Ойын технологияларын мектепалды даярлық топтары мен бастауыш сыныпта қолдану

264

Ойын технологияларын мектепалды даярлық топтары мен бастауыш сыныпта қолдану

Жинақтаушы:Бастауыш сынып мұғалімі

Тоқтасынова  Бақыт  Рамияновна

Шығыс  Қазақстан  облысы, Зайсан  ауданы,

Жарсу  ауылы, коммуналдық  мемлекеттік

мекемесі «Жарсу  орта  мектебі»

Мақсаты:

 

Білімділігі:  Оқушыларға  дидактикалық  ойын  элементтерін  үйрету  арқылы,  ой — өрісін  дамыту.

 

Дамытушылығы: Жаңа  технология  элементтерін  пайдалана  отырып,  оқушыларды  адамгершілікке,  инабаттылыққа  тәрбиелеу.

 

Тәрбиелігі: Оқушылардың  сөздік  қорларын  молайту  ойынға  деген  қызығушылығын  арттыру.

 

 

 

 

 

 

 

Міндеттері:

 

 

 

  • оқушының дидактикалық  материалдарды  қалыптастыруда  математикалық  ұғымдарды,  заңдылықтарды  негізгі  тірек  ретінде  пайдалана  білу;
  • математикалық дидактикалық  материалды  түсіндіру  кезінде  күнделікті  өмірмен  байланыстыра  отырып,  тақырыпқа  сай  тәрбиелеу;
  • шығармашылықпен байланысты  практикалық біліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыру,  есептеу  мәдениетін  дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күтілетін  нәтижелер:

 

  1. Бағдарламаның ерекшелігі  оқу  нәтижесінде  оқушылар  өтілген  материал  мен  дидактикалық  ойындар  шеңберінде  мұғалімнің  басшылығымен  білім,  білік  икемділік  дағдыларын  қалыптастыру.
  2. Оқушылардың шығармашылық  қабілеттерін  қалыптасытрады.
  3. Логикалық ойлау  және  дидактикалық  материал  қолдану  барысында  оқушының  ойлау  қабілеттерін  арттырып,  ақыл – ойын  дамытады.
  4. Оқушылар дидактикалық  материалдар  орындау  барысында  оқушыларды  бақылайды,  салыстырады, зеректік  танытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік  хат.

 

Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартының  негізгі  ережелеріне  сәйкес  еліміздің  жалпы  білім  беретін  мектептерінің  бастауыш  сыныпқа  енгізілді. Оқушылардың  белгілі  білім  саласына  тұрақты  қызығуын  қалыптастыру  үшін,  оқушылардың  жас  ерекшелігімен  байланысты  таным  мүмкіндігіне  сай  жүзеге  асырылады.

Негізгі  оқу  материалдарын  басшылыққа  ала  отырып,  бұл  бағдарлама  оқушылардың  математикадан  алған  білім,  білік,  дағдылары,  танымдық  қабілеттерін  және  пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттырады. Тереңдетілген  бағытта  алынған  бағдарлама  құрылымында  оқушылардың  жас  ерекшеліктері  мен  даму  деңгейі   ескеріледі.

Балалардың  танымдық  қабілеттерін  дамытып  пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттырудың  негізгі  бір  жолы —  дидактикалық  материалдар  мен  қызықты  тапсырмалар.  Есеп  зерделікке,  қиялдауға,  тапқырлыққа,  шапшаң  есептеу  қабілеттерін  дамытуға  тәрбиелейді.

Математикалық  викториналар,  ребустар,  логикалық  есептер,  математикалық  эстафеталар,  сөзжұмбақтар  шешу,  қызықты  тапсырмалар  құрастыру  баланың  ойын  ұштай  түсіп,  ұстамдылыққа,  еңбектене  білуге  тәрбиелейді.

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

 

 

 

 

Жаңа  заман  талабы  жеке  тұлғаны  дамыту  мен  танымдық  ауқымын  кеңейту  деңгейінде  әр  түрлі  технологияларды  және  әдістерді  қолдануды  қажет  етеді. Мектепалды  даярлық  топтарында,  бастауыш  сыныптарда  дидактикалық  ойын  технологиясы  тиімді  қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Ойын – ойды өсіреді.

 

 

 

 

