Үш бақытым Мұқағали Мақатаев

264

3- сынып

Қостанай қаласы № 9 орта мектеп

Досанова Гульмира Нугумановна

Тақырыбы: Үш бақытым  Мұқағали Мақатаев

Мақсаты:  Мұқағали Мақатаев жайлы айта келіп, өлеңді мәнерлеп оқуға, салыстыра білуге үйрету; есте сақтау,ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру; өзінің ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу.

Көрнекілігі: суреттер топтамасы. флипчарт

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Барлығы:   Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:  Әр топтан тізбектетіп оқыту.

Ақын тәуелсіз елдің балалары қандай болуы керек дейді? Нелерден аулақ бол дейді?

Қызығушылықтарын ояту. Сыныпты топқа бөлу.

Ой шақыру:

Жаңа сабақты бастамас бұрын сендер бақыт деген не екенін қалай түсінесіндер?  3- топқа тапсырма

Бақыт дегенде ойларыңа не келеді соның бәрін сурет бетіне түсіріңдер.

Бүгінгі сабағымызда М.Мақатаевтың Үш бақытым атты өлеңімен танысамыз.

Автор жайлы оқушылар айтып өтеді.

Халықтың салт-дәстүрі мен тұрмыс тіршілігін, қазақы ауыл тірлігін сезімталдықпен жырлаған ақынның бірі – Мұқағали Мақатаев.

  • топ өмірі
  • -топ шығармашылығы
  • 2 сыныпта өткен бір өлеңін оқу.

«Артық  білім кітапта»оқулықпен жұмыс.

Үш бақытым өлеңді мәнерлеп оқу.  (тыңдау.

Оқушылардың өздеріңе оқытып талдату.  (түртіп алу)

Видео көру.   (сергіту)

Ой толғаныс

А- Мен бақытты баламын   ұйқасын тап  өлең құрастыру.

В  — Халық,Отан, тіл  туралы мақал мәтел  жазу.

С-  Отан деген сөзге дыбыстық талдау.

 Өмір берсең бақытты қып бер

Арман ағашы

Мен бақытты  болу үшін не істеуім керек.   (жазып жапсыру.)

Қорытынды:  Сәби болғым келеді. Әнімен қорытындылау.Бағалау