Пирамида

91
Күні: 10.10.2013 Сыныбы: 11 Пәні: геометрия
Сабақтың тақырыбы: Пирамида
Сілтеме Күнтізбелік жоспар, геометрия оқулығы В.Гусев, Ж.Қайдасов, нұсқаулық
Жалпы мақсаты: Пирамида ұғымымен таныстыра отырып, оның элементтері жайлы түсінік қалыптастыру.
Түйінді  идея: Пирамиданың элементтерін анықтауды үйрену
Оқыту нәтижесі: ·         Пирамида ұғымы жайлы түсінік қалыптастырады және оның элементтерін анықтауды үйренеді;

·         Пирамиданы бейнелеуді  үйренеді;

·         Сызбалары, берілгендері  бойынша пирамидалардың түрлерін ажырата білуге үйренеді;

·         Пирамиданың толық бетінің  формуласын қорытып шығарады.

Ақпарат көздері: Оқулықтар, электронды оқулық, АКТ, үлестірме қағаздар
Іс-әрекет түрлері: 1. Топқа бөлу

2. Жұптық жұмыс.

3. «Жуан, жіңішке сұрақтар» стратегиясы

4. «Миға шабуыл» стратегиясы.

5. «Табыс ағашы» тәсілі.

6. Ақпараттық постер әзірлеу.

7. Мағынаны тану.

 

8.АКТ көмегімен жаңа тақырыпты түсінгендерін толықтыру.

9.  Есептер шығару.

10. «Нақты жауап» айдары

11. Рефлексия:

·         Топты бағалау;

·         Жұпты бағалау;

·         Өз-өзін бағалау.

 

Мұғалімнің сабақ туралы жазбалары

тапсырма 45 минутқа арналған

Сабақ кезеңдері Оқытуда қолданылатын модульдер Мұғалім іс-әрекеті Уақыт

(минут)

Оқушы іс-әрекеті
1. Білу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жас ерекшеліктеріне сай оқыту;

 

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

 

 

 

Сыни тұрғыдан ойлау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог)

 

 

 

Сыни тұрғыдан ойлау;

 

 

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

 

 

АКТ

 

Топқа бөлу. Шеңбер бойымен тұрған оқушыларға парақшаларды  таратып  береді. Топқа бөліну тәсілін  анықтауды оқушыларға тапсырады. Оқушылардың шағын топтарға бөлінуін бақылайды, қажет болған жағдайда бағыт-бағдар береді.

 

Топтағы ролдерді, міндеттерді бөлуді ескертеді.

 

«Жуан,  жіңішке сұрақтар» стратегиясы.

·         Өткен сабақта қандай тақырыпты қарастырып едік. Кәне кім есіме салады екен?

·         Тікбұрышты праллелепипед дегеніміз не?

·         Тік призма деп қандай фигураны атаймыз?

·         Тік призманың элементтерін атаңдар.

·         Куб деп нені айтады?

·         Кубтың толық бетінің ауданын қалай табуға болады?

 

Жұптық жұмыс

Мұғалім оқушыларға үйге берілген есептерді  жұпта тексеруді тапсырады. Жіберілген қателіктерді түзету жолдарын бірлесіп қарастыруды тапсырады.

 

«Миға шабуыл» стратегиясы.

Мұғалім:

·         Балалар бәрің экранға назар аударыңдаршы.

·         Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

·         Сурет жайлы не айтуға болады?

·         Мұндай суреттерді бұрынырақ көрген ба едіңдер?

·         Бұл суреттер бойынша сендерде қандай ассоциация  пайда болды?

·         Қай мемлекет?

·         Египетте қандай  кереметтер бар?

·         Ол керемет біздің  геометрия  пәнімен байланысты ма?

·         Олай болса біздің сабағымыз не жайында болмақ?

·         Пирамида жайлы не білгілерің келеді?

Осы сұрақтар төңірегінде оқушылардың жауаптарын тұжырымдай келе сабақтың тақырыбын нақтылап, мақсатын тұжырымдатады.

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

2

Оқушылар таратпадағы формулаларға қарай топқа бөлінеді: аудан, көлем, периметр.

 

 

 

 

 

Оқушылар топтағы рөлдерді өзара бөліседі.

 

 

Оқушылар сұраққа жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар жұптарының есептерін тексереді де бақылау парағына баға қояды.

Жұптағы тексеру аяқталғаннан кейін, тақтадағы дұрыс жауаптармен салыстырады.

