Орманның пайдасы және оны қорғау

182

Сабақтың тақырыбы: Орманның пайдасы және оны қорғау.

Сабақтың мақсаты:

1.Орман еліміздің байлығы,оның жануарлар мен адамдар үшін пайдасы; табиғатты қорау үшін жасалатын шараларды меңгерту, маңыздылығын ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

1.Орманды қорғау, жіті бақылау, есте сақтау, логикалық ойлау сияқты қабілеттерін жетілдіру.

2.Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау, экологиялық тәрбие беру.

Базалық білім: Ормандардың таралуы, түрлері,орман ағаштары, бұталары олардың өсу жағдайлары, ормандағы тіршілік, орман-еліміздің табиғи, бағалы байлығы.

Тірек білім: Ағаштар, бұталар туралы бұрынғы алған білім мағлұматтары.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстан табиғаты» бейне сюжет, оқулық,плакаттар,маркерлер.

Сабактың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

«Миға шабуыл » стратегиясы.

— «Орман» деген сөзді естігенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

  1. Жаңа тақырыпты меңгеру.

1.Көрнекілікпен жұмыс.

«Жердің асыл қазыналары адамзаттың қорғауында» деген плакат ілінеді.

-Осы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Пікірталас өткізу.

2.«Ой толғау» стратегиясы.

— Орманның адам өміріндегі пайдасы қандай?

Оқушылар 1 топ болып жұмыс жасайды.Өз ойларын ортаға салып, кластер құрастырады.Құрастырған кластерлары бойынша түсініктеме береді.

3.Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді түсініп оқу.

 

 

4.Логикалық тапсырмалар.    

1.

Ағаш – бұл адам қолданатын табиғи ресурс. Ағашты адамдар не үшін қолданады? Оқушылар  өз ойларын ортаға салып екі түрлі мысал келтіреді.

 

 

2.Кестемен жұмыс

 

Сергіту сәті:

Бір, екі. Үш,

Бойға жинап күш

Азамат бол білімді

Қанат жайып ұш!

  1. Пікір талас. Оқушыларды екі топқа бөлу.

1-топ

-Адамның іс-әрекеті орманға қандай зиян келтіреді?

2-топ

  • Егер жер бетіндегі орман құрып кетсе, онда жер бетінде қандай өзгеріс болар еді?
  1. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді жалғастырып оқу.

-Қызыл кітап дегеніміз не?

-Қызыл кітап не үшін керек?

7.Өздіктерінен ізденушілік әдісі бойынша оқушылар қызыл кітапқа енгізілген ағаш түрлерімен таныстырады.

8.Сабақты қортындылау. Рефлексия.

-Табиғаттағы орман – тоғайлар  ненің әсерінен жойылады?

-Табиғатты қорғау үшін мемлекет тарапынан нелер құрылды?

-Адамдар табиғатты қорғауға қандай үлес қосады?

-Сен орманды сақтау үшін не жасай аласың?

9.Үйге тапсырма беру.

96 – 97 беттер мәтінді түсініп оқып келу.

10.Бағалау.