Ұлы Отан соғысы

59

Сабақтың мақсаттары:

  1. Ұлы Отан соғысы, қиындықтары және ерлік көрсеткен батырлар туралы түсінік беру.
  2. Оқушыларды достыққа, бейбітшілікке, жауапкершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
  3. Оқушылардың бейбітшілік, бейбіт өмір туралы көзқарастарын, танымдық ерекшеліктерін, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: сызбалар, тірек сөздер, суреттер, нақыл сөздер, үнтаспа.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар өмірде кездесетін жағдаяттарға өз көзқарасын білдіріп, баға бере алу.
  2. Өзгенің пікірін тыңдап, санасу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың әдісі: СТО жобасы бойынша

Пәнаралық байланыс: дүниетану, орыс тілі, сурет,

Сабақтың барысы:

І    Қызығушылығын ояту

  • Психологиялық жаттығу: «Сендер білмейсіңдер…………»
  • Үй тапсырмасын сұрау: Ержүрек қыз
  • Топтастыру әдісі арқылы

І топ                                 ІІ топ                              ІІІ топ

 

 

 

 

ІІ  Мағынаны тану

Ой шақыру әдісі: Ұлы Отан соғысына қатысқан тағы басқа қазақ батырлары туралы не білесіңдер ?

ББҮ әдісі:

Білемін Білгім келеді Үйрендім
Мысалы: Жеңіске 65 жыл;

 

Мысалы:Қазақстандық батырлар саны

Мәтінмен жұмыс: Ж.Жұмақанов «Әлияның ерлігі»

  • Әлия Молдағұлованың өмірбаянымен таныстыру

Мұғалімнің сөзі:  (Р.Рымбаеваның орындауында «Әлия» әні тыңдалады)

Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова

Кеңес Одағының Батыры

Әлия Ақтөбе облысы Хобда ауданы Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15-ші маусымында дүниеге келген. Әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болды.  Нұрмұхаммед Сарқұловтың қолында екі баласы ұлы Бағдат және қызы Әлия қалды. Әкесі Әлияны нағашы әжесі Тәжікенге беруге мәжбүр болды. Әжесі қазіргі Құрайлы ауылында тұрған, немересін өте жақсы көрген, оған адамгершілікті, жақсылықты, еңбекқорлықты үйреткен. Әлия нағашысы Әубәкір Молдағұловтың үйінде, нағашысының қызы өзімен құрдас Сапурамен өсіп, есейді.

1933 жылы Молдағұловтар отбасы Шалқардан Жамбылға, ол кезде Әулиеата  деген кішкентай станцияға көшіп барды.Үйлері теміржол вокзалының жанында болды. Үйдің жанындағы теміржол мектебіне бірінші сыныбында оқыды.

1935 жылы нағашысы Әубәкір Әскери-көлік Академиясына оқуға түсіп, отбасымен Москваға көшті, ал соғыстың алдында Академиямен бірге Ленинградқа көшті. Ленинградта Смоленский ауданында Слуцкий көшесінде 2-ші үйде тұрды. Отбасы жағдайына байланысты нағашысы Әлияні Красногвардейский ауданындағы Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйіне тапсырды. Бұл балалар үйінің оқушылары қасында орналасқан Үлкен охта даңғылындағы № 9 мектебінде оқыды, қазір бұл № 140-шы мектеп. 1980 жылы Ленсоветтің атқару комитетінің шешімімен Гурдин көшесіне Әлия Молдағұлованың аты берілді.

Ұқсастық пен даралық әдісі: мәтінді бөлікке бөліп беру арқылы талдау:

( жеке, жұппен, топпен, жариялау)

— Тізбектеп оқу;

Сұрақ – жауап әдісі:

  1. Шабуылға неліктен таң ата шығады деп ойлайсың?
  2. Самайдан атып түсірді дегенді қалай түсінесің?
  3. Мәтін неліктен «Әлияның ерлігі» деп аталған?
  4. Мәтін саған қалай әсер етті?

Сергіту сәті: «Орамал тастамақ» ойыны арқылы ерлік, батырлық туралы мақал – мәтелдер айту.

ІІІ   Ой толғаныс

* Әр топқа тапсырмалар таратып беру:  Биопоэма,  сурет салу, Бес жолды өлең.

* Кері байланыс жасау:  Үйрендім кестесін толтыру;

  • Үй жұмысы: 1.«Әлия» туралы эссе немесе реферат жазып келу;
  1. Әлияға хат жазу.
  2. Мәтінді  мазмұндау;
  • Бағалау, мадақтау;
  • Алғыс білдіру