Пифагор теоремасы

Сабақтың тақырыбы:  Пифагор теоремасы

Сабақтың мақсаты:

  1. Пифагор теоремасын қорытындылап,өз беттерімен есептер шығаруға  дағдыландыру
  2. Тақырыпты игеру арқылы өз ойын еркін жеткізе білуге, шығармашылықпен талдауға дағдыландыру
  3. Оқушы бойына адал достық,сыйластық қасиеттерін  дамыту

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Пән аралық байланыс:  әдебиет,тарих,математика,сызу,сурет.

Сабақ әдісі:  сұрақ-жауап,топтық,жеке, «екі шындық,бір өтірік», «таза тақта».

1.Ұйымдастыру  кезеңі. Оқушыларды сабаққа  дайындығын  бақылап,жақсы көңіл-күй  тілеу.

Сынып оқушыларын топқа бөлу. 3 топ бойынша.

Әр топ өз  атын қорғайды.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау

«Таза тақта»  әдісін пайдалану.Бөлінген  әр топ  тақтада есептер  жазады. Есеп шығарады. Талдайды.

3.«Екі шындық,бір өтірік»  әдісі.  Парақта берілген  есептердің қатесін не дұрысын тауып дәлелдейді. Оқушылар бірігіп  ойлайды.

 

 

4.«Барлық білім кітапта»  оқулықпен жұмыс жасау.

Тақтада әр топтан 1 оқушы шығып  есептер шығарады. Қалған топ мүшелері орындарында  жұмыс жасайды.

№150

3√2  см, 3√2  см  деп алып а және в  катеттері бойынша тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузаға түсірілген биіктігін табыңдар.

№ 155

Теңбүйірлі траперцияның табандары 11 дм және 23 дм,бүйір қабырғасы 10 дм. Трапецияның биіктігін табыңдар.

№ 158

Бүйір қабырғасы 10 см, ал табандары 4 см және  16 см-ге тең теңбүйірлі  трапецияның биіктігін табыңдар.

Сергіту сәті. Есте сақтау қабілетін тексеру

«Пифагор  теоремасы  біздің  өмірімізде»  шығармашылық есептер шығару

Әр топқа жеке  парақшалар  беріледі. Сол есеп бойынша  суретін салып, есептің шығарылу  жолын, формуласын  толық жаза білу  керек.

Негізгі шарт  есепті құрастырып,суретін салып тақтада қорғайды.

  1. Өмірдегі тік бұрышты үшбұрыш. Мұнда электор бағаны тірегі бар . Сонда бұл тік бұрышты үшбұрыш құрап тұр. Баған белгілі және тіреулі тұрған ағаштың да ұзындығы белгілі. Ендеше Осы бағандардың жердегі арақашықтығын табыңдар.

Баған ұзындығы         6м

Тіреуіштің ұзындығы    10м

2.Өзеннің жағасында жалғыз терек өсіп тұр. Кенеттен жел тұрып, терек сынып түсіп, теректің төбесі  өзеннің екінші жағасына түсті. Көрсетілген  өлшемдері бойынша теректің  жоғарғы сынған бөлігінің  ұзындығын  тап.   Теректің сынған  кішкене бөлігі  8 м, ал теректің сумен қашықтығы  15м.

 

 

  

 

  1. Үй және өрттен құтқару баспалдағы берілген. Үйден қандай қашықтыққа баспалдақты терезенің жақтауына дейін итергенде, ол жерден қандай қашықтықта болады?
    Баспалдақ  ұзындығы 17 м, ол жер бетінен биіктігі  15 м.

 

  1. Үй тапсырмасы Геометрия  оқулығы  бойынша  № 160 49 бетте    есепті  беріп, шығарылу  жолын түсіндіру
  2. Бағалау. Мұғалім өзі топтарды бағалап, бағасын  оқушыларға  айтып, оқушылар өздерін  өздері  бағалайды
Топ

 

 

«Топтастыру»  стратегиясы

Топ аттарын қорғау

«Таза тақта»«Екі шындық,

бір өтірік»

«Барлық білім кітапта»

Жас Пифагор

шылар жарысы

«Пифагор  теоремасы  біздің өмірімізде»Барлық баға са
  1. Қорытынды. Рефлексия. Стикерлер  арқыл