Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі.
Сабақ тақырыбы: Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі.
Сабақ мақсаты:
- Атмосфералық қысым туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, қалыпты атмосфералық қысым, атмосфералық қысымның биіктікке, ауа райына байланысты өзгеруі туралы түсінік беру.
- Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.
- Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,
Техникалық оқыту құралдары: компьютер, видеопроектор, экран.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
- Барометр не үшін қолданылады?
- Барометр-анероидтың құрылысы қандай?
- Ол қалай жұмыс істейді?
- Барометрмен тағы нені бақылауға болады?
- Жер шарының әр түрлі орындарында атмосфералық қысымды үнемі өлшеп тұру не үшін қажет? Мұның метеорологияда қандай мәні бар?
ІІІ. Жаңа сабақ.
|
Атмосфераның негізгі қабаттары
Биіктігі 760 мм сынап бағынына тең, 00С температурадағы атмосфералық қысым қалыпты атмосфералық қысым деп аталады.
Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм сын. бағ.=101325 Па=1013 гПа≈100 кПа≈105Па.
Барометрді теңіз деңгейінен шамамен әрбір 110 м биіктікке көтерген сайын сынап бағаны 1 см-ге төмендейтіні анықталды.
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеретінін пайдаланып, анероидтарды көбінесе көтерілу биіктігін көрсететіндей етіп градуирлейді. Мұндай анероидтарды альтиметрлер деп атайды.
IV.Пысықтау.
- Есептер шығару. В. И. Кем, Б.А.Кронгарт. Есептер мен жаттығулар жинағы: №671, №672, №673.
- Қорытындылау.
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: §52. 26-жаттығу.