Оригами

172

Сабақтың тақырыбы : Оригами

Сабақтың мақсаты: қағаздан түрлі бұйымдар жасау және композиция құрастыра білу дағдысын қалыптастыру .

            Міндеттері: 1. Қағазды бүктеудің тәсілдерін жетілдіру,оригами үлгілерінің сан түрлілігіне  бағыттала білуді қалыптастыру және оларды құрастыру тәсілдерін менгеру..

2.Қиялдау,шығармашылық және логикалық қабілеттерін дамыту, кеңінен ой жүгірте білу,есту сақтау қабілетін,көзбен өлшеуді,  шығармашылық  талғамды таныту;

  1. Әсемдік сезімге, тыңғылыққа,  өз бетінше жқмыс  істеуге,  материалды  үнемді жұмсауға баулу.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, түрлі – түсті қағаз.

            Сабақтың әдіс – тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ –жауап, практикалық.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Жұмыс орнын  әзірлеу, оқу – құралдарын реттеу.

  1. Жаңа сабақ
  2. Сөзжұмбақ құрастыру.
к о м п 1.   о з и ц и я
қ ұ 2.   р а қ
3.  и т
4 .  г о л у б ь
а н 5.   а
ж е л і 6.   м
7.   и н е

 

  1. Құрастыруды, құруды не дейміз?
  2. Матаның қиындысынан жасалатын не?
  3. Адамға серік,

Күзетке берік.                                      (Ит)

  1. Көгершіннің орысша аудармасы? (Голубь)
  2. Ең сүйікті, қымбатты,

Асыл адам —  ….                                 (Ана)

  1. Қағазды немен жапсырамыз? (Желім)
  2. Жортқан сайын жүйрігің,

Жеп келеді құйрығын.                       (Ине)

 

  1. Кіріспе әңгіме.

— Қағазды  бүктеу  өнері қайда пайда болды?(  VII  ғасырда Жапонияда. )

— Ежелгі уақытта   оригамиді  не үшін пайдаланды? (Қағаз  қолдан  жасалатын  және ерекше  жағдайларда ғана,  көбінесе  діни  рәсімдерде қолданылатын  бағалы және  талғамды материал  болды. Әрбір мүсінді  бүктеудің  өзіндік бір күрделі  мәні болды  және дұға  оқумен жалғасатын.)

— Жапонияда  оригамидің  бірнеше түрі белгілі. Олар түрлі мезгілде  пайда болғандықтан бірдей бұйымды жасау  технологиясының  түрлілігімен ғана емес,  түрлі түсті қағаздың  пайда  болуымен,  сонымен  қатар,  қандай да бір  бұйымды пайдаланумен  байланысты болды.

Оригамидің  көптеген  түрлері әлемнің  өзге елдерінде  кеңінен  қолданылды ,  өйткені олар Жапонияға  ғана тән  түрлі салт-жоралармен,  мерекелер мен тығыз  байланысты болды. Алайда қағаздың  төрт бұрышты парағын  қолдануға негізделген   бүктеу және оригамидің  дәстүрлі түрлері  көптеген елдердің  білім мен өнер  саласында  қолданысқа енді.

Оригамидің  әлемде  кеңінен қолданысқа  енуі —  жапон  шебері  Акира Йошизавенің  еңбегі. Ол ойлап  тапқан  қарапайым  белгілердің арқасында  бүктеу үрдісі  жазбаша тарала бастады. Осы белгілермен  таныс кез  келген адам  қандай шетелдік  кітаптан  алынса да, үлгіні  құрастыра білді.

Оригами  адамдардың  өмірінде де  үлкен орын алады. Сауықтыру  орталықтарында  оригамдің орны  ерекше: қолдары  сынғандардың ол  саусақтарының ұсақ  моторикасын қалпына келтіреді,  өмірге құштарлықтарын  арттырды. Көзі көрмейтін  балалар жан-жануардың  мүсіндерін жасай  отырып,  әлемді таниды. Оригами  сал ауруымен   науқастанатындарға  сырқатымен күресуге  көмектеседі.

III. Тақырыпты таныстыру және сабақтың мақсатын анықтау.

  1. Оқулықпен жұмыс.

Үлгіні қарастыру. Алдағы жұмысты жоспарлау.

Балаларға сұрақ қоя отырып, олармен бірлесіп жұмысты неден бастау керек екенін анықтау.

  1. Қораптың көлемін (ұзындығын, енін және биіктігін) анықтау.
  2. Бүктеу сызығын, қию сызығын белгілеу.

Дайын үлгіні бояуға, ат беруге, ол туралы бір оқиға немесе ертегі құрастыруға болады.

” Композиция „  деген не екенін еске түсіру ( құрастыру , құру )

  1. Шығармашылық тапсырма: жасалған үлгілерден композиция құру.

Түрлі мүсіндерді жасаған кезде, мұқият  болуға және барлық бүктемелерді тығыз етіп жасауға тырысуға балалардың назарын аудару.

Қолданбалы өнерде модуль деп  тұтас заттың  және оның бөлшектерінің көлем қатынасын білдіру үшін алынған шартты өлшемді айтады.

Модульдерді түрлі амалдармен біріктіре отырып, көптеген жазық  бейнелер алуға болады (күн, қоян, тиін). Ал біріктірген соң кейбір модульдерді иіп, көлемді мүсіндер алуға болады.

Күн сәулелері мықты тұру үшін желімдеп қоюға болады.

VI .Шығармашылық тапсырма.

  • Ойыншықты қосымша қалай безендіруге болатынын ойлан.
  • Оны не үшін пайдалануға болады?

Ойыншықтардан композиция құрастыру. Өз композициясын  қорғау жүргізу. Жұмысты топтармен ұйымдастыру.

VII .Сабақтың қорытындысы.

Жұмыс орнын ретке келтіру.  Көрмеге арнап үздік композициялар іріктеп алу.