Барометр

Сабақ тақырыбы: §51. Барометр.

Сабақ мақсаты:

  1. Атмосфералық қысым туралы  ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, атмосфералық қысымды өлшейтін құрал туралы түсінік алуға жетелеу.
  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,

Техникалық оқыту құралдары: компьютер, видеопроектор, экран

Құрал-жабдықтар: барометр-анероид.

Демонстациялық көрсетілімдер: атмосфералық қысымды барометр-анероидпен өлшеу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Атмосфералық қысымның пайда болу себебі не?
  2. Э.Торричелли тәжірибесінің мәнісі неде?
  3. Адам атмосфералық қысымға төзіп, шыдай ма?
  4. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі қанадй?
  5. Тамызғымен сұйықты сорғанда қанадй физикалық құбылыс пайдаланылады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал барометр деп аталады.

(барос-ауырлық, метрео-өлшеймін)

Атмосфералық қысымды өлшеу үшін барометр-анероид кеңінен қолданылады. (анероид-сұйықсыз).

Барометр-анероидтың құрылысы

1-дөңгелек жұқа металл қорапша

2-серіппе

3-беріліс тетігі

4-көрсеткіш

5-шкала

IV.Пысықтау.

  1. Есептер шығару. В. И. Кем, Б.А.Кронгарт. Есептер мен жаттығулар жинағы: №654, №678, №685.
  2. Қорытындылау.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: §51. 25-жаттығу.