Ойын  балалардың  негізгі  іс — әрекеті  ретінде  психологиялық ,  анатомиялық —  физиологиялық,  педагогикалық  маңызы  зор  қызметер  атқарады.  Ойын  баланың  даму  құралы,  таным көзі,  тәрбиелік  дамытушылық  мәнге  ие  бола  отырып,  адамның  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  ықпал  етеді.  Ойынның  тәрбиелік  маңызын  жоғары  бағалай  келіп,  А.С.Макаренко  былай  деп  жазды: «Бала  өмірінде  ойынның  маңызы  зор,  ересек  адам  үшін   еңбектің,  жұмыстың,  қызметтің  қандай  маңызы   болса,  нақ  сондай  маңызы  бар.  Бала  ойында  қандай  болса,  өскен  соң  жұмыста  да  көп  жағынан  сондай  болады».  Сондықтан  келешек  қайраткерді  тәрбиелеу  ең  алдымен  ойыннан  басталады. Ойын – баланың  қажетті  әрекетінің  бірі  ойынды  кіші  жастағы  балалардың  табиғаты  керек  етеді.  Балалардың  еңбегі,  оқуы  ойыннан  басталды.  Ойын  арқылы  оқушы  білім  алуға,  оқуға  қызықтыра  отырып,  тұлғалы   дамуын  қалыптастыруға  болады.  Жалпы,  математика  сабағында  қолданылатын  ойын  түрлері  оқушылардың  математикалық  ұғымдарын  кеңейтіп.  Ойлау  қабілеттерін  арттырып,  есептеу  дағдыларын  шыңдай  түсетіні  белгілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Дидактикалық  ойындардың  тәрбиелік  мәні.

 

Тәрбие – баланың  дүниеге  келген  сәтінен  басталады. Мектеп  жасына  дейінгі  баланы  дамытатын,  өсіретін  әрі  тәрбиелейтін  негізгі  іс — әрекет – ойын. Ойын  арқылы  бала  өзін  қоршаған  ортамен,  табиғатпен,  қоғамдық  құбылыстармен,  адамдардың  еңбегімен,  қарым- қатынастарымен  танысады. Халқымыз  ойындарды  тек  балаларды  алдандыру,  көңілін  көтеру  әдісі  деп  қарамай,  жас  ерекшеліктеріне  сай  олардың  көзқарастарын,  мінез – құлқын  қалыптастыру  құралы  деп  ерекше  бағалаған.  Ойын  негізінен  балаларға  дене  шынықтыру  және  эстетикалық  тәрбие  берудің  маңызды  құралы. Ойын  балаларды  ұйымшылдыққа  үйретеді. Ойынның  түрлері  көп, соның  ішінде  маңыздысы – дидактикалық  ойын.  Бұл  ойынның  пайдасы —  баланың  ой — өрісінің  қалыптасуын,  дамуын  мақсат  етіп  қояды. Сондай – ақ  балалардың  адамгершілік  сезімін  оятуға,  адамдармен  дұрыс  қарым – қатынас  жасау,  еңбек  адамдарына,  басқа  ұлт  өкілдеріне,  достық,  туған  жеріне  сүйіспеншілік  сезіміне  тәрбиелеуге  көңіл  бөлінеді.  Дидактикалық  ойындар – балалар  үшін  өзіне  тән  жүру  барысы,  мақсаты,  маңызы  бар  әрекет.  Ойындарды  бала  тәрбиесіне  енгізу  үшін  тәрбиешілер  көптеген  жұмыстарды  атқарады.

Дидактикалық  ойындарды  тиімді  пайдалану  сабақтың  әсерлігін,  тартымдылығын,  белсенділігін,  баланың  ынтасын  күшецтеді.  Ойын  ережесі  балалардың  түсінуіне  оңай,  қарапайым,  әрі  қысқа  болуы  керек.  Кейде  ойынның  мазмұны,  ережесі  балаларға  дұрыс  түсіндірілмейді  де,  балалар  оған  қызықпайды,  зейін  қойып  тыңдамайды. Оның  үстіне  дидактикалық  материалдар  мен  көрнекіліктерге  жеке  көңіл  бөлу  керек.  Балалардың  таным  қабілетін,  логикалық   ой — өрісін  кеңейтіп,  сабаққа  ынтасын  арттыруда  дидактикалық  ойындарды   ұтымды  пайдаланудың  маңызы  зор.  Балаларға  алдарына  қойылған  дидактикалық  тапсырмаларды  өз  беттерінше  орындау  үшін  тәрбиеші  көркем  әдебиет  оқып  беру,  алдын – ала  жұмыс  жүргізу  керек.

 

 

Дидактикалық  ойындар  үш  топқа  бөлінеді:

  1. Заттық дидактикалық  ойындар – дидактикалық  ойыншықтармен  және  түрлі  ойын  материалдарымен  ұйымдастырлады.
  2. Ұстел үстінде  ойналатын  дидактикалық  ойындар – «Лото», «Домино»  және  тағы  басқа.
  3. Сөздік дидактикалық  ойындар.

 

Дидактикалық   ойын  балалардың  қоршаған  орта  туралы  түсінігін  кеңейтеді,  баланы  ойнай  білуге  баулып,  ақыл – ой  қызметін  қалыптастырады,  әрі  адамгершілікке  тәрбиелеу  құралы  болып  табылады. Дидактикалық  ойынның  ережелері  балалардан  ұстамдылықты,  тәртіптілікті  қажет  етеді. Сонымен  қатар  дидактикалық  ойлау  қабілеттерін,  ізденімпаздығын  арттырады,  сөздік  қорларын  молайтуға  көмектеседі.  Балалардың  сабаққа   қызығушылықтарын  арттырады,  белсенділік  танытып,  бағдарламалық  материалдарды  меңгеруіне  ықпал  етеді.

