Түнгі ұйқы алдында балаларға ертегі оқып беру өте пайдалы

Түнгі ұйқы алдында балаларға ертегі оқып беру өте пайдалы

Бала тәрбиесінде ұйқы алдында балаға ертегі оқып беру, орасан зор мәнге ие. Сол үшін ата-ана бұл үрдіске өте жауапкершілікпен қарап және балаға ертегі оқудан бас тартпауы керек.

Ертегі оқу баланың тәрбиесіне ерекше әсер етеді, ойлау, фантазиясын дамытуға, елестету және творчествалық бастамасының дамуына әсер етіп, сөздік қорын ұлғайтады. Психологияда ертегітерапия сияқты бағыт бар, оның негізгі идеясы бала өзін ертегінің бас кейіпкері ретінде санап, жаманнан жақсыны ажырату, қайрымдылықтан жауыздықты айыру болып табылады. Сонымен қатар, ол баланы  назар қойып тыңдағышқа және болып жатқан оқиғаларға көңіл бөлуіне баули бастайды.

Ұйықтар алдында балаға қарапайым және қайырымдылыққа толы ертегіні оқыған жөн. Баланың түс көруі, оның ұйқы алдында не көріп, не естіп және нені сезінгеніне байланысты.

Баланың есте сақтау қабілетін арттыру үшін, арасында қайталама сөздері бар ертегілер өте пайдалы. Ал сезім ритмін дамыту үшін ертегі өлеңдерді оқып отыру керек.

Ұйқы алдында ертегіні оқудың тиімді жақтары:

  1. Заманауи ата-аналардың бүгінде балалармен толық қарым қатынас жасау мүмкіндігі үшін уақыттары жетпей жатады. Ал түнде ертегі оқу бала мен ата-ана арасын жақындатып және бір біріне деген ішкі байланысты бекітуге мүмкіндік береді. Осындай, берік эмоционалдық тәуелділіктің арқасында, ата-ана мен бала арасында сенімді қатынас орын алады.
  2. Ұйқы алдында ата-анасының тікелей біреуінің болуы, балада қорғаныштық сезімін оятады. Ұйқы алдында ертегі оқуды, балаға түсінікті сыйқырлы тілдегі қарым қатынас деп атауға болады.
  3. Ұйқы алдында ертегі тыңдайтын бала, теледидар көргенге қарағанда ертерек ұйықтап және айтарлықтай жайлы ұйықтайды.
  4. Балаға ертегіні бар жаныңызбен беріліп оқыңыз, сол кезде ғана бала естіген нәрсесінен айтарлықтай тиімді нәрселерді алады. Өзіңіздің барлық актерлік талантыңызды қосып және жақсы көңіл күйіңізбен, ерекше екпінмен, немесе мәтіндерді роль бойынша бөліп оны балаңызбен бірге оқыңыз.
  5. Егерде дауыстап оқуды ұнатпайтын болсаңыз, бұл міндетті әкесіне, ата-әжесіне немесе басқа үлкен балаларға тапсырып қоюдың ешқандай ерсілігі жоқ. Алайда кеші ұйқы алдында ананың баласының жанынан табылуы міндетті.