Әдептілік – адамгершілік әліппесі

342

Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік – адамгершілік әліппесі

Мақсаты:

 Білімділік: Оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену                     сезімін дамыту; ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу

Міндеттері: Тақырыпты толық меңгеру. Сөйлеу мәдениетіне төселдіру.

Өткізу әдісі: RWCT жобасы

Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, мақал – мәтелдер, өлеңдер.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Қолданылатын стратегиялар: Аквариум әдісі, Т кестесі, Ассоциативті карта 

Тәрбие сағатының барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.                                                                                                               1. Психологиялық дайындық.

Үлкенге  де  «Сіз»

Кішіге  де «Сіз»

Баршаңызды  құрметтеп

Бас  иеміз  «біз»

Амансың  ба алтын  күн

Амансың  ба көк  аспан

Амансың  ба  достарым

Сендерді  көрсем  қуанам.

 

I кезең. Қызығушылықты ояту.     Аквариум әдісі.

 

  • Әдептілік деген не?
  • Әдепті болғың келе ме?
  • Әдептілікті кім үйретеді?
  • Әдепсіз адам қандай болады?

Мұғалім:  Демек, адам бойында жақсы , жаман қасиеттер болады екен. Ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілдікті, шыншылдықты ата-аналарымыз, ұстаздарымыз үйретеді екен. Жақсы қасиеттерді анамыздың ақ сүтімен, бал тілімен  бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болу керек

II кезең. Мағынаны таныту. Т кестесін толтыру

 

 

 

 

 

Жақсы бала                         Жаман бала

 

әдепті                                             әдепсіз

ұқыпты                                           еріншек

таза жүреді                                    тіл алмайды

мейірімді                                       өтірікші

шыншыл                                        нашар оқиды

білімді

 

1-оқушы:     Ата – анаңның тілегі – адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.

 

2-оқушы:    Әдептілік дегенің — әрқашанда керегің,

Әсемпаздық дегенің — әуре салған әлегің.

 

3-оқушы:    Жақсы  болу  өзіңнен

Жаман  болу  өзіңнен

Өзіңді  өзің  ая  да

Өзіңнен  үйрен  өзіңнен.

 

Жақсылық көрсең  біреуден

Мен  қандаймын  деп  ойла

Жамандық көрсең  біреуден

Мен қандаймын  деп  ойла.

 

4-оқушы:   Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса

Сыйлы болмақ өзі де

Үлкен болған кезінде

 

5-оқушы:  Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

 

6-оқушы:  Сыйлап сәлем беремін көршілерді көргенде,

Ізетпен бас иемін үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін анама айтып өкпесін.

Проблемалық жағдаяттардан шығу ( Өз ойларын ортаға салады.)

1-топ.

Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сенің әрекетің.

 

2-топ.

Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл өтінішті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан  келіп, өзі үйді жинап, сыпырып қояды. Сен  келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің.

 

3-топ.

Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң, ауылдан келген туысқаның. Сенің анаң ешкімге есікті ашпауыңды ескерткен. Сенің әрекетің.

( Жағдаятпен танысады. Топ ішінде талқылайды. Сахналайды)

 

Мақал – мәтелдер.

  • Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергенің.
  • Әдепті бала – ата-анасың мақтатар,

Әдепсіз бала – ата-анасың қақсатар.

  • Сәлем – сөз анасы.
  • Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
  • Кішіден ізет, үлкеннен құрмет.
  • Тәртіпті бала – сүйініш, төбең көкке жетеді,

Тәртіпсіз бала – күйініш, төмендеп басың кетеді.

7)  Әдептің не екенін-

Әдепсіз адамды көргенде білерсің.

8)  « Сіз» деген — әдеп,

« Біз» деген  — көмек.

9)     Кішіпейілділік — кісінің көркі.

10)    Күлме досыңа, келер басыңа.

11)   Өзіңді өзің сыйламасаң,

Өзгеден сый күтпе.

 

7-оқушы:  Атам менің әрқашан

Кішіпейіл бол деген.

Ақыл сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем.

 

8-оқушы:  Атам менің әрқашан

Бол дейтұғын бауырмал.

Мынау байтақ ғаламда

Қаншама дос, бауыр бар.

 

9-оқушы: Атам менің әрқашан

Мейірімді бол деген

Ақыл сөзі санамда,                                                                                         Жасы үлкенге жол берем.

 

10-оқушы: Атам маған әрқашан

Әділетті бол деген.

Ата сөзі санамда

Жүрем тура жолменен.

 

11-оқушы: Өзгелерден өзімді

Санамаймын жоғары.

Артық айтып сөзімді

Желпінгенім жоқ әлі.

 

12-оқушы: Қалдыратын ұятқа

Жалған сөзге төзбеймін.

Жеткізеді мұратқа,

Тек шындықты көздеймін.                                                                                               Т кестесін толтыру

 

 

 

«Не істеуге болмайды?»                    «Не істеу керек?»

 

 

 

Сабақтан кешігуге                      Үлкендерді сыйлау керек                         Сыныпта айғайлауға                     Ата-аналардың тілін алу керек

Кішкене балаларды ренжітуге   тәртіпті болу керек

Ысқыруға                                     оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек

Үлкендердің жолын кесуге        сабақты жақсы оқу керек

Құстарды атуға

 

 

III кезең. Ой толғау. Ассоциативтік карта .

 

Көмектесу                       ата-ананы тыңдау                   рұқсат сұрау

 

 

Тәртіптілік

Жол беру

Кешірім сұрау                  ӘДЕПТІЛІК

Шыншыл болу

 

Қарапайым болу

рахмет айту

 

Еңбекті сүю                                                                  адамгершілік

Сабақты талдау.

Тәрбие сағаты 1-сынып, 12 наурыз 2010 жыл, «№42 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінде. Сабақты өткізген  Ибраимова Жадра Каримовна.  Тәрбие       сағатының тақырыбы: «Әдептілік – адамгершілік әліппесі ».

Сабақтың мақсаты мен міндеттері әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған. Оқушылардың жеке танымдық,   тәртіптілік ерекшеліктерін ұштау, кішіпейілділік, әдептілік туралы  мағлұмат берілді.

Сабақ барысында негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілді.

  1. Ақпараттық құзыреттілік.Кестені интерактивті тақта көмегімен толтыра білді. Бағдарлай, өз бетінше іздей, талдай, таңдай, өзгерте, сақтай білді.
  2. Коммуникативтік құзыреттілік. Топ болып талқылауға қатысып, белгілі бір мәселені шешуде өз ойын еркін айтып, басқаның ойын тыңдап, қорытындылап, өз ойларын ортаға сала білді. Оқушыларды ауызша және жазбаша түрде тақырыпқа сай өзара мәдени қарым-қатынас жасай білді, сөйлеу мәдениеті дамыды.
  3. Мәдениет-танымдылық құзыреттілік.
  4. Әлеуметтік-еңбек құзыреттілігі. Пікір алысу және талдай алу біліктілігі, өмірде кездесетін түрлі жайттардың мағынасын және құндылықтарды бағалауға үйренді.
  5. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі. Таным үрдісінде оқушының сараптамалық ойлауы, логикалық есте сақтауы, тіл мәдениеті дамыды.

Оқушылардың жас ерекшелктерін және сынып ерекшелігі ескеріле отырып, тәрбие сағаты  жоғары деңгейде өтті. Алдыға қойылған мақсат пен міндеттер толық іске асырылып орындалды. Әр оқушы жұмыс жасады.