Дидактикалық  ойындардың  тиімділігі —  сабақтың  әр  кезіндегі  орны  мен  міндетін,  мақсатын  дәл  анықтауға,  оны  қолданудың  теориясы  мен  практикасын  тәрбиешінің  жетік  меңгеруіне,  шеберлік  танытуына,  ойынға  қажетті  материалдарды  алдын – ала  дайындап  алуға,  балаларды  белсенді  қатыстыруға  байланысты. Ойындарды  өткен  сабақты  қайталау,  естеріне  түсіру  кезінде  қолданған  пайдалы.

Ойын  түрлерін  сабақ  мазмұнына  қарай  белгілі  бір  мақсатта  таңдап  алу  керек.  Мазмұнды  ойындарды  қайталй  бермеу  керек,  ол  үшін  өтілетін  сабақтың  тақырыбына  сәйкес  келетін  ойын  түрлерін  күні  бұрын  реттеп  оны  жүргізудің  тиімді тәсілдерін ойластыру  керек.  Барлық  сабақтарда  дидактикалық  ойындар  қолданылады,  оны  сабақтың  ортасында  қолданған  ыңғайлы. Мысалы сауат ашу  сабағында  дидактикалық  ойындар  балаларды  тәрбиешінің  айтқанын  дұрыс  ұғып,  оны  тыңдай  білуге,  дыбыстарды  ажыратып,  ойды  сақтап,  сөз  құрастыруға,  олардың  ой — өрісін  дамытуға  үйретеді.

Қазір  «Балбөбек»  бағдарламасына  байланысты  кешенді  сабақтар  бірнеше  сабақты  қосып  байланыстырып  өткізу  әдіс- тәсілдерін  қолдануғңа  болады.  Айталық,  сауат  ашу  сабағында  сөзде  неше  дыбыс  бар,  неше  әріп,  неше  дауысты  дыбыс  бар  екенін  балалар  санайды,  текшемен  белгілейді,  немесе  суретін  салады.

Дидактикалық  ойын  сәбилер  тобынан  басталады.  Мұнда  жоғары  топтарға  қарағанда  жеңіл  түрлері  беріледі,  балалар  ойланады.  Мысалы,  бала  ойнап  отырған  машинаның  дөңгелегі  нешеу,  түсі  қандай,  кубиктерді   түсіне  қарай  топтастыр,  қане  «сен  көк  кубиктерді әкелші»,  «үстелге  апарып  қойшы»  т.б.  бұл  жерде  балалар  кеңістікті  бағдарлауды  үйренеді.

Баланың  тілін  дамытуда  ауызекі  сөйлеу,  тілдің  дыбысталу  мәдениетіне  тәрбиелеуде,  байланыстырып  сөйлеу,  сөздік  қорын  дамыту  үшін  сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  ойналатын  дидактикалық  ойындардың  маңызы  зор.  Ойын  шарттары  мен  көрнекіліктерін  пайдалану  арқылы  баланың  жеке  басын,  ойын  әрекетін  дамытуға  болады.  Дидактикалық  ойындар  баланың  ақыл – ойын  дамытуға,.  Ойлауын,  қабылдауын,  есте  сақтауын,  зейінін,  салыстыру,  жіктеуге,  өзін — өзі  бақылауға  үйретеді. Дидактикалық  ойындарды  іріктеуде  баланың  ойынды  саналы  түсініп,  оның  шартын  дұрыс  орындауға  тырысып,  белгілі  бір  нәтижеге  жету  мақсаты  көзделеді.  Ойын  мақсатына  сай  ойын  ш артын  орындап,  ондағы  сұрақтар  мен  тапсырмаларға  жауап  беруге  дағдыланады.  Ойын  шартын,  ережесін  қатаң  сақтау  арқылы  онда  жолдастарын    тыңдай  білу,  олардың  қатесін  түзетуге  көмектесуге,  ойын  шартын  түсіндіріп  ойынды  жалғастыруға,  жаңа  ойын  ережесін  ойлап  табуға,  оны    басқаларға  түсіндіре  білуге,   ойында  ұйымдастыруға   жаттықтырылады.

Дидактикалық  ойындарды  тіл  дамыту  сабақтарында  пайдаланудың  тиімділігін  тәжірибе  көрсетіп  отыр.  Сабақты  бекіту,  сабақта  меңгерген  материал  туралы  түсінігін  кеңейту,  баланың  шығармашылығын  дамыту,  тіл  байлығын  молайту  үшін  ол  ойындар  сабақтың  тақырыбына,  мақсатына  сай   таңдалып  отырады.  Ұсынылып  отырған  дидактикалық  ойындардағы  тапсырмалар:  сөйлеудің  екі  түрі —  монологтық  және  дидактикалық  сөйлеуге  арналған.

