«Қазақ халқының ерлік істері»

111

Ақтөбе облысы,
Темір ауданы,
Шұбарқұдық кенті
Ж.Кереев атындағы орта мектебінің мұғалімі
Меңдіғазиева Гүлмира Мақсұтқызы

Cабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының ерлік істері»
Мақсаты:Ата Заңымызды қадірлеуге,туған еліне,жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ұлы отан соғысының маңызы, халықтың Отан сүйгіштік қасиеті, қаһарман ерлігі мен еңбегі және бүгінгі егеменді еліміздің дамуы. Патриоттық сезімге баулу. Балалардың елін, жерін, Отанын сүюге, ержүректілікке тәрбиелеу.

«Қазақ халқының ерлік істері»
«Қазақ халқының ерлік істері»

Көрнекіліктер: слайдтар,суреттер,бейнетаспа.

Кіріспе әңгіме: 1941 жылы маусымның 22-нде гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады. Ұлы отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды. 1945 жылы 8 — мамырда Берлинде фашистік германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9-ында бұрынғы болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді. Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне бастады. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата — әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын! Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын.
— Балалар бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Осы сұрапыл шайқаста талай батыр апаларымыз бен ағаларымыз жаумен шайқасып ерлікпен қаза тапты. Ж. Молдағалиев, Қ. Қайсенов, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Төлеген Тоқтаров, Талғат Бигельдинов сияқты аты аңызға айналған, ағаларымыз бен әкелерімізді, апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.
Бұл кісілердің есімі ешқашан ұмытылмайды. Кеңес одағының батыры атанған бұл кісілердің есімі мәңгі жадымызда сақталады.

Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап,дербес мемлекет болды.Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды, Қазақстанның тұңғыш рет Ата заңы қабылданды.Тәуелсіздік туы,көк байрағы желбіреп,асқақтаған әнұраны шырқалуда.Қазақстанның  жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде.Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл ел таныды.
— Балалар, Отан, батырлық, ерлік туралы мақал – мәтелдер жаттап үйренейік.
1. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
2. Ер жігіт елі үшін туады,
Елі үшін өледі.
3. Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы.
Сөзжұмбақ «Отан»

1.Ұлттардың бірлігі,татулығы Достық

2.Елордамыз  қай қала? Астана

3.Біз қай ұлтпыз? Қазақ

4.Мемлекеттік рәміздердің бірі Әнұран

Еліміздің рәміздерін атайық.

(Туы,Елтаңбасы,Әнұраны)

Оқушылар өздерінің жазған шығармаларын,өлеңдерін оқыды.

1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы,Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді. Жобасын жасаған- Шәкен Ниязбеков.

Елтаңбаның авторлары- Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов.

Елтаңбадан елдің тарихы,дәстүрі рухы толықтанылуы керек.Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр . Қазақта шаңырақ биік,керегең кең,босағаң берік болсын деген сөз бар.Осы ұлы тілек негізге алынған.

Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жүмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев.

Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

Әнұран-Мемлекеттің халық әні.

Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға,күннен –күнге өркендеп өсіп,кеңейіп,гүлденіп келеді.

 

 

 

Міне,балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктеріңді көрсете білдіңдер.Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ,мықты азамат болатындарына сеніміміз  мол.
Қорытынды сөз Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болды. Отанымыздың даңқы – ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Біз оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз. Қарттарды, майдангерлерді қадірлейік! Олардың есімі ел есінде мәңгі сақталады. Ұмытылмас тұлғалардың бейнесі біздің көкейімізді ұялап, мәңгі қала бермек.