Көлбеу жазықтық. Механиканың алтын ережесі. §73.Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті.

Сабақ тақырыбы:  §72.Көлбеу жазықтық. Механиканың алтын ережесі. §73.Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті.

  1. Оқушыларға көлбеу жазықтық, механиканың алтын ережесі, толық жұмыс, пайдалы жұмыс, ПӘК-і туралы түсінік беру .
  2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білу дағдыландыру.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Теңиінді таразының тепе-теңдік шарты қалай оқылады?

2.Теңиінді және ондық таразылардың жұмыс істеу принциптерінің өзгешелігі неде?

  1. Таразының Ай бетіндегі көрсетуі мен Жер бетіндегі көрсетуі бірдей бола ма?
  2. Салмақсыздық жағдайында таразы жұмыс ісьей ала ма?
  3. Бір ғана кір тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма? Бар болса, оның жұмыс істеу принципі қандай?
  4. Жай механизмдер дегеніміз не?
  5. Жай механизмдердің түрлері қандай?
  6. Жай механизмдер жұмыстан ұтыс бере ме?
  7. Иіндікті не үшін қолданады?
  8. Блок деген не?
  9. Жылжымайтын және жылжымалы блоктардың жұмыс әрекетінде қандай ерекшеліктер бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.

дененің массасы,

көлбеу жазықтық ұзындығы,

көлбеу жазықтық биіктігі,

-ауырлық күші,

тарту күші.

Күштен ұтыс беретін қарапйым механизмге көлбеу жазықтық   жатады.

 

яғни

     немесе

 

Көлбеу жазықтықтың бойымен денеге әрекет ететін тарту күші оның ауырлық күшінен неше есе кем болса, көлбеу жазықтықтың ұзындығы оның биіктігінен сонша есе артық болады.

Механиканың алтын ережесі: күштен қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз.

Механиканың алтын ереесінің иіндіктер үшін орындалатынын көрсетейік.

Иіндік бұрылған кездегі күштердің істейтін жұмыстары:  және

Иіндіктің сол жақ ұшінің потенциалдық энергиясы белгілі бір шамаға өссе, оң жағының потенциалдқ энергиясы сондай шамаға кемиді. Сондықтан

   Ендеше

Механизмдердің өздерін қозғалысқа келтіретін жұмыс жалпы немесе толық жұмыс делінеді.

Механизмдердің  басқа денелерді қозғалысқа келтіретін жұмысы пайдалы жұмыс деп аталады.

Механизмнің немесе машинаның пайдалы әрекет коэффициенті деп пайдалы жұмыстың толық жұмысына қатынасын айтады:

  1. Пысықтау.
  2. Көлбеу жазықтықтың формуласы қалай жазылады?
  3. «Механиканың алтын ережесі» қалай оқылады?
  4. «Механиканың алтын ережесі» барлық механизмдер үшін орындала ма? Мысал келтіріңдер.

4.Жалпы жұмыс пен пайдалы жұмыстың айырмашылығы анықталады?

  1. Мәңгі қозғалтқыштар жасау мүмкін бе?
  2. Есептер шығару. В.И.Кем, Б.А.Кронгарт. Есептер мен жаттығулар жинағы,№554, №555, №556.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §72. §73. 19-тапсырма.

 

 

 

7-сынып.

Есептер шығару.

Сабақ мақсаты:

  • Оқушылардың «Жұмыс.Қуат.Энергия» тарауы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.
  • Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: бекіту

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, В.И.Кем, Б.А.Кронгарт. Есептер мен жаттығулар жинағы, Р.Башарұлы, Ж.Бақынов. Дидактикалық материалдар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.

ІІІ. Есептер шығару.

№439. Массасы 400 г қаршығаны ауа тасқыны 70 м биікке көтереді. Құсты көтерген күштің жұмысын анықтаңдар.

№440. Автокран массасы 1,5 т жүкті көтеріп, 22, 5 кДж жұмыс атқарды. Сонда жүк неше метрге жоғары көтерілді?

№453. Массасы 10,5 т көмір артқан қауға шахтыдан бір қалыпты көтерілгенде 6200 кДж жұмыс істелінеді. Шахтаның тереңдігі қандай?

№475. Спортшы массасы 200 кг штанганы 4 с-те 2 м-ге көтерді. Сонда оның қуаты қандай?

№476. 1 сағатта 18000 кДж жұмыс өндірген двигательдің қуатын анықтаңдар.

№481. Қуаты  3МВт тепловоз 150 кН күшпен құрамды тартып келе жатыр. Осы құраммен 48 км жолды бір қалыпты жүріп өту үшін қанша уақыт керек?

№490. Жүк көтеруші машинаның қуаты  4кВт. Ол қандай жүкті 15 м биіктікке  2 минут ішінде көтере алады?

 №504. Иіндіктің ұштарына 40 Н және 240 Н күштер әсер етеді. Кіші күш ілінгенге дейінгі тірек нүктесінің қашықтығы  6см. Егер иіндік теңгерілген қалыпта болса, иіндіктің ұзындығын табыңдар.