Мысалы: «Телефон»  ойынында  диалогтық  сөйлеудегі  әңгіменің  мақсаты – бір  нәрсе  жайында  сұралып,  баланы  оған  жауап  беруге,  белгілі  бір  әрекетке  түрткі  болуға  үйрету  болып  табылады.

Антоним  сөздермен   таныстырғанда  жануарларды  сабаққа  әкеліп,  оларды  жеке  орындарға  орналастыру  тапсырмасы  беріледі.  Бала  жануарлардың  денесіне  қарап, «үлкен»,  «кіші»  деп  бөліп,  оларды  соған  сәйкес  үлкен  торға  немесе  кіші  торға  орналастырады.  Антоним  сөздерді  салыстыру  жолымен  жұмыс  жүргізу  баланың  ой — өрісін  кеңейту  үшін  өте  пайдалы.  Сондықтан  антоним  сөздерді осы  сияқты  дидактикалық  ойындарды  ұйымдастыру  арқылы  меңгертуге  болады.

Жалпы  және  жеке  ұғым  туралы  түсініктерін  тереңдету  үшін  «Жалпы  қалай  аталады?», «Жалпы  атауын  бер»,  «Жеке – жеке  атын  ата»  сияқты  дидактикалық  ойындар  ұйымдастырылады.  Мысалы: кесе,  қасық,  тарелка,  шанышқы – «ыдыс- аяқтар»,  алма,  алмұрт,  шие- жемістер,  қияр,  картоп,  сәбіз,  қызылша- көкөністер  т.б.

Баланың  шығармашылығын  дамытуға  имитациялық  ойындар  «Біздің  көңіл  күйіміз»,  «Қоянның  көңіл – күйі»  т.б  ым,  мимиканы  әртүрлі  эмоцияны  білдіретін  сөздерді  және  оларды  салып,  көрсетуге  үйрету,  Ыммен,  мимикамен  көңіл – күйді  слаып,  оны  сәйкес  сөздермен  айту.  Мысалы: Қоян  қорқып тұр.  Қоян  адасып  кетті.  Оны  орманда  тиіндер  тауып  алды. Барлығы  қуанды. Оны  дауыс  ырғағымен,  қуану,  ренжу,  жылау  т.б  салуға,  сол  арқылы  адамның  көңіл – күйін  түсінуге  аяушыфлық  сезімге,  қамқоршы  болуға  тәрбиеленеді.

Ұсынылып  отырған  дидактикалық  ойындардың  мақсатына  сәйкес  шарты  нақты  көрсетіледі. Бұл  ойындарды  сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  пайдалану  арқылы  баланың  тілін  дамытумен  қатар  ойында  өз  шығармашылығымен  жалғастыруға,  ойын  шартын  дұрыс  орындауға,  белгілі  бір  нәтижеге  жетуге,  ұжымдық  мақсатқа  бағынуға,  үлкендер  мен  балалар  арсында  ынтымақтастық  қарым – қатынас  орнатуға  болады.

Сабақтың  қызықты,  тартымды  өтуі  үшін    дидактикалық  ойындарды  дұрыс  ұйымдастыру  керек.  Ойынға  керекті  құралдар  әр  балаға  жеткілікті  болу  керек,  сонда  ғана  балаларға  түсінікті  болады.  Дидактикалық  ойындардың  құралдары  ұзақ  уақыт  сақталуы  үшін  эстетикалық,  гигиеналық  талаптарға  сай,  әдемі  қораптарда,  қалталарда  тұру  керек.

 

 

 

 

 

 

2.1 Тіл  дамыту  сабақтарында  қолданылатын  дидактикалық  ойындар.

 

Ойынның    тақырыбы: «Қажет  суретті  тап»

Ойынның  мақсаты: Логикалық  ойлауға  үйрету,  күн  режиміне  қажет  іс — әрекетті  есіне  түсіру. Қай  кезде  не  істелетіні  жөнінде  сөйлем  құрап  айтуға  үйрету. Түрлі  жаттығу  жұмыстарын  өздігінен  орындауға  жаттықтыру.

Ойынға  қажет  заттар: Үлкен  және  кішкене  суреттер  немесе  қуыршаққа  арналған  ыдыстар,  пластелиннен,  балшықтан  жасалған  тоқаш,  конфет,  нан,  бауырсақ,  ет,  колбаса  т.б

Ойын  ережесі: Егер   ойын  суреттермен  жүргізілсе  тәрбиеші – мұғалім  үлкен  суретті  балалардың  бәрі  көретіндей  орынға  іледі. Мысалы: үлкен  тарелка  немесе  орамал  ұстаған  қыздың  суреті. Балалар  қораптағы  суреттердің  ішінен  тақтаға  ілінген  сурет  мазмұнына  сәйкес  заттардың  суретін  алып  столға  қояды. Не  істегені  туралы  айтады.

Ойынынң  соңында    балалар  ойынға   қатысты  заттардың  суретін  салады (өз  қалаулары  бойынша   нан,  қант,  тоқаш  т.б)

Ойын:  Кімде   мына  түстес  зат  бар? (Тәрбиеші – мұғалім  жасыл  түсті  затты  көрсетеді) Кім  табады?  Деп  сұрақ  қояды.

