Қазақстан хан сайлауы

71

Тақырыбы: Қазақстан хан сайлауы

Мақсаты:

  1. Әңгіменің мазмұнын ашу, халықтың ұлттық дәстүрін оқушыға жеткізу.
  2. Оқушылардың ізденіс іс-әрекетін қалыптастыру, ойлау, қиялдау, елестету, сөздік қорларын дамыту.
  3. Ұлттық салт-дәстүрге құрметпен қарауға, адалдыққа, шыншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, семинар сабақ.

Типі: Аралас сабақ

Әдіс –тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаев суреттері, Хандардың суреттері, схемалар.

Сабақтың барысы:

I . Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушыларды түгендеу
  2. Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім.

Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың, мәңгі сені.

Балалығым бақытым! Қазақ тілім-дей  келе сабағымызды бастаймыз.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

М.Жұмабаевтің «Өткен күн»

  1. Мәнерлеп оқу

Ә)Сұрақ жауап

      III.Бекіту

1.Өлеңде қандай өзендердің аты аталған?

2.Халқымыздың қандай жақсы қасиеттері айтылған?

3.Өлеңдегі қазақ хандарының атын ата?

4.Тағы қандай батырлардың аты аталған?                                     IV.Мақсат қою кезеңі. «Ой шақыру»

Біздің елімізде қандай басқару жүйесі енгізілген?

Елімізді кім басқарады?

Президенттік басқару жүйесі?

Қазақстан Республикасының президенті кім?

Президент сайлауы неше жылда бір рет өткізіледі?

Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев қай жылы сайланды?

Үміткерлер президенттіке сайлау үшін өздерінің бағдарламаларымен халықты таныстырады.Халық өзіне ұнаған бағдарлама иесіне дауыс береді.

Дауыс беруге 18жасқа толған әрбір Қазақстан азаматы құқылы.

 

Президент
Парламент

 

 

Үкімет

 

 

Жергілікті басқару органдары

 

 

 

Халық

 

 

Сонымен халықты қазіргі таңда президент басқарса бұрынғы кезде

Хан
Уәзір
Би, болыс
Халық

 

 

 

 

 

 

 

Бүкіл тәжірибесі мен жеке басының қасиеттері.

1991 жылы 1 желтоқсанда өткен жалпы халықтық сайлауда тәуелсіздік алған жаңа мемлекеттің Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Қазақстан туы астында қолын еліміздің Конституциясына қойып тұрып Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев ант қабылдады. Халқымыздың дәстүрі бойынша ақ киіздің үстінде тұрған президентке ақын

Шакир Абелов бата беріп, шапан кигізді.

2005 жыл. Инагурация, президент анты жайлы түсіндіру.

  1. Сергіту жаттығу

Ана тілін сүйеміз

Ал бұрынғы хандық дәуірде  халықты «хан» басқарған. Қазақ халқының қандай хандарын білесіңдер?

Хақназар, Абылай, Есім, Әбілқайыр,

Сендерді ойларыңша «хан» қандай болуы керек?

«Топтастыру» стратегиясы.

  1. VI. Жаңа сабақ. М.Мағауинның «Қазақтың хан сайлауы».

М.Мағауинның өмірбаяны

Бүгінгі сабағымызды 5 топқа бөліп жұмыс жасаймыз.

  1. Оқушыларды топқа бөлу.
  2. Мәтінді толық оқып беру.
  3. Сөздік жұмысын жүргізу.
  4. Топтарға мәтінді бөліп беріу.
  5. Жоспар құрғызу.
  6. Сөздік жұмысы
  7. Әр топ өздеріне берілген мәтін бөліктері бойынша мазмұнын айтып, жоспар құрады.
  8. Хан сайлауына дайындық
  9. Болашақ ханның қасиетін сипаттау
  10. Хан сайлауы ортақ іс
  11. Ханға көрсетілген құрмет
  12. Хан сарқыты.

VII.Жаңа сабақты бекіту. Тест жұмысы

VIII. Қорытынды.

Бүгінгі сабақта не білдім? Не үйрендім? Еркін жазу жұмысын жүргіземіз.

Екі –үш сөйлеммен дәптерге жазыңдар.(Оны оқыту)

IX.Бағалау.

Үйге тапсырма. «Қазақтың хан сайлауы», оқу, мазмұндау.