Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы.

34

8 кл. Физика

Сабақтың тақырыбы:

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы.

  • Сабақтың мақсаты: тұрақты токтың жұмысы мен қуаты қандай шамаларға тәуелді екенің және электр тогының жұмысын есептеуді үйрену
  • Тәрбиелік мақсаты: өз беттіренше ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, шапшандыққа, саналы сезімге тәрбиелеу
  • Дамытушылық мақсаты: оқушылардың танымдық көзқарастарын жетілдіріп, есте сақтау қабілетін дамытып, оны есеп шығару барысында қолдана білу қабілеттерін дамыту

 

  1. Электр тогы деп нені айтады? Формуласы, қажетті шарттары әрекеттері?
  2. Ток күші дегеніміз не? Формуласы
  3. Бөғде күштер деп нені айтамыз? Ток көзінің электр қозғаушы күшінің физикалық мағынасы қандай?
  4. Тізбен бөлігіне арналған Ом заңының тұжырымдасы. Электр кедергісі деп нені түсінесіндер?
  5. Метал өткізгіштің кедергісі оның өлшемдеріне тәуелді ме?
  6. Өткізгіштерді жалғау түрлері

«Менің ойым»

 

  • Шартты белгілерін сызып корсет.
  • Гальваникалық эл.
  • Өткізгіш сым
  • Қыздыру шамы
  • Кілт
  • Вольтметр
  • Амперметр
  • Кедергі

 

 

 

  • Мына формурлар дұрыс па?

 

  1. І=U/R
  2. U=q/A
  3. І=q/t
  4. U=І/R
  5. R=p
  6. R=ІU

 

 

 

  • Мына таңба дұрыс па?
  1. І – ток күші
  2. R – кернеу
  3. U – кедергі
  4. E – ЭҚК
  5. q – заряд
  6. Ƿ — меншікті кедергі

 

  • Мына өлшем бірліктер дұрыс па?
  1. І (Ф)
  2. R (Ом)
  3. A (Дж)
  4. U (Кл)
  5. q (В)
  6. E (В)
  7. C (А)


 

«Өзіміз есеп құрастырамыз»

Схемасын сызу керек

 

  • Құралдар: ток көзі, өткізгіш сымдар, амперметр, электр шамы, кілт

1 минут уақыт ішінде 12,5 А ток тізбек бойынан өтеді. Тізбек бойымен өткен зарядты анықта.

 

  • Құралдар: ток көзі, өткізгіш сымдар, ампарметр, вольтметр, электр шамы, кілт.

Өткізгіш ұштарындағы кернеу 220 В тең болған кезде амперметр 5 А ток көрсетеді. Сондағы кедергінің қанша болғанын есепте.