Дауыссыз л мен р

1455

Тақырыбы: Дауыссыз л мен р

Мақсаты:1. Оқушылардың л мен р дыбысы бойынша алған білімдерін жинақтау.

  1. Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  2. Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.

Көрнекілігі: үлестірмелер, суреттер.

Түрі: жаңа сабақ.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Оқушылармен амандасу.
  3. Оқушыларды түгендеу.
  4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру:121- жаттығу

 

  1. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырып, мақсатын хабарлау.

 

  1. Жаңа сабақ.Күн ретін жазу.

Көркем жазу:Гг   Гг  Гг    Гүл

Үнді дауыссыздар л,м,н,ң,р,й (у).

Оқулықпен жұмыс.

124- жаттығу. Сөздерді көшіріп жазу. Мағынасын түсіндір.

Іле, ілгіш, ілгек, ідгері, ілесу, ылди, ылғал, ырыс, ірімшік, ірі, ылғи.

119, 121-жаттығулардағы сөздермен салыстырып. Жазылу өзгешеліктерін есте ұста.

 

125-жаттығу. Суреттегі сөздердің ішінен бір әріпін өзгерту арқылы л әріопінен басталатын сөздер жаса.

Бақ – лақ, бас – лас, жайық – лайық, тайым – лайым, кезде – лезде, жағыл – лағыл, жақтыру – лақтыру, тай – лай.

 

127- жаттығу. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.

 

Ырыс – 4 әріп, 4 дыбыс

ы (2) – дауысты, жуан

р – дауыссыз, үнді

с – дауыссыз, қатаң

 

Іле – 3 әріп, 3 дыбыс

і – дауысты, жіңішке

л – дауыссыз, үнді

е – дауысты, жіңішке

Ірге – 4 әріп, 4 дыбыс

і — дауысты, жіңішке

р – дауыссыз, үнді

г – дауыссыз, ұяң

е – дауысты, жіңішке

 

Раушан – 6 әріп, 6 дыбыс

р – дауыссыз, үнді

а —  дауысты, жуан

у — дауыссыз, үнді

ш – дауыссыз, қатаң

а —  дауысты, жуан

н — дауыссыз, үнді

 

Лашын – 5 әріп, 5 дыбыс

л – дауыссыз, үнді

а —  дауысты, жуан

ш – дауыссыз, қатаң

ы  – дауысты, жуан

н — дауыссыз, үнді

 

 

 

  1. Бекіту. Суретпен жұмыс.

128- жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау.

 

  1. Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуларына, қойылған сұрақтарға жауап берулеріне байланысты тиісті бағалармен бағалау.

 

  1. Үйге тапсырма. 126 – жаттығу.

Ілгері, ілесу, ылди, ылғал сөздерін қатыстырып сөйлем құрау.