Балалар  жасыл  түсті  затты  атайды. Мысалы: шөп,  жапырақ,  қияр  т.б.

Ойынның  тақырыбы: «Формасы  ұқсас  заттарды  тап»

Ойынның  мақсаты: Түрлі  заттарды  формасына  қарай  ажырата  білуге  үйрету. Сөзбен  атап  айтуға  жаттықтыру,  сабақта алған  білім – дағдыларын  тиянақтау.

Ойын  жабдығы: Формасы  әр  түрлі  заттар:   доп, машинаның  дөңгелегі, қияр, кітап,  геометриялық  фигуралар – үшбұрыш,  төртбұрыш,  квадрат,  машина (осы  машинадан  әр  түрлі  формаларды  тапқызу)

Тәрбиеші – мұғалім  қағазға  түрлі  форманы  бейнелейтін  карточкалар  дайындайды.

Ойын  ережесі. Тәрбиеші – мұғалім  сабаққа  дайындалған  заттарды  және  карточкаларды  әкеледі. Заттарды  не  сол  заттардың  суреттерін  балаларға  үлестіріп  береді. Мысалы, Кімде  домалақ  зат  бар? – деп  сұрайды. Балалар  аталған  фирманы  өз  суреттерінен  не  ойыншықтарынан  тауып,  стол  үстіндегі  карточкалардағы  ұқсас  сызыққа  қояды  да  сөзбен  айтады. (бұл – алма,  формасы  домалақ,  түсі  қызыл  сары,  дәмі  тәтті,  ағашта  өседі,  күзде  піседі  т.б)  Жеміс –жидек,  көкөніс  туралы  тақпақ  не  жұмбақ  айтылады.

 

ІІІ. Интерактивтік  ойындар

 

3.1 Әлеуметтік   ойындар

 

«Кино»

Бұл  ойынды  өткізу  үшін  теледидар,  бейнетаспа  немесе  DVD  қолдану  керек. Жүргізуші  алдын  ала  ертегілерден  немесе  мультфильмдерден  түрлі  эпизоттарды  таңдап  алады.  Мысалы,  Алдар Көсе  мен  Бай  арасындағы  сұхбаттасу  туралы  эпизоды.

Ойыншылардың  мақсаты —  көрсетілген  кейіпкерлердің  мінезін  дауыс  арқылы  көрсету.  Содан  кейін  екінші  топ  бұл  ертегі  бойынша  қойылым  жасайды.  Қай  топ  өз  тапсырмасын  жақсы  орындаса,  сол  жеңімпаз  болады.

 

«Көңілді  поезд»

Балаларға  темір  жол  қызметкерлері  елестеуді  керек. Поезді  үлкен  қораптардан,  отырғыштардан,  орындықтардан  құруға  болады.

Басты  рөлдер: машинист,  жолсерік,  жолаушылар,  жол  полициясы,  вагон  ресторандағы  аспазшы.

«Машинист»  станциялардың  атауларын  және  составты  жүргізеді. «Жолсерік»  билеттерді  тексереді,  «жолаушыларды»  орындарына  отырғызады, шай  жасайды. «Жол  полициясы»  тәртіпті  тексереді. Жолда  әрбір  бала  өз  көңілді  әңгімесін  немесе  өлеңін  айтып  береді.

Бұл  ойын  арқылы  тәрбиеші  балаларды  өз-өзімен  қарым- қатынас  жасауға,  бір – біріне  көмек көрсетуге  үйретеді.

Бұл  ойынды  өзгертуге  болады. Билеттерді алғанда  балаларға  түрлі  тапсырмаларды  беруге  болады.

 

«Мектепалды  даярлық  сыныбы»

Бұл  ойынды  барлық  балалармен  өткізуге  болады.  Түрлі  жұмсақ  ойыншықтар,  балалардың  ойын  ыдысы,  қуыршықтардың  төсектері  және  арбалары  қолданылады.

Рөлдер: «тәрбиешілер»,  «тәрбиешінің  көмекшілері»,  «музыкалық  қызметкері»  және  т.б.

Қуыршақтарды  балалар  өздері  дыбыстандырады. Бәрі  кесте  бойынша  өткізіледі – таңертеңгі  ас,  серуен,  өлеңдерді  жаттау.  Ойын  мейірімділікке,  ұқыптылыққа,  жауапкершілікке,  тәртіпке  тәрбиелейді.

Барлығы  кәдімгі  балабақшада  сияқты:

  1. Таңертең дене  шынықтыру  немесе  көңілді  музыка арқылы  би.
  2. Таңертеңгі ас.
  3. сабақтар (көңілді санау,  сурет  салу,  мүсіндеу т.б)
  4. Серуен
  5. Түскі ас.
  6. Тыныш сағат  (қуыршақтарға  арналған). Қыздар  өлеңдерді,  ертегілерді  айтады.
  7. Бесіндікке дайындалу – қуыршақтардың  шашын  тарап,  сәнді  киім  кигізу  керек.
  8. Бесіндік.
  9. Бөлмеде немесе  ойын  алаңында  түрлі  ойындар  өткізіледі.

