0 саны және цифры

185

Пән: математика

Сабақтың тақырыбы: «0 саны және цифры»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 0 санының мағынасын , пайда болуын, қатардағы орнымен таныстыру.

Дамытушылық: Теңдік , теңсіздік таңбаларын дұрыс пайдалана  білу іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың типі:дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі:презентация,таңбалар, цифрлар,суреттер,

Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,пікірталас,

Пән-аралық байланыс: ритмика

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

— Балалар, бәріміз қонақтармен амандасайық.

— Саламатсыздар ма.

Психологиялық дайындық

— Ал, енді балалар бір – бірімізге жылуымызды жіберейік.

— Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді.

Қайырлы күн!

Қайырлы таң!

Күліп шықты күн бүгін.

Бір — бірімізге күннің жылуын үрейік.

— Қане, отырамыз. Бүгінгі Сауат ашу сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген тапсырманы тексеру, сұрау

№1 дәптердегі өрнектердің шешуін тексеру.

1+1=2          1=1         2=2

1+0=1          2>1         0<1

Өткен сабақтан алған білімін тексеру

-2 санын қалай шығарып алдық. Саны неше бірліктен тұрады?  2>1    1<2   2=2  1=1

Мақсат қою

тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жаңа сабақ

а)   Түсіндіру. -2 дәптер бар еді 2 оқушыға бердік

Дәптер қалды ма? 2-2=0

3) 3 алманы 3 оқушыға бере салсақ, неше алма қалады? 2-2=0   3-3=0    1-1=0

Оқулықпен жұмыс:

1)1-1=0  2) 0+1=1   2+0=2

 

 

1-2 сурет бойынша 1+1, 2-1 жазуын түсіндіру.

3) 0санымен 1,2 санын салыстыру. Теңсіздіктерді дұрыс оқып үйрену.

2>0                  0=0                   0<1

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.(отыру)

Дәптермен жұмыс

№1 математика дәптерлерімізді ашамыз.23 бет

-1-ші суретке қажет санды сәйкестендіру.

-«0» цифрын ауада жазу

-0 цифрын бастырып жазу

-0 цифрымн байланысты өрнекер мен теңсіздіктерді шығарамыз

Қорытынды

Сандар қатарында 0 нешінші орында тұрады.?

Бүгін біз сендермен  <, >, = таңбаларын қандай жағдайда пайдаландық?

Қандай санмен таныстық?

Үй тапсырмасы

№2 математикадан қосымша дәптердегі тапсырма

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау