Алтынсарин шығармаларындағы адамгершілік тағылымы

336

Алтынсарин  шығармаларындағы адамгершілік тағылымы

Адамзат дамуының қай кезеңінде болсын тәрбие мәселесі адам баласының ғұмырындағы  баға жетпес құндылық болғандығы даусыз.Ата- бабаларымыз  өз халқының ұлы қасиеттерін , адамгершілікке бай кесек мінездерін айта отырып жас ұрпақтың ұлттық тәрбиемен сусындауына айрықша мән берген.

Ұлттық тәрбиенің өзегі- адамгершілік тәрбиесі. Адамгершілік тәрбиенің ең негізгі міндеті жас ұрпақтың бойына өзі өмір сүріп отырған қоғамның алдында тұрған мақсат-мүддеге сай адамдық қасиеттерді қалыптастырып, жетілдіре отырып тәрбиелеу болып табылады. Жас ұрпақтың бойына адамгершілікті сіңіретін, оны жүрек тазалығына, бауырмалдыққа, татулыққа, адалдыққа тәрбиелейтін құндылықтарымыздың бірі- Алтынсарин әңгімелері.

Әр халықтың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт — бағдар  сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалары болатыны айқын. Есімдері мен еңбегі баршаға қымбатты, халқымыздың тұңғыш энциклопедист ғалымы Шоқан Уалиханов, ұлы данышпан ақын Абай Құнанбаев, тұңғыш ағартушы, педагог жазушы Ыбырай Алтынсарин сынды үш алып өз халқын мәдениетті халықтар қатарынан көргісі келді.  Дегенмен Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы, еңбек еткен ортасы, әлеуметтік істері өзгешелеу. Біріншіден, Ыбырай  Шоқан мен Абайдың туған халқын мәдениетті халықтар қатарынан көргісі келетін арманын өз қолымен іс жүзіне асырды. Ол бұратана халықтар үшін тың үлгімен мектеп ашып, оқу құралдарын жазып, жинақтаған жаңашыл – педагог.  «Көзімнің үміт еткен нұры, балам» деп басталатын атасының өсиет сөзін  жастарды оқуға шақырудың,  өнерге тарту мен талпындырудың ұтымды құралы ретінде пайдалана отырып, Абай атамыз бен Шоқан Уалихановтай аяулы азаматтың халқым қатардан қалмай оқыса, өнер – білімді игерсе деген арманын іске асырды. «Надан жатқан, бірақ азғындық жолға түспеген, пайдалы нәрсенің бәріне жаны құмар» халқын шын сүйген, оның болашағына шексіз сенген жігерлі күрескер Ыбырай Алтынсариннің қажырлы еңбегі арқасында 1864 жылы қазақ сахарасының төрінде балаларды өнер-білімге шақырған қоңырау үні естілді.

Ұлы ағартушы төл шығармалары мен аудармаларында адамдық болмыс пен жүрек тазалығын, бауырмалдық пен адалдық сияқты  құндылықтарды уағыздай отырып,  «Таза бұлақ» әңгімесіндегі кейіпкердің  «Бойыңды таза сақта, бұлаққа қарасаң күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын» деп, «жаңа өспірім достарын» таза мінез бен қайырлы істер істеуге шақырады.

Жастайынан жаман пиғылдан, жаман құлықтан өз – өзін  тыймаған адам, қатайып кеткен ағаш сипатты. Түзетуге көнбейді, сынып кетеді. Ұлғайғанша жамандық қылған адамның өз қалпын өзгертуі қаншалықты қиын екендігін түсіндіреді.Жақсы, көркем мінезді жасыңнан әдет етсең, ол әдет тура жолдан қандай қиыншылық көрсең де жаздырмас дейді.Мысалы: Асыл шөп әңгімесіндегі сабырлық пен төзімділікке шақырған Бәтима, бай баласына «обал болады» деп, құспен ойнауға тыйым салған Үсен, әкесі үшін өз қолын кесуді өтінген мейірімді қыз, «Аурудан-аяған күштірек» әңгімесіндегі Сейіт. Өзі үшін қасірет тартқан анасын көрген Сейіт жарақат жанына қанша батса да, дыбыс шығармай жатады. Анасының қадірін білген бала – ұлы анасы Отаны үшін де барлық қиындыққа төзетініне сенесің.

 

Өлең – жырларында, мақал – мәтел, нақыл сөздерде Ы. Алтынсарин адалдық пен имандылықтың тағылымдық мәніне назар аударады. Әркім өзін – өзі жоғары тұтпай, хакім болсаң өзіңді зор тұтып, бөтенді қор тұтпай әділ болу, әркім өзіне тілеген жақсылығын өзгеге де тілеу керек, себебі дүниеде қанша адам болса – бәріміз бір Адам атадан өрбіген ағайынбыз деп түсіндіреді.Өзіне құрмет көрсетіп, бас иген шаруаға аса құрметпен бас иген ғұламаны еске түсірейікші.Осы бір шағын әңгімеден  сыпайылық адамды көрікті етіп оның білімділігі мен мәдениеттілігін көрсететіндігін, ізгі құлықты адам әрі сүйкімді, әрі қадірлі болатындығын   бала ұғымына сенімді  жеткізеді. Ал тәкәппаршылдық, күншілдік, сараңдық дүниеде еткен жақсылықтарыңды жойып кететін мінез деп түсіндіреді. Жамандық іс бүйе мен жылан іспеттес. Жылан мен бүйені қанша асырап күтсең де, қолыңа тұтына беруді қоймасаң, ақырында өзіңді шағып, зиянын тигізбей қоймас дейді. Сараң, көңілінің жылуы жоқ Хусейіннің  «Әділдік»  шарасыз жағдайын әдемі суреттейді. Адамдарды алаламау арқылы тағдырдың рахым, парасатынан күдер үздірмейді.

Бейтаныс мейірімді адамның білімге құштарлығы бар жасқа тигізген пайдасы, қиындыққа түскен адамға жасаған рақымы,  осы жақсылықтың әлгі адамға қайтарылуы, өз бетімен кәсіп етуге, өнер — білім игеруге, кісілікке ұмтылуы Ы. Алтынсарин шығармаларындағы ізгілікті тұжырымдамалардың алтын өзегін құрайды.

Ұлы ағартушы  қандай да бір ізгі, жақсы қасиеттің барлығы сеніммен, таза жүрекпен жасалу керек, яғни адамда ең алдымен иман болу керек деп, «біз болмасақ, сіз барсыз, үміт еткен достарым, сіздерге бердім батамды» деп, қазақ жастарынан үлкен үміт күтті. Бүгінде тек қазақ қауымы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл еліміз болып, оны ұстаздардың ұстазы деп әр кез қастерлеп, қадір тұтады.

 

 

Сыпайылық  адамды көрікті етіп және оның білімділігі мен мәдениеттілігін көрсетеді.

 

 

 

 

 

Көзімнің үміт еткен нұры , балам

Жаныңа жәрдем берсін Құдай- Тағалам!-

деп басталатын әйгілі өлең шумақтары

 

 

Сондай-ақ, М. Әуезов өзінің «Ы. Алтнсарин – қазақ мәдениетінің зор қайраткері» атты мақаласында