№513. Тепе-теңдік күйдегі иіндіктің иіндері сәйкес  15 және 90 см-ге тең. Иіндікке түсетін күш 1,2Н. Үлкен күштің мәнін табыңдар.

№8. Қатаңдығы 1,5∙105 Н/м серіппені серпімділік күшінің әсерінен 2 см-ге ұзартса, серіппенің потенциалдық энергиясы қандай болады?

№10. Массасы 50 тонна реактивті ұшақ Жермен салыстырғанда 300 м/с жылдамдықпен қозғалса, оның кинетикалық энергиясы қандай болады?

IV.Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың жұмысын тексеру.

  1. Қорытындылау.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма:  №7 зертханалық жұмысқа дайындық.

 

 

7-сынып

Зертханалық жұмыс №7

Тақырыбы: Денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-н анықтау.

Жұмыстың мақсаты: денені h биіктікке көтергенде істелетін пайдалы жұмыстың сол денені осы биіктікке көлбеу жазықтық бойымен көтергенде істелетін толық жұмыстан кем болатынын көрсету.

Құрал-жабдықтар: тақтай, динамометр, өлшеуіш таспа, ағаш білеуше, штатив.

1-тапсырма. Денені h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты анықтау.

Жұмыстың барысы: денені h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтеру үшін F1 күші А1 жұмысын істейді: А1=F1h.

Денені бірқалыпты тік жоғары көтеретін F дененің ауырлық күшіне тең: F1=P.

Оны динамометрмен тікелей өлшеу керек:

  1. білеуді көтеретін h биіктігін таңдап алыңдар;
  2. білеудің ауырлық күшін динамометрмен өлшеңдер;
  3. білеуді h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты есептеп шығарыңдар.

2-тапсырма. Денені көлбеу жазықтық бойымен h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтерудің орнына, F2 күшін түсіріп ұзындығы ℓ көлбеу жазықтықты пайдаланып көтеруге болады. Алайда, көлбеу жазықтықты пайдаланғанымызда, механиканың алтын ережесі бойынша күштен ұтқанымызбен (F1< F2), оның есесіне жлдан ұтыламыз (ℓ >h). Көлбеу жазықтықты пайдаланғанда істелген А2 жұмыс мынаған тең: А2=F2. ℓ

«Алтын ережеге» сәйкес үйкеліс есепке алынбаған жағдайда А1 және А2 жұмыстары бір-біріне тең: А2= А1немесе F1h=F2. ℓ

Практикада үйкелісті болдырмау мүмкін емес, сондықтан толық жұмыс А2 пайдалы А1 жұмыстан іс жүзінде үлкен: А1< А2.

  • тақтайды 175-суреттегідей көлбеу орналастырыңдар;
  • көлбеу жазықтықтың ℓ ұзындығын өлшеңдер;
  • білеуге динамометрді іліп, оны көлбеу жазықтықтың бойымен жоғары қарай бірқалыпты қозғалтып тартыңдар да, F2 тарту күшін өлшеңдер;
  • білеуді көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты көтергенде істелетін А2 жұмысты есептеңдер.

3-тапсырма. Көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін анықтау.

Жұмыстың барысы.

Көлбеу жазықтықты пайдаланып, білеуді көтергендегі көлбеу жазықтықтың ПӘК-і пайдалы А1 жұмысты толық А2 жұмысқа бөлгенге тең:

η= А1/ А2 немесе пайызбен есептесек: η= А1/ А2·100%

ПӘК-ін табу үшін:

  1. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-н есептеңдер;
  2. Механиканың «алтын ережесін» пайдаланып, үйкеліс есепке алынбаған жағдайда, көлбеу жазықтық күштен қандай ұтыс беретінін есептеңдер. Есептелген F2 мәнімен динамометр арқылы өлшенген F2 мәнін салыстырыңдар,
  3. Көлбеу жазықтықтың h биіктігін өзгертіңдер де, істелген жұмыстарды(пайдалы және толық) және көлбеу жазықтық ПӘК-н анықтаңдар;
  4. Зертханалық жұмыстың барлық тапсырмалары бойынша алынған нәтижелерді мына кестеге түсіріңдер:

 

ретіКөлбеу жазықтықтың бойымен тарту күші, F2(Н)Ауырлық күші, F1(Н)Білеуді көлбеу жазықтық бойымен қозғалтып көтергенде істелетін толық жұмыс А22 (Дж)Көлбеу жазықтық

тың ұзындығы, ℓ(м)

Көлбеу жазықтықтың биіктігі,h

(м)

Білеуді тік жоғары көтергенде істелетін пайдалы жұмыс,

А1=F1h.

 

ПӘК

(%)

 

 

  1. Қорытындылау.
  2. Бағалау.

 

 

7-сынып.

Зертханалық жұмыс №8

Тақырыбы: иіндіктің тепе-теңдік шарттарынын анықтау

Мақсаты: күш моменттері ережесінің дұрыстығын иінтіректі  пайдаланып, эксперимент жүзінде тексеру.

Құрал-жабдықтар: штативке орнатылған иіндік, жүктер жиынтығы, сызғыш, динамометр.

1-