Қиылысатын және қиылыспайтын түзулер

Сабақтың тақырыбы : Қиылысатын және қиылыспайтын түзулер.

Сабақтың мақсаты: 1. Қиылысатын және қиылыспайтын түзулер туралы түсініктерін қалыптастыру, жазбаша көбейту және бөлуді орындау дағдыларын бекіту.

2.Баланың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін дамыта отырып, ойын ұшқырлау. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту.


  1. Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге, өз жұмысын бақылауға, мақсатына жетуге ұмтылдыру. Қиялын дамытуға әсер етіп, Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық  және өздік жұмыс.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекі құралдары: интерактивті тақта, сызғыш т. б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


  1. II. Өтілген материалдарды қайталау.

Математикалық диктант.

350 : 50, 8 · 80,  280 : 4, 45 ·0,  12 · 6,  55 : 5,  78 : 2,  16 · 4, 7 · 60,  54: 2, 30 · 0, 342 · 1.

III. Жаңа сабақ.

  1. Жұмбақ жасыру.

Жоқ өзінде бас та,

Қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы

Тұр бойында.               (Сызғыш)

  • Олай болса, бүгін бізге, практикалық жұмыс жасау үшін сызғыш керек болады екен.
  • Түзу дегеніміз не?
  • Дәптерге қиылыспайтын түзулер сыздыру. (Түзудің басы да, ұшы да жоқ.)
  • Енді, қиылысатын түзулер сызайық. (Қиылысқан жері қиылысу нүктесі.)
  • Қиылысқан екі түзуде екі қиылысу нүктесі болуы мүмкін бе? Бір нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?
  • Интер/тақта арқылы қиылысатын және қиылыспайтын түзулерге түсінік беру.

 

  1. Өтілген материал бойынша жұмыс.

№3  — есепті талдап, содан кейін өз беттерінше шығарту.

а) Болғаны  — ? б., 5 л-ден 365 л.

Сатылғаны – 24 б.

Қалғаны — ?.,

Шешуі: 365 : 5 – 24 = 49 (б.)

Жауабы: болғаны – 73 б., қалғаны – 49 б.сүт.

 

Өздік жұмыс.

№4 — өрнектерді баған түрінде жазып, есептеу.

  • 3 = 963               865 : 5 = 173
  • 4 =  388                                984 : 4 = 271

79  · 5  =  395                                361 · 2 = 712

     Сергіту сәті .

 

№5 Интер/тақтадағы кесте бойынша жұмыс. (Ауызша)

 

Қатысушылар1 — айналым2 — айналым3 — айналым
Батыр1 мин  2 с1 мин  11 с2 мин  5 с
Ержан1 мин  7 с2 мин  0 с2 мин  2 с
Қайрат1 мин  0 с1 мин  1 с2 мин  0 с

 

  • Балалардың қайсысы бірінші келді?
  • Жолдастары одан неше уақытқа қалып қойды?

 

№6 Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

— см  —  мм— дм — см  — мм
23 мм2 см  3 мм0 дм  2см  3 мм
165 мм16см  5 мм1 дм  6см  5 мм
800 мм80см  0 мм8 дм  0см  0 мм
602 мм60см  2 мм6 дм  0см  2 мм
62 мм6см  2 мм0 дм  6см  2 мм
307 мм30см  7 мм3 дм  0 см  7 мм

 

 

Сергіту сәті .

 

№ 7  — логикалық тапсырма

 

Сұлтан –        4 жыл  6ай  үлкен

Жалғас —         6 жыл 6 ай үлкен

Перизат   —      ? ж ……………………….

 

  1. Сабақты қорытындылау.

„ Не оқып білдік ? ”  ойыны

  • Қалың дәптерде 40 бет бар. Қыз бала 1/8 бөлігіне жазды. Неше бетке жазды?
  • Пойыз 45 км жүрді, бұл барлық жолдың ½ бөлігі. Барлық жол неше км?
  • Пойыздың жолын қандай түзуге жатқызуға болады?
  • Әлияда 10 теңге, ал Нәзирада одан 2 есе артық. Нәзирада неше теңге қалды?
  • Торт пісіру үшін 500 г қант керек. 2 тортқа неше г қант керек?
  • Қиылысатын түзулерге нелерді жатқызуға болады?

 

  1. Оқушыларды бағалау, мадақтау.
  2. Үйге: №3 ә) 128 бет