Менің атым- Қожа

71

Сабақтың тақырыбы:   Менің атым- Қожа

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды сыни тұрғыда ойланта отырып Қожа бейнесін ашу;

Сабақтың  міндеттері:

1.Білімділік: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасымен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгімедегі  түйінді ойды ашуға жағдай жасау; шығарма бойынша кейіпкерге мінездеме бере отырып, салыстыруға, олардың бейнесін аша білуге алған білімін қолдана білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Әр баланың сезіміне ерік бере отырып түрлі жағдаяттарды шешу арқылы шығармашылық қабілетін арттыру.

3.Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру; жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Оқушыларды өзінің және өзгенің бойындағы жағымды –жағымсыз жақтарын көре отырып, ажырата отырып, ұстаз еңбегін бағалап, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста бола білуге адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу

Сабақтың  түрі: шығармашылық  сабақ.

Сабақтың типі:  жаңа білімді игерту

Сабақтың формасы: топтық

Әдісі:,ой қозғау, талдау, іздену,шығармашылық  жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, бейнетаспа ( фильмінен үзінді), слайд , ассоциативті карта; таратпа материалдар;

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық  дайындық.

Түстерге  байланысты  топқа бөлу. Топ басшысы мен бағалаушыны сайлау.

1-топ «Қызыл түс», 2- топ  «Көк түс», 3 -топ «Сары  түс»,4 -топ «Жасыл  түс»

Жаңа  сабақ.Қызығушылықты ояту сатысы.

-Адамның өмір сүру кезеңі балалық  шақ, жастық шақ, кәрілік шақ кезеңдеріне бөлінеді. Балалық шақ адам өміріндегі қандай кезең?

Оқушылар ойы тыңдалады.

Кіріспе.

-Біз бүгінгі сабағымызда «Балалық шаққа саяхат» деп аталатын жаңа бөлімде балалар әдебиетінің негізін салған, балаларға арнап шығармалар жазған ақын-жазушылардың бірі Бердібек Соқпақбаевтың туындыларының бірі «Менің атым Қожа» атты шығармасымен танысасыңдар.

Слайд.

— Бердібек Соқпақбаев 1924 ж Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келген

-Бүгінгі сабақта жазушының «Менің атым Қожа» шығармасының 17-ші тарауымен танысасыңдар.Бұл тарауды шығарма авторы «Жан сезім құбылысының әр оқушының басында кездесуі ықтимал бір сәтті кезі сипатталады»деп атаған екен.

Зерттеу-ізденушілік.

Оқушылардың шығармашылық жұмысы.(Оқушыларға «Менің атым Қожа»  туралы мағлұмат жинап келу тапсырылған,оқушылар ақпараты тыңдалады)

ІV. Ой толғаныс

Көлемді шығарма болғандықтан,үйден оқып келуге берілген.

Әр топқа тапсырма беріледі.СТО стратегиясы.

Бұл бөлім мына жерден басталады.

(Қожаны әжесінің оятуы.Фильмнен үзінді)

1-топ тапсырмасы . Оқиғалар тізбегі.
(Тапсырманың  шарты: шатасқан оқиғаларды рет-ретімен қою)

2-топ тапсырмасы .Мәтіндерді бөлімдерге бөліп ат қой.

3-топ тапсырмасы . Әңгімеден Қожаның ішкі ойын тауып оқы. Сабаққа дайындалмай келгеніне Қожаның қатты өкінгенін неден байқауға болады?

4-топ тапсырмасы.  Мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме бер.

Әр топтың оқушылары тапсырмаларын қорғайды.

Кері байланыс Өздеріңде осындай Қожаның басында болған сәттер кездесті ме?

Сергіту сәті. Ерболат «Менің атым Қожа» әніне.

Бекіту сұрақтары. «Бұл қай сәт?»

1.топ тапсырмасы:Қожа сабақты қалай оқыды ?

1-ші бейнетаспадан үзінді.Қожа сабақты қалай оқығаны туралы бейнетаспадан үзінді көрсету.

2.топ Тапсырма: Қожа нені армандады деп ойлайсыңдар?

2-ші бейнетаспадан үзінді.  Қожаның арманы.

3 топ  Тапсырма : Тәртіпті оқушы болу үшін Қожа не істеуі керек?

3-ші бейнетаспадан үзінді. Қожа өзін-өзі айна алдында тәрбиелеуі.

4топ  Қожа ұстаздардың сенімдерін ақтады ма?

4-ші бейнетаспадан үзінді. Қожаның өзіне уәде беруі.

 Топ басшыларына тапсырмалар беріледі.

«Тапқыр Қожа» , «Сыншыл Қожа», «Тентек Қожа», «Ақылды  Қожа»

Топ басшылары өз Қожаларын қалай қорғайды екен?

-Балалар, сендерді топқа бөлгенде  төрт түрлі түске бөлдім.Адамның  жасын, мәдениет деңгейін, білімін, ерекшеліктерін, мінезін  жиі қолданатын түске қарап–ақ байқауға болады  екен.

Мысалы қызыл түс нені білдіреді?

Қызыл түс  күрескер, батыл адамдар                                              

Жасыл түс –«Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді.

 Көк  түс- өкпелегіш, сары уайымға салынғыш адамдар.

Сары түс- Өзгерісті жиі қалап тұрады, тұрақсыздық тән.

«Қожа қандай бала?»

-Әр топ алдарында жатқан  түстерге Қожа бойындағы мінезін жазады.

«Ой тастау» — Қазіргі кезде Қожа сияқты балалар бар ма?

Қорытынды: Бердібек Соқпақбаев   «Менің атым Қожа» туралы  «Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа – есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой…» деген екен.

Өмірде сендер де адаспай өз жолдарыңды таба білулеріңе тілектеспін!

Үйге тапсырма «Менің қиялымдағы Қожа қандай болу керек»

Ой толғау жазып келу.

Бағалау. Топ бағалаушысы бағалайды.