Адам болу арманым

119

Сабақтың тақырыбы: Адам болу арманым

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: адам қасиеттері туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: адамгершілік қсһасиеттерін дамыту, жағымды қарым қатынас жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты:  ізгілікті, мейірімді болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Ақыл шыңы – даналық.

Өсиет әңгіме

Ертеде бір ел билеген хан өзінің ұлын асқан шешен, тапқыр, сөзге жүйрік және ақылды еткісі келіп, өз уәзірлерімен ақылдасады. Сонда уәзірлері ханға «шешендік, тапқырлық, сөзге жүйріктік халықтың даналығы арқылы бойға дариды», дейді. Хан дүйім жұртты жиып алып, жар салады:

Кімде-кім балама халық даналығын тауып берсе, мен сол адамға байлығымның жартысын беремін, дейді. Сонда бір қария тұрып, былай дейді:

Даналықтың көзі де, кені де ел ішінде. Балаңыз ел ішін аралап шықса, халық әңгімесіне, айтқан сөздеріне құлақ түрсе, даналықты өзі-ақ табады,дейді.

Сол күннен бастап хан баласы ел аралап жүріп тапқыр, шешен, сөзге жүйрік болудың жолын тапқан екен. Әкесіне келіп: «Даналық халық ішінде деген рас, өйткені олар айтар көп ойын бір мақал жолымен ғана жеткізеді, жұмбақтап сөйлейді, арман-қиялдарын ертегілері арқылы береді. Сол айтылған ойларды, арман қиялдарды ұғыну, жұмбақтарды шешу ақылды, дана адамдардың ғана қолынан келеді. Сондықтан да, оларды халық даналығы деп атайды», деген екен.

Ақыл көркі – тіл,

Тілдің көркі – сөз.

Халық даналығы

Даналық сөздерді оқып, суреттерде берілген тақырыптарға сәйкес топтастырыңдар.

  1. Оқу білім бұлағы, білім – өмір шырағы.
  2. Адам деген – ардақты ат.
  3. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
  4. Адам арын ойлайды.
  5. Оқу инемен құдық қазғандай.
  6. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
  7. Адамның сұлулығы – шыншылдығында.

 

  Адам   Білім Еңбек

 

Халық даналығы: 

  • мақал-мәтелдер.
  • шешендік сөздер
  • аңыз әңгімелер
  • нақыл сөздер.

Халықтың даналығы –

Ақыл-ой қазынасы!

Түсінген саналыға

Тым терең мағынасы.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.