Пайдалы қазбалар

113

 

Мақсаты: Оқушылардың пайдалы қазбалар  жайлы білімдерін молайту. Кенді пайдалы қазбалар түрлері, қара металл қасиеті,өндірілуі, еліміздегі басты кең орындары туралы түсінік бере отырып, білімдерін арттыру.

Оқушылардың танымдық іс — әркекттерін дамыту, өздігінен қорытынды шығаруға үйрету.

Ізденімпаздыққа, ұйымдастырушылыққа тәрбиелеу, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Көрнекіліктер: Қазақстанның физикалық картасы, телесканер, пайдалы қазбалар коллекциясы, анықтамалар жазған қағаздар, семантикалық карта, тест сұрақтары.

Әдісі: Түсіндіру, көрнекілік, проблемалық, сұрақ – жауап.

Сабақтың құрылымы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

 

  1. Үй тапсырмасын қайталау.
    • Қазақстан жерінде жазықтың қандайтүрлері бар?
    • Шоқы деген не?
    • Сарыарқаның жер бедері қандай?
    • Шығыс өңірдегі таулар туралы қандай әндерді білесіңдер?
    • Алтайдың биік шыңы неліктен Мұзтау деп аталған?
    • Картадан каспий маңы ойпатын, Сарыарқаны, Алтайды, Тянь – Шаньді тап.
    • Сенің тұрған жерінің жер бетінің қандай түрлері бар?
    • Шаруашылыққа қалай пайдаланылады?

 

  • Жаңа тақырып.
    1. Ой ашар.

Пайдалы қазба деген не? Неге керек? Пайдалы қазбаларды өндіру  жолдары.

  1. Топтастыру.

Пайдалы қазбалар

 

 

                            Кенді                   Жанғыш            Кенге жатпайтын

  1. Сарамандық жұмыс.

Қара металл мен түсті металл – мыс, қалайы, қорғасын, алюминидің магнит арқылы қасиеттерін анықтау.

  1. Коллекциядан темірді табу.

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Темір – дүние жүзіндегі ең көп қолданылатын  металл. Оның үлесіне бүкіл металлдардың 95% тиеді.

Пайдалы қазбалардың геолог барлаушылар іздеумен айналысады. Бірінші қазақстандық геолог барлаушы, бірінші қазақ академигі кім? Ана тілінде қай әңгімеден оқыдық?

Қазақстанның жер қойнауындағы темір кенінің қоры бүкіл Батыс Еуропа еліндегі темір кені қорының артық. Бір ғана Ақтөбе облысының жерінде (картадан көрсету) бүкіл ТМД елдеріндегі темір тас қорының 95%  шоғырланған. Қара металл кендерінің ең бастылары – магнитті теміртас, қызыл, қоңыр теміртас.

Дарын: Темірді екі әдіспен өндіреді. Жер қойнауының тереңінде  жатқан кенді алу үшін шахта қазады. Егер темір жер бетіне жақын орналаса оны қарапайым ашық әдіспен өндіреді. Ашық кеніш – үлкен шұңқыр, түбі терең – карьер деп аталады. Тереңдігі 200 метрдей. Кен қоры осынау алып қазанда жатқандай. Жиекте тұрып қалса, жоғарыдан төмен қарай жағалай орнатылған шеңбер – шеңбер баспалдақ тәрізді, қатар – қатар текшені көресің. Әр текшенің биіктігі 10 – 15 метр. Осындай 10 шақты текше жоғарыдан төмен қарай сатылап түседі.

Азиза: Қазаншұңқыр ішіндегі абыр – сабыр қарбалас жұмысты көруге болады. Бұрғы машиналары қатар –қатар тұрып, келі түйгендей тынымсыз күмпілдетеді. Салмағы 1200 килограмға дейін жететін балғасы бар машиналар бұрғылаушылардың қолында. Тау соғар балғамен түйгіштеп, тас қатайды, скважина қазылды.

Манас: Ендігі жерде іске қопарғыштар кіріседі. Олар скважинаға жарылғыш дәрі салып, оны «оқтап» атады. Биік текшелер түбімен қопарылып, аспанға атылады. Соңынан ірілі – ұсақты тастар жатады.

Аружан: Ендігі жұмыс  кенді тиеуші экскаватор  мен кен тасушы электровоз жүргізушілерінікі. Экскаваторлардың қасына темір жол тарамдары барады. Сыйымдылығы 100 тонналық вагондар сүйретіп, кен тиеп әкететін электровоздар темір жол станциясына апарады. Осындағы состав – составымен темір қорыту зауытына жөнелтіледі. Зауыттарда темір қорытатын домна пештерінде балқытылып темір шойын қорытылады. Қорытылған темірді әр түрлі қалыптарға құйып суытқаннан кейін темірден техникаға қажетті құралдар, (запчасть) әр түрлі заттар жасайтын зауыттарға жібереді.

 

Сергіту сәті.

 

  1. Бекіту.
  2. Кітаппен жұмыс — мәтінді оқу.
  3. Анықтамаларды дәптерге көшіріп жазу.

 

  1. Қорыту.

«Мен саған, сен маған» сұрақ – жауап ойыны арқылы темір кен орындарын шартты  белгілеріне қарап табу. Оқушылардың білімдерін бағалау.

 

Үйге тапсырма: 40 – 42 бет.