«Таңдап   алуға  үйренемін»  ойыны.

Балаларға  адамның  іс — әрекеті  бейнеленген  суреттер  көрсетіледі. Балалар  өздеріне  ұнаған  суретті  таңдап,  әңгіме  құрастырады  және  өз  суретін  салады.

«Менің  және  басқалардың  қателер  күнделігі»  ойыны.

Бұл  ертегі  кейіпкерлері  қандай  қате  жіберді?  Оларға  не  істеу  керек? Өз  қателерін  еске  ал.

«Қарым – қатынас  жасауды  үйренеміз»  ойыны.

Қарым – қатынас  жасау  қызықты  және  көңілді.  Өз  сұрақтарды  құрастырып,  олар  келесі  кейіпкерлерге  ұсынылады:

  • Алдар – Көсеге;
  • Қамбар шалға;
  • Мультфильм режиссеріне;
  • Ы.Алтынсаринге;
  • Аяз атаға  және  т.б.

 

«Сен  білесің  бе….»  ойыны

Сен   01,02,03,09  телефон  нөмерлерін  білесің  бе?  Олар  не  үшін  керек? Бұл  нөмерлер  бойынша  қоңырау  соқсаң,  не  айту  керек?

 

«Өз  фирмаңды   аш»  ойыны.

Сен  балаларға  арналған  қандай  фирмаларды  ашқың  келеді? Өз  ұсыныстар  туралы  әңгімелеп  бер  немесе  сурет сал. Мысалы:

Қуыршақтарға  көйлек  тігемін.

Құстарға  арнап  үй  жасаймын.

Машиналарды  жөндеймін.

 

Түрлі  жағдайлар

Бізді  кім  емдейді? Дүкен. Мен  қайда  тұрамын. Сен  қайда  тұрасың? Адамдардың  жасымен  сурет (фото,  мүсін)  бойынша  таныс.  Көңіл —  күй  лотосы. Сынып  қалған  телефон. Жол  белгілері. Өзен  жолдарының  әліппесі.  Себетке  біз  не  саламыз.  Суда,  жерде,  ауада.  Көрсетілген  заттар  мен  ойыншықтар  қандай  жастағы  балаларға  керек.  Мен  немен  саяхатқа  барамын? Берілген  киімнің  жартысынан  оның  иесін  тап (атаның,  әженің,  баланың,  қыздың,  түрлі  кейпкерлердің,  дәрігердің  және  т.б)

 

Әдептілік  және  этикет  сабақтары.

Тансыайық. Мен  билетті  кассадан  сатып  аламын.  Мен  автобустамын. Менің  атым.  Сәлемдесеміз.  Менің  көңіл – күйім.  Егер  жолдасың (анаң,  әжең,  тәрбиешің)  ауырып  қалса… мен  ас  құралдарын  қолдана  аламын.  Менің  ең  жақсы  досымның  портреті.  Қолдарым  танысады,  қолдарым  жанжалдасады,  қоларым  татуласады.

Ойындар.

Кондитер  фабрикасы. Дүкен  (көкөніс,  нан). Отбасы. Емхана. Егін. Көлік. Асхана.  Малшылар.  Балабақша.  Планеталарға  саяхат  және  т.б.

 

  • Ақпаратты — коммуникативті ойындар.

«Танысу»

Мақсат: Балаларды  бір – бірімен  таныстыру. «Мен»  деген  белгімен  таныстыру  және  практикада  қолдану.

Материалдар: Қоңырау,  карточкалар,  фломастер  мен  қарындаштар,  «Мен»  белгісі.

Әрекетті  бірге  жасайтын  алгоритмі.

  • Сәлеметсіздер мен  балалар!  Менің  аты – жөнім  … Бүгін  біз  бірінші  рет  кездестік  және  ешкім  бір – бірін  білмейді.  Енді  бізге  не  істеу  керек?
  • Дұрыс. Бізге  танысу  керек.  Правильно,  давайте  познокомимся.  Мен 1-2-3  сандардан  кейін  әркім  өз  атын  айтады,  ал  егер  мен  «тыныш»  деген  сөзді  айтсам  бәріміз  ауыздарымызды  алақанмен  жауып  қоямыз.
  • Сендерге барлық  аттар  естілді  ме?  Неліктен? (барлығы  шулады)
  • Ал енді  бізге  не  істеу  керек? Біз  қалай  танысамыз? (бір – бірден)
  • Барлық балалар  өз  аттарын  бір – бірден  айтады. Кім  бастайды? Сендер  қазір  үндемей  кім  бірінші  болады  таңдап  аласыз. (Пантомима.)

