Жануаралар немен қоректенеді?

315

Сабақтың тақырыбы: Жануаралар немен қоректенеді?

Сабақтың мақсаты:

  1. Жануарлардың немен қоректенетіні туралы білім беру.
  2. Жануарлар түрлері, олардың тіршілігі туралы білімдерін дамыту.
  3. Жануарларға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.

Сабақтың типі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау.

Көрнекіліктері:  жануарлар суреттері, сызбалар.

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

А) жануарлар түрі:

  • Сүтқоректілер
  • Құстар
  • Жорғалаушылар
  • Балықтар
  • Қосмекенділер

 

 

Ә) Тобы:

 

 

 

Аңдар                       Үй   жануарлары

 

 

Б) Тіршілікке қажет жағдайлар:

 

 

 

      Ауа                  су              қорек               жарық             жылу

 

 

 

 

 

В) Қоректену сызбасы:

  1. Тиін————— Қарағай ,шыршаның  бүрі.
  2. Қанқыз———— ағаш, бұта жапырақтары.
  3. Құр————- Ағаш, бұта.
  4. Жұлдызқұрт————— Өсімдік бітесі.
  5. Ит———— ет.
  6. Тауық————бидай, жүгері дәндері.

ІІІ. Жаңа сабақ

А) жануарлар тобы

 

 

 

Аңдар                               үй жануарлары

 

Ә) Аңдар: аю, елік, түлкі,қасқыр, бұлан, бұғы, қоян,барыс т.б.

 

Б) Жыртқыштар: өз қорегін тірідей аулап жейтін жануарлар (қасқыр, түлкі, барыс т.с.с.Мысалмен түсіндіру)

 

В) Үй жануарлары. Адамның күтімінде болып, адамға пайда келтіретін жануарлар. (сиыр, қой, жылқы, түйе, ешкі, мысық)

 

IV.Оқулықпен жұмыс. Суреттер бойынша жануарлар сызбасын құрастыру.

  • Елік—өсімдік—топырақ
  • Қайшыауыз—-өсімдік—топырақ
  • Көкшегіртке——-өсімдік—-топырақ
  • Түлкі——құс—өсімдік—-топырақ
  • Қасқыр——бұлан——өсімдік—топырақ
  • Бүркіт—тышқан—дән—-топырақ
  • Кесіртке——-бунақдене——топырақ
  • Құс——-бунақөдене—өсімдік—-топырақ
  • Аю—— жидек——өсімдік

 

 

  1. Сергіту сәті: (қимылмен)

Қоян, қоян тұршы,

        Беті-қолын жушы.

       Айнаға қарашы,

       Шашыңды тарашы,

       Әйбәт көйлегің киші,

Енді бізді қушы. (жүгіреді)

 

  1. топпен жұмыс. Қорек-әр жануар үшін өте қажет жағдай. Қиықшалар арқылы жануарлардың қоректену сызбасын құру

.

VII. Бағалау.

 

VIII. Үйге тапсырма.

Жануарлар немен қоректенеді? Мәтінді оқу, мазмұндау.

Үй жануарларының қоректену сызбасын құрып әкелу.