Күш. Деформация.

 

Сабақтың тақырыбы: Күш. Деформация.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік:        Жаңа тақырып бойынша алған блімдерін өздігінен кез-

келген жағдайда пайдалана білуге үйрету;

Б) Дамытушылық: Оқушының даму жүйесін дамыту, жүйелі түрде ойлауға

ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру;

В) Тәрбиелік:         Өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты

екендігін көрсету, балаларды еңбектене, іздене білуге

баулу;

Сабақ түрі:                Десант сабақ

Сабақтың көрнекілігі мен техникалық құралдар: интерактивті тақта, пласталин, шар, таразы, серіппе, сызғыш, сағат, мензурка, термометр;

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

Оқушыларды түгендеу, салбаққа дайындығын тексеру, сынып тазалығын тексеру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

А) «Кім тапқыр?» сайысы

Тест сұрақтары

  1. Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама

А) Заттың тығыздығы;

В) Дененің массасы;

С) Дененің көлемі;

  1. Заттың тығыздығын табатын формула

А) m=pV;

  1. B) V=m/p;
  2. C) p=m/V;
  1. тығыздықтың өлшем бірлігі.

А) кг;

В) кг/м3;

С) м3;

  1. Ұзындығы 8 см, ені 5 см, қалыңдығы 3 см алтын кесегінің көлемі қандай?

А) 120 см3;

В) 100 см3;

С) 150 см3;

  1. Бір қалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтайтын формула.

А) v=S/t;

  1. B) S=v∙t;
  2. C) m=pV;
  1. 72 км/сағ неше м/с-қа тең?

А) 10 м/с;

В) 20 м/с;

С) 15 м/с;

  1. Аспан денелерінде және олардыңжүйелерінде өтетін құбылысты зерттейтін ғылым.

А) физика;

В) астрономия;

С) география;

  1. Заттың неше күйі болады?

А) 2;

В) 4;

С) 3;

  1. 1 кг – да неше грамм бар?

А) 1000 гр;

В) 100 гр;

С) 0,001 гр;

  1. Қазақстанның алғашқы ғарышкері кім?

А) Талғат Мұсабаев;

В) Юрий Гагарин;

С) тоқтар Әубәкіров;

Б) «Кім білгір?» сайысы.

 

Өлшеу құралдарының атын атап, атқаратын қызметтерін айту.

  1. Термометр;
  2. Сызғыш;
  3. Сағат;
  4. Мензурка;
  5. Таразы;

ІІІ. Жаңа сабақ.

 

«Білегі күшті бірді жығады,

білімі күшті мыңды жығады».

«Көптің күші – бірлікте».

 

 

 

 

 

Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.

 

 

 

 

Әртүрлі денеге әртүрлі күш түсіреміз.

Демек, күштің сан мән көп те, аз да болуы мүмкін.

Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама болып табылады.

 

 

 

 

 

Күшті Ғ әрпімен белгілейміз.

SІ жүйесінде күш бірлігіне ньютон (Н) алынған. 1Н – тыныштық күйіндегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1 м/с жылдамдық беретін күш. Бұдан үлкен күш бірлігі – килоньютон (кН) да қолданылады. 1кН = 1000 Н.

 

 

 

 

Дене пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруін дефомация

(латынша деформация – бүліну, бұзылу) деп атайды.

 

 

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене                       күштің әрекеті тоқтағаннан кейін

өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін                              дененің бастапқы пшіні мен өлшемі

өзгертетін болса, мұндай деформация                           қайтадан қалпына келетін болса,

пластикалық деп аталады.                                              мұндай деформация серпімді деп аталады.

 

 

 

 

пласталин, саздан жасалған денелер                                                серіппе, резинка, т.б

 

Тәжірибелер деформациялаушы күшке қарама қарсы бағытталған жаңадан бір күш пайда болатынын көрсетеді. Бұл күш серпімділік күші деп аталады.

 

 

 

 

 

 

  1. IV. Жаңа сабақты пысықтау.

Сәттілік кезең

  1. Күш дегеніміз не?
  2. Күш немен сипатталады?
  3. Күштің өлшем бірлігі қандай?
  4. Күш бірлігі кімнің құрметіне ие болған?
  5. Деформация дегеніміз не?
  6. Деформация нешеге бөлінеді?
  7. Пластикалық деформация дегеніміз не?
  8. Серпімді деформация дегеніміз не?
  9. Деформациялаушы күшке қарсы күш қалай аталады?
  10. Түсірілген күштің шамасы белгілі бір шектен асқанда не болады?

 

 

  1. Физикалық диктант
  2. Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын _________________ болып табылады.
  3. SІ жүйесінде күш бірлігіне _________________ алынған.
  4. Физикалық негізі мақсаты табиғатта болып жатырған _________________ зерттейді.
  5. Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрген, ондай қозғалыс _________________ қозғалыс деп аталады.
  6. Пішіні мен көлемін сақтау _________________ денеге тән қасиет.
  7. Дененің немесе заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама ________ деп аталады.

VІ. «Сәйкесін тап» ойыны.

 

VIІ. «Кім шапшаң?» сайысы.

Есептер шығару.

1 – есеп:   Көлемі 0,012 м3 ыдыс сумен толтырылған. Судың тығыздығы 1000 кг/м3. ыдыстағы судың массасы қандай?

2 – есеп:    Ыдыста массасы 200 гр су бар. Судың тығыздығы 1000 кг/м3. Ыдыстың көлемін анықта.

3 – есеп:    Массасы 2 кг, ал көлемі 100 см3 металдың тығыздығы қандай?

4 – есеп:    Көлемі 0,1 м3 ыдыста сүт бар. Сүттің массасын тап. Сүттің тығыздығы 1030 кг/м3.

 

VІІІ. Сөзжұмбақ «ФИЗИКА»

 

Мына сөзжұмбақты шешкенде ерекшеленген тор көзде табиғатта

болып жатырған құбылыстарды зерттейтін ғылымның аты шығады.

 

 

 

 

 

  1. Бір заттың молекулалары екінші заттың молекулаларына өтуі.
  2. Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы.
  3. Заттың күйі.
  4. Адамзаттың тұңғыш ғарышкері кім?
  5. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама?
  6. m — әрпімен белгіленетін физикалық шама?

 

ІХ. Үйге тапсырма беру.

  • 33. Күш. §34. Деформация.

 

Х. Багалау.

ХІ. Қорытындылау.