(Тәрбиеші  балалардың  артынан  жүріп,  ақырындап  бір  баланы  көрсетеді. Бұл  баланың  атын  кім  есте  сақтады,  сол  қолды  көтеріп  айтады  және  же  сол  жақта  және  оң  жақта  тұрған  көршілердің  аттарын  айтады.  Барлық  балалар  хормен  қайталайды).

 

«Ине  мен  жіп»  ойыны.

Ойын  ережесі: Балалардың  ішінен  ине  рөлін  ойнайтын  бала  таңдалады.

  • ші қоңырау – жіп  сабақталады. (Балалардың  аттарын  айтып  инелерді  өзіне  қосады).
  • ші қоңырау – ине  жіптің  сонымен  кездеседі.
  • ші қоңырау —  бәрі  өз  орнына   отырады.

«Рақмет»  деуге  үйренеміз.

  • Балалар, сендерге  ойын  ұнады  ма?  Біз  жақсы  ойнадық  па?

Ал  қазір,  сендер  өз  көршілерінің  қолын  алып,  оларға  алғыстарыңды  айтып  беріңдер. (Майра,  рақмет, маған  сенімен  ойнауға  ұнады)

 

Өз  көңіл —  күйімізді  бағалауға  үйренеміз.

  • Қараңдаршы балалар  менде  мынандай  ақ  парақ  бар.
  • Қазір бұл  парақта  тамаша  гүл  гүлденеді. Бұл  жай  гүл  емес,  сиқырлы. Ол  сендердің  көңіл – күйді  көрсетеді. Қазір  бәріміз  көзді  жұмып  гүлді  елестейміз,  содан  кейін  өз  жапырағын  алып,  ұнаған  түске  бояңыз.
  • Қараңызшы қандай әсем  жапырақтар,  сендердің  көңіл —  күйлеріңізді  бұл  жапырақтар  арқылы  көруге  болады.
  • Ал қазір  әрбір  бала  бір – бірімен  қоштасады.

 

Белгілермен  ойнаймыз.

Мен  сұрақ  қоямыз,  ал  сендер  таңбалармен  көрсетесіңдер. Сұрақтарға  ауызша  жауап   беруге  болмайды.  Тек  қана  көрсету  не  қолды  көтеру,  не  ауызды  ашу  керек. (Әліппенің  әріптері.)

— Бұл  әріпті   кім  біледі?

— Кім айтады  бұл  әріпті?

— Бұл  әріпті  кім  білмейді?

— Мына  әріптерді  кім  оқып  береді «МА»?

— Мына  әріптерді  оқып  беріңдер.

Сабақтың  қорытындысы (шеңберде)

  • Шеңберге тұрып,  әрбір  бала  өз  пікірін  айтады. Бүгінгі  сабақта  ең  қызықты  болады?

 

«Біз  түсінікті  әрекеттенеміз  бе?»  ойыны.

  • Қазір ойыншықтарды  жинаймыз.  Жартысы  еден  сыпырады,  жартысы  гүл  суарады, ал  қалғандары  үстелдерді  сүртеді. Бір –бірімен.  Бізге  өз  дайындығыңызды  көрсетіңіз.  Сөзсіз  көрсету  керек.

«Кім  тез  шешеді?»  ойыны

Тапсырма: берілген  суреттердің  ішінен  екіншісін  тауып  ал.

 

«Винни —  Пухтың  хатын  оқыңдар»  ойыны

— Бізге    Винни –Пух  пен  Пятачок  қонаққа  келді.  Винни – Пух  жерге  үлкен  құпияны  жерледі.  Содан  кейін  Пятачокқа  хат – жоспарды  жіберді.  Бұл  хат  бойынша  құпияны  тез  іздеп   алуға  болады.  Пятачок  жоспар  бойынша  жүріп,  құпияны  тауып  алмады.  Неге? Қалай  ойлайсыңдар?

— Винни – Пухтың    хатын  оқыңдар.

Винни —  Пухтың  хаты.

  1. Үйшіктен шығу  керек.
  2. Гүлдердің қасынан  өту  керек.
  3. Шыршалардың қасынан  өту  керек.,
  4. Көпірден өту  керек.
  5. Үшінші таудың  қасынан  құпияны  іздеңдер.

Қорытынды: Винни – Пух,  хатты  дұрыс  жазбаған,  ал  Пятачок  кімнің  үйінен  құпияны  іздеуді  бастауға,  ойлаған  жоқ.  Хатты дұрыс  жазу  керек.  Біз  бәріміз  оларға  көмектесеміз.

 

«Жоспар  бойынша  тап….»  ойыны.

Ойын  ережесі:

  • Екі топқа  бөлінеміз (әр  топта  2  адамнан) Әр  балаға  үстелдің  ортасына  2  заттан  әкелу  керек. (2 кітап, 2 ақалам, 2-3  дәптер,  сурет  дәптер).

Әр  топ  бір  затты  жасырып  қояды. Содан  кейін  балалар  топтың  жоспарын  құрастырады.  Содан  кейін  топтар  жоспарларды  айырбастап,  жасырып  қойған  затты  іздейді.

