Үш арыстың үлгілері

Сабақтың тақырыбы: Үш арыстың үлгілері

Сабақтың мақсаты: — Қазақтың бас билері туралы

білімдерін толықтырып, шешендік сөздердің

мағынасын түсінулеріне  мәнерлеп сөйлеуге үйрету.

 

— Түсініп оқу, мәнерлеп оқу  дағдыларын,    шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

— Сөз қадірін түсіне білуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Әйтеке би, Қазыбек би,Төле би суреттері.

 

Әдісі: түсіндіру, ізденушілік, баяндау.

 

Сабақтың түрі: жаңа білімді түсіндіру сабағы.

 

Техникалық жабдықтар: компьютер, проектор.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих,дүниетану.

 

Сабақ барысы

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

 

ІІ. Сабаққа мақсат қою.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

— Үйге қандай тапсырма берілді?

  1. Өтірік өлеңді жатқа айту.
  2. Сурет бойынша өтірік өлең құрастыру.(Шығармашылық тапсырма)

— Қане, кім айтады?

4-6 оқушы өтірік өлеңді жатқа оқиды.

— Балалар, өтірік өлең қандай шығарма түріне жатады?

 

ІV. Тірек білім.

— Қандай халық шығармаларын білеміз?

 

 

 

 

 

-Енді балалар бүгінгі өтетін сабағымызды өздерің айтасыңдар.

-Музыка ойнап тұрады. (үш оқушы кіреді)

— Қойылым көрсетіледі.

-Қане балалар осы сәт туралы не айтамыз?

 

Шешендік сөздер – терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармасы. Ол тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі болып табылады.

Аумалы-төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, жағдайын жайлаған шешендері, білімпаз билері, әр елдің, әр ауылдың өз тыңдар ақсақалы болған. Мұндай халық өкілі қазақтан басқа халықта болмаған. Олар қазіргі соттың, прокурордың, әкімнің қызметін бір өзі атқарған. Демек би-шешендер тек қана қазақ халқына тән құбылыс.

 

—   Оқушыларға іштен оқыту.

— Бейне сюжеттен тыңдап көру.

—  Рольге бөліп оқыту

— Сөздік жұмыс;

 

— Төле би не  ТУРАЛЫ АЙТҚАН?

— ОСЫ шешендік сөзді Қазыбек би қалай жалғастырған екен?

— Сөздің кезегі енді кімге тиді?

— Әйтеке би не айтты?

 

Мінездеме:    Балалар, билердің суреттеріне зер салып қарайықшы. Билердің бейнесінен не байқалады? (байсалдылық,сабырлық,ақыл мен парасат, т.б.)

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

 

Аспанға қарап ай көрдік

Төменге қарап жер көрдік

Оңға ,солға бұрылып

Егеменді ел болдық

 

Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қоямыз

Қарашаның жиырма тоғызы

Сынып жұмысы

Үш арыстың үлгілері

Шешендік сөздер – терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармасы.

 

 

 Қорытынды.

 

Сол билер бастаған бірліктің, ынтымақтың жалғасы, бейбіт дәуірде өмір сүріп отырмыз.  Шешен-билеріміз – ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіргенін  даналық сөздер иесі екендіктерін байқадық.

 

                            

Бағалау:

 

Үйге тапсырма: