қалай көбейту, қалай үнемдеу керектігі жөнінде толық жүйелі түрде білім дағдыларын үйлестіру, біліктіліктерін арттыру.

  1. Дамытушылық:

    Оқушылардың сөз байлығын, экономикалық ой-өрісін, өзіндік көзқарасын қалыптастыру.

 

  1. Тәрбиелік:

 Оқушыларды Отанын сүюге , еңбектене білуге, өзгенің еңбегін қадірлей білуге, ақшаны тиімді жаратуға, үнемшілдікке, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі:                Дөңгелек үстел

 

Көрнекілігі:                      Интерактивті тақта,  нақыл сөз плакаты ,  ақшаның    суреттері, брашуралар.

 


Сабақ барысы

 

Мұғалімнің сөзі:   Қош келдіңіздер құрметті қонақтар, оқушылар! Ақшаңызды қалай жарату керек, оны қалай көбейту керек, қалай үнемдеу керектігін білгіңіз келсе біздің  « Ақша уақыт тынысы »  сабағымызға қатысыңыз !

 

Ассоциация әдісі:     Қажеттілікті қанағаттандыратын құрал?

 

  1. Оқушылар ақшаны жарату, үнемдеу жайында өз пікірлерін айтады.
  2. Ақшаны үнемдеу жайында e. gov сайты
  3. Ақшаны көбейту жайында « Халықтық IPO жинақ ақшаны қалай тиімді жұмсауға болады » бейнеролигі
  4. Ақшаны жұлдызнамаға қарап жаратайық!
  5. Ақшадан да қымбат 11 дүние

 

Ақша айырбас құралы. Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.

Ақша бес түрлі қызмет атқарады:

  • құн өлшемі,
  • айналыс құралы,
  • төлем құралы,
  • қор және қазына жинау құралы,
  • дүниежүзілік ақша.

Ақшаны e. gov.kz  электрондық Үкіметтің порталында ақшаны үнемдеудің жолдары көрсетіледі.

— Электрондық үкімет дегеніміз – бұл ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданумен мемлекеттік органдар, халық және бизнестік іс-қимыл жүйесі болып табылатын уақытты тиімді пайдалануға, кезекті қысқартуға үйде отырып-ақ бір жола жұмысыңды бітіріп, кабинеттік стильді жойып, жемқорлыққа жол бермеуге арналған үлкен жоба. Бұл жоба елімізде тиімді жүзеге асып жатыр.

 

Қонақтарға қойылатын сұрақтар?

  1. Ақшаңызды қайда жинап жатырсыздар?
  2. Ақшаңызды қалай көбейтіп жатырсыздар?

Ақшаны көбейтудің тиімді жолдары бейнероликте көрсетіледі. Ақшаны жұлдызнамаға қарап жаратайық! Оқушылар жұлдыз белгілерінің ақша жаратудағы ерекшеліктерін айтады.

Ақшадан да маңызды, 11 дүниені ұсынамыз…

Қарым-қатынас тәжірибесі

Әлдекімді ойлайсыз, оның сіз туралы ойы сіз үшін қымбат. Жасырмай-ақ қойыңыз. Сүйіңіз, іштегі сырды тарқатыңыз, өмірдің қызықты сәттерін бірге өткеріңіз. Ақырында мұның расымен де, қымбат екенін ұғасыз.

Даналық

Мәселенің шешімін білу – даналық емес. Даналық тынбай оқумен ғана келеді. Оқуды жалғастырыңыз.

Неке

Адамды шын жақының ретінде қабылдау өміріңізді өзгерте алады. Өзгені таныған сайын жақсы адам болуға деген ынта пайда болады.

Достық

Ақшамен сатып алған достың дос еместігін ұғу керек. Ол жалданбалы адам. Қуанышты да, қайғыны да бірге қарсы алу ең қиыны. Ең жақын дос – жар.

Денсаулық

Денсаулықты ақшаға сатып ала алмайсыз. Бірақ ақша арқылы денсаулықты құртпаудың жолдарын қарастыра аласыз.

Рухани байлық

Күрделі мәселеден қашудан гөрі оны қалай шешудің жолын қарастыратын адам рухани бай. Адамның миы тыныш болса, жаны да жайсаң болады.

Құштарлық

Адам белгілі бір әрекет-құбылыстан әсер алуы, құштарлығының оянуы өмірді түрлі-түсті түске бояйды.

Тілдесу

Көңілдегі көрікті ойды жеткізе білу және қабылдай алу ішкі әлемніңнің жай-күйі. Тілдесу мен жақын адамдардың болуының өзі бір бақыт.

Өзіңе-өзің тірек болу

Ақша келеді де кетеді. Ақшасыз-ақ гүлденіп, жан баға алу, төзімділік көрсету ерлікпен пара-пар.

Алғыс

Рақметті қалтаға сала алмайсыз. Десе де, оның адам көңіл-күйіне қаншалықты әсер ететінін ескерейік, тіпті өмірдің сәнін келтіретін құнды қасиеттердің бірі осы рақмет айта білу.

Қайырымдылықкөмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.

Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.

  • Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),
  • Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақгы көмек беруге үмтылу).

Қорытынды:  Ақша табу- батырлық

                          Оны сақтау ақылдылық

                          Ал, оны үнемдеп жұмсау — өнер,- деп неміс жазушысы Б. Авербах айтқандай ақшаны тиімді жұмсауды үйренсек, ақшамыз көп болса қайырымдылық жасауға асығайық. Қайырымдылық қайырлы іс!