Дененің салмағы. Салмақсыздық

359

 

Сабақтың тақырыбы: §18 Дененің салмағы. Салмақсыздық

Білімділік: Салмақ, салмақ бірлігі, формуласы және оның қолданылуы туралы білім беру;

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, қолдана білуге үйрету, жеке тұлғалық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: білімін жинақтап жеткізе білуге үйрету, сенімділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас  сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе қағаздары,

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу,
  • Оқушы назарын сабаққа аудару
  1. Үй тапсырмасын тексеру
  • Өтілген материалды еске түсіру
  • Тесттік тапсырмалар
  • Графиктік диктант
  • Формулалар сөйлейді.

 

Графиктік диктант.

І топ

  1. Физика табиғат туралы ғылым.
  2. F=ma үйкеліс күшінің формуласы
  3. Ньютонның екінші заңы инерция заңы деп аталады.
  4. Еркін түсу үдеуінің шамасы g =9,8 м/с
  5. Ньютонның екі заңы бар.
  6. Гравитациялық тұрақтының сан мәнін ағылшын ғалымы  Кавендиш анықтаған.

 

ІІ топ

  1. Күштің өлшем бірлігі Джоуль
  2. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан Ньютон.
  3. =  Ньютонның бірінші заңы.
  4. Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдығының өзгеру дәрежесін сипаттайтын шама уақыт деп аталады.
  5. Күшті өлшейтін құрал динамометр
  6. Ньютонның бірінші заңы инерция заңы деп аталады.

 

Формулалар сөйлейді !!!

 

 

Формулалар Физикалық атауы
F =ma
=
F=kx
F=G
a=
=
=

 

III . Жаңа сабақты түсіндіру

 

 

 

 

 

 

Дене салмағы, формуласы, өлшем бірлігі, түсірілу нүктесі, салмақсыздық, асқын салмақ

  • Салмақ — дененің Жерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші P=mg
  • Салмақсыздық — дененің салмағы нолге тең болатын дененің күйі P=m(g — a)
  • Асқын салмақ — тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуы P=m(a+g)

Сергіту сәті. «Қызықты үзіліс»

  • «Р»-ның математикалық және физикалық мағынасы қандай?
  • Астана,Пермь,Қызылтас,Қызылорда,Алакөл,Шахтинск және электроскоп осы сөздердің соңғы әріптерінен француз оқымыстысының фамилиясын шыгару керек.

 

  1. Сабақты бекіту
  2. Дененің салмағы дегеніміз не?
  • Қандай жағдайда дене салмақсыздық кешеді? Мысалдар келтіріңдер!
  • Дененің салмағы мен денеге әрекет ететін ауырлық күшінің арасындағы айырмашылақ неде?

 

  • Лифті 10 м/с2 үдеумен вертикаль төмен қозғалып барады.Лифтінің ішінде тұрған массасы 60 кг адамның салмағы неге тең?
  • 15 – жаттығу.

Күн жүйесін планеталарының экватордағы еркін түсу үдеуінің мәндері.

 

Планеталар  g (м/с2)
Меркурий 3,7
Шолпан 8,8
Жер 9,8
Марс 3,8
Юпитер 24
Сатурн 9,1
Уран 9,8
Нептун 13,5
Плутон 0,6

Мысалы: m = 50 кг

gжер = 9,8 м/с2

Т/к            Ғ=?

F=mgжер =50 кг•9,8 м/с2 = 500 Н

 

g ай = 1,6 м/с2

F=mg ай =50 кг•1,6  м/с2 = 90 Н

 

g мер = 3,7 м/с2

F=mgжер =50 кг•3,7 м/с2 = 185 Н

 

  1. Қорытындылау

Сөзтізбек құрастыру

 

  • Уақыттың негізгі өлшем бірлігі?
  • Табиғат туралы ғылым?
  • Еркін түсу үдеуін анықтаған итальян ғалымы?
  • Ұзындықтың өлшем бірлігі
  • Токтың өлшем бірлігі
  • Заттың күйі

 

  1. Оқушыларды бағалау

VII. Үйге тапсырма                     §18  182-184 (Р)