 

  • Қимылды — әуен ойындары

Лавата.

Көңілді  билейміз  біз  тра – та- та,  тра – та – та

Сүйікті  биіміз  бұл  лавата,  лавата.

Менің  қолым  әдемі,

Әдемі,

Ал  көршінікі  одан  да  әдемі.

(қолдарынан  ұстап   шеңбер  бойымен  жүріп  айтылады. Жүргізуші  әр  шумақтан   соң  дене  мүшелерін  атап  отырады (басы  әдемі,  аяғым  әдемі  т.б)

 

БИ  БИЛЕЙІК.

Би  билегім  келеді

Бірақ  қалай  бастаймын.

Бірі  анда,  бірі  мұнда

Өзіңді  — өзің  айнала.

Бас   аяқты  топ – топ – топ,

Шапалақта  көп – көп – көп.

Бір  анда,  бір  мында

Өзіңді  — өзің   айнала.

 

ЖАПЫРАҚТАР

 

Жапырақтар,  жапырақтар,  желде  ұшады,

Аяқтың  астында,  сыбдыр  қағады.

Оңға  да,  солға  да  жапырақ  ұшады

Күзгі  жел  оларға  әнін  айтады.

Оңға   да,  солға  да  жапырақ  ұшады,

Күзгі  бақ  біздерге  «қош» —  деп  айтады.

Жапырақтар ырғалып  әсем  билейді,

Күзгі  жел  оларға  әнін  айтады.

Жапырақтар  қуана,  қуана ұшады,

Аяқтың  астында  сыбдыр  қағады,

Жапырақтар  ырғалып,  әсем  билейді,

Күзгі  жел  оларға  әнін  айтады.

 

ОЙЫН

Егер  өмір  қызық  болса,  былай  істе

(қол  шапалақтау)

Егер  өмір  қызық  болса,  былай  істе

(қол  шапалақтау)

Егер  өмір  қызық  болса,

Әрқашан  да  бақыт  болсын

Әрқашан  да  бақыт  болсын

Былай  істе

(әр  шумақтан  соң  қимыл  өзгеріп  отырады,  басты  ию,  жүру,  секіру,  ырғалу  т.б)

 

КИІЗ  ҮЙ

Киіз  үй, киіз  үй

Дөңгелек  өзі,  әсем  үй,

Қонақ  келсе  болғаны,

Бәрі  дайын  болады.

Асығады  көмір  де,

Ыстық    шай  да  әзірде.

Тез –ақ,  тез –ақ

Дайын  болады  бауырсақ

 

ӘЖЕМНІҢ  ТАУЫҒЫ

 

Аламыз  әжемен     тауықты,

Аламыз  әжемен    тауықты,

Тауық  жем  жеп  қыт- қыттайды.

Аламыз  әжемнен  үйге  үйректі. (2р)

Үйрек  былай  балпаңдайды.

Аламыз  әжемнен  үйге  сиырды

Сиыр  былай  деп  мө — дейді.

Аламыз  әжемнен  үйге  мысықты

Мысық  былай  мяу – дейді.

Аламыз  әжемнен  үйге  біз  итті,

Ит  былай  аф- аф – дейді.

Аламыз  әжемнен  үйге  шошқаны

Шошқа  былай  хрю – хрю  дейді

Аламыз  әжемнен  үйге  телевизор,

Телевизор  уақыт – уақыт,

Хабаршы  ля-ля-ля-ля

Тауық  жем  жеп  жеп  қыт- қыттайды.

(әр  шумақтан  соң  кері  қайталанып  отырылады)

 

 

ЖАТТЫҒУ

Оң  қолым  менің  алда,

Оң  қолым  енді  артта.

Апарып  оны  алға

Былай – былай

Сен  жаса.

Біз  билейміз  көңілденіп,

Айналамыз  дөңгеленіп,

Қолымызды  қатты – қатты  соғамыз

Буги – буги,  окей!

(оң  аяқ,  сол  қол,  сол  аяқ)

 

 

Мазмұны:

  1. Кіріспе. Ойын — ойды  өсіреді.
  2. Дидактикалық ойындардың  тәрбиелік  мәні.
  3. Тіл дамыту  ойындары.
  4. Интекрактивті ойындар.
  5. Әлеуметтік ойындар.
  6. Логикалық ойындар.

 

Пайдаланған  әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының  Білім  беруді  дамытудың  2011 – 2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы.
  2. Қазақстан Республикасы  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарттары.
  3. Б.Барсай «Математикалық  білім  беруде  қазіргі  технологияларды  қолдану» Алматы. «Өлке»  баспасы, 2002 жМатематикадан дидактикалық  материалдар  жаттығулары: орындау  технологиясы. 1-4  сынып  Алматы, 2005 жыл
  4. Математикадан дидактикалық  ойындар  мен  қызықты  тапсырмалар. Ш.Құрманалина, Р.Қ.Өміртаева. Алматы «Атамұра» 1997 ж.