Көпбұрыштың периметрі

141

Сабақтың тақырыбы: Көпбұрыштың периметрі

Сабақтың мақсаты: 1 «сынық сызық» түсінігін (тұйықталған, тұйықталмаған); сынық сызықтың ұзындығын табуға үйрету.

«Көпбұрыштың периметрі» түсінігімен таныстыру және оны табуды үйрету.

  1. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
  2. Ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралар, жіп, формула жазылған плакат.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Біз бақытты баламыз,

Ойлап, күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз,

Оқып, білім аламыз.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

78 беттегі №4 тапсырманы тексеру.

  1. Ауызша есептеу.
  • «Сиқырлы алтыбұрыш» тапсырмасы;
  • «Қай қатар жылдам?» ойыны ; Тізбектегі амалдарды орындау.
  1. Математикалық диктант.

— 7-ні 9-ға арттыр;

— Азайғыш 18, азайтқыш 8. Айырманың мәнін тап;

— 30 бен 50 сандарының қосындысын тап;

— 6 ондық, 8 бірліктен тұратын санды жаз;

— 1 дм 5 см неше сантиметр болады?

  1. Жаңа сабақ.

а/ Геометриялық конструктормен жұмыс.

ә/ Практикалық жұмыс. (сыммен жұмыс)

  • Әр кесінді буын, буындарды санату.
  • Сымның ұштарын қосып тұйықталған сынық сызық шығатынын көрсету.

б/ Суретпен жұмыс №1 тапсырма

  • Фигураларды атату;
  • Тұйықталған сынық сызықтардың көпбұрышты құрайтынын түсіндіру.

в/ Оқулықпен жұмыс. Р түсіндіру. №2-79б.

г/ Периметр табу. Сыныптың бөлмесінің ұзындығын метрмен өлшетіп, Р тапқызу. Өмірмен байланыстыру: құрылысшылар еденнің жиегіне қағатын ернеулікті сатып алу үшін, еңбек сабағында аппликациялық жұмыстар орындау үшін, …

  1. Өзіндік тапсырма орындату.

Оқушылар  өздері білетін геометриялық фигуралар жасайды.

  1. Есеп шығарту. №5 а, ә бөліктері, р табу.
  2. Қорытынды.
  3. Бүгін сабақта не үйрендік, не білдік кәне ортаға салайық.

— Көпбұрыш деген не?

— Көпбұрыштың периметрін қалай табамыз?

  1. Үйге тапсырма беру. №7 – 81б. жақшалы өрнектерді шығару, амалдарын көрсету.
  2. Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын  айтып, бағалау.