 

 

Оқушылар интерактивті тақтада көрсетілген фотосуреттерге қарай отырып, олармен өздерінде қандай ассоциация туындағанын айтады. Сабақтың тақырыбын анықтап,  мақсатын қояды.

2.Түсіну

 

 

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

 

 

 

Сыни тұрғыдан ойлау;

 

 

 

 

 

 

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог);

АКТ

 

«Табыс  ағашы» тәсілі

Оқушыларға тақтада тұрған ағаш суретінің тектен тек тұрмағанын, оның қандай мақсатта қолданылатынын түсіндіреді де оқушыларға стикерлер таратып береді.

 

 

Ақпараттық постер әзірлеу.

Пирамидаларға байланысты  суреттер топтамасын әр топқа таратып береді. Топтарға суреттерді қолдана отырып, ақпараттық постер әзірлеуді тапсырады.

 

 

 

Мағынаны тану. Пирамида дегеніміз не? Пирамиданың  қандай элементтері бар? Олар қалай аталады? Осы сұрақтарды оқушыларға қояды. Оқушылардың жауаптарын толықтыра отырып, жаңа сабақ бойынша қосымша мағлұмат береді.

 

2

 

 

 

 

 

 

10

 

 

 

 

 

 

 

5

Оқушылар стикерлерге жаңа тақырып бойынша  «Менің сабақтан күтетінім….»  деп өз ойларын  жазады да оны ағаштың төменгі жағына жапсырып қояды.

 

 

 

Оқушылар берілген суреттер топтамасын қолдана отырып, топта талқылау жүргізеді, постер әзірлейді. Баяндамашылар постерді қорғайды.

 

Талдау, бағалау жүргізу.

Топтар бір-бірін 5 критерий әзірлеп, сол бойынша бағалайды.

 

Оқушылар пирамида және оның элементтері жайлы қосымша мағлұмат алады.

3.Қолдану

 

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог);

 

АКТ

 

 

 Есептер шығару. №9-11 есептерді шығаруды тапсырады

 

 

 

7

Тақырып  бойынша оқулықтан топтық тапсырма алады. Бірлесе отырып, есептерді шешеді.

1- топ: №9

2- топ:  №10

3-топ: №11

Тақтаға жаза отырып, басқа топтарды жұмыстарымен таныстырады, есептің шығарылу жолын түсіндіре отырып, дәлелдейді.

4.Талдау

 

 

Сыни тұрғыдан ойлау

«Элементін анықта» тапсырмасы.

Магниттелген шариктер мен қабырғалардан шағын топтарға үшбұрышты, төртбұрышты, бесбұрышты, алтыбұрышты пирамидалар  құрастырту. Пирамидалар неліктен үшбұрышты, төртбұрышты және т.б. деп аталады?

 

3

 

Оқушылар пирамиданың моделін құрастырады да сол бойынша элементтерін анықтайды, өз пікірлерімен басқа топтармен бөліседі.

5.Жинақтау

 

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 «Нақты жауап» айдары. Оқушыларға пирамида жөнінде түйінді идея айтуды тапсырады. (бір-бір сөйлемнен айту)

 

 

3

Оқушылар пирамида тақырыбы бойынша не білді соны бір-бір сөйлеммен айтып, білімдерін жинақтайды.
6.Бағалау

 

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Сыни тұрғыдан ойлау

 

 

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Топтық бағалау

Топ төрағаларына сөз береді. Топ төрағаларының бағаларын тыңдайды, саралайды, соған сүйене отырып, оқушылардың сабақтағы қызметін бағалайды.

·         Өз-өзін бағалау;

·         Жұпты бағалау;

 

Рефлексия

Табыс  ағашында тұрған стикерлеріңді алып, толықтырып, қайта жапсыруларыңа болады.

 

3

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

Топ төрағалары бағалау парақшасы бойынша  топ мүшелерін критериалды бағалайды.

 

 

Оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Бағалау парақшасының көмегімен жұптарын бағалайды.

 

Сабақ аяқталғаннан кейін  күткен нәтижеге жетті ме? Соны жазып, толықтырып, стикерлерін ағаштың жоғары жағына қарай жапсырады.

Пайдаланылған құралдар: Тапсырма жазатын қағаздар,түрлі-түсті қарындаш, маркерлер, бағалау парақшалары, стикерлер
Нақты үйге тапсырма: №12, §4  оқу