Квадрат теңдеулер тарауын қайталау

44

Күні 04.02.2015 жыл          Алгебра 8 сынып                                   № 60

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулер тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:  

Білімділік: оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін тереңдету, жинақту, жүйелеу, бекіту.

Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой-өрістерін кеңейтуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.

Тәрбиелік: шапшаңдыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге, ұжым намысын қорғай білетін, шығармашылық қабілеті дамыған тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: меңгерген білімдерін практикада қолдануға бағытталған дәстүрлі емес

Сабақтың түрі: сайыс, қайталау сабағы

Әдіс-тәсілі: практикалық, топтық жұмыстар

Көрнекілік:  үлестірмелі парақтар, интербелсенді тақта (теледидар)

Сабақтың барысы:   

Ұйымдастыру бөлімі: 1. Сабақтың мақсат-міндеті түсіндіріледі.

Топқа бөлу. Жреби арқылы оқушылар екі топқа алдын-ала бөлінді. Тапсырмалар бойынша ұпайлар жинаймыз. Ең көп ұпай жинаған топ жеңімаз атанады.

  1. Ой қозғау. Үй жұмысы. Өтілген тарау бойынша теориялық сайыс. Сұрақ – жауап. Әр жауапқа 1 ұпай. Сұрақ кезектесіп беріледі.
  2. Қандай теңдеуді квадраттық теңдеу дейміз?
  3. Толымсыз квадраттық теңдеулер дегеніміз не?
  4. Келтірілген квадраттық теңдеу дегеніміз не?
  5. Теңдеудің түбірі дегеніміз не?
  6. Теңдеуді шешу дегеніміз не?
  7. а мен с қандай болғанда ах2 +с = 0 теңдеуінің шешімі бар болады?
  8. Квадраттық теңдеу түбірлерінің дискриминантын қалай табамыз?
  9. Квадраттық теңдеудің түбірлерінің санын қалай анықтаймыз?
  10. Квадраттық теңдеуде в=2к яғни жұп сан болса, түбірдің формуласын қалай жазамыз?
  11. Келтірілген квадраттық теңдеудің түбірінің формуласын қалай жазамыз?

 

 

 

 

 

 

  1. Ассоциациялау – топтастыру әдісі. Толық жауапқа 5 ұпай.

 

 

 

 

  1. «Білім көзі кітапта». Практикалық сайыс: есептер шығару. Әр дұрыс шығарылған есепке 1 ұпайдан беріледі.

Екі топқа тапсырмалар беріледі.

І топ                                              ІІ топ

  • Төмендегі теңдеуді ax2+bx+c=0 түріндегі теңдеуге келтіріп a, b, c — ның мәндерін анықтаңдар:

(x+4)2-6x2=x(x-7);                                            (x+5)(x-7)+20=(2x-1)2 .

  • Теңдеуді шешіңдер:

x2 -8x — 20=0                                                     x2 — 16x -105=0

  • Түбірлері х1 және х2 болатын квадрат теңдеуді құрыңдар:

x=2,5; x=-6.                                                       x=-1,2;     x=-0,5.

  • Рационал теңдеуді шешіңдер:

.

  • Теңдеуді жаңа айнымалы енгізу арқылы шығарыңдар:

(x2-1)2+2(x2-1)-80=0;                                  (x2+7x)2-2(x2+7x)-8=0

 

  • Бір сан екінші саннан 7-ге артық, Тікбұрышты үшбұрыштың

ал көбейтіндісі 198 тең.                                  бір катеті екіншісінен 1 см

Осы сандарды табыңдар.                                артық, ал гипотенузасы 5 см.

Катеттерін табыңдар.

 

 

  1. «Білгенге маржан». Өмірмен байланысты есеп: Қай топ дұрыс және бірінші боп шешімін табады сол топқа 5 ұпай, келесі топқа дұрыс шешімі болған жағдайда 4 ұпай беріледі.

Айдың басында әкеміз 67000 теңге жалақы алды. Осы ақшадан – 15000 тг коммуналдық төлемге төленді, -40000 тг банктен алынған несиесін төледі, жанұядағы үлкен ұлдың сыртқы киімін алуға-20000 тенге қажет болды. Айдың ортасында анамыз +50000 тенге жалақы алды. Балалардың мектептегі күнделікті тамағына -8000 тг, жанұяның тамағына -20000 тг, машинаның қысқы дөңгелегіне -20000 тг бөлінсе, жанұяға кірген бір айлық табыс жетеме?

Шешуі:  67000-15000-40000-20000+50000-8000-20000-20000=-6000.

  1. Бекіту. Семантикалық карта толтыру. Жалпы ұпай (5) болу керек. Бағалау: Қате жоқ – 5 ұ., 1-2 қате – 4 ұ., 3 — 4 қате — 3 ұ., 5 — 6 қате – 2 ұ.

 

Теңдеулер толық толымсыз келтірілген келтірілмеген биквадрат
1. х4 + 5х+3 = 0
2. 9х2 — 9 = 0
3. х2 – 4х = 0
4. –х2 + 5х +6 = 0
5. 5х + 3х2 -2 =0

 

Сабақты қорытындылау.

  1. Квадрат теңдеуді шешпес бұрын оның қандай түрге жататынын анықтау керек.
  2. Толық квадрат теңдеу болса, онда дискриминантына назар аудару.

D>0, теңдеудің екі түбірі болады

D=0, теңдеудің екі түбірі бірдей, яғни бір түбірі болады.

D<0  теңдеудің түбірі жоқ, яғни теңдеудің шешімі жоқ.

 

Үй жұмысы: Тарихи мәлімет – 77-78 бет, карточкадағы есептерді шығарып келу.

Теңдеуді графиктік тәсілмен шешіңдер:

1)    x2-4=0;               2) x2 — 6x — 5=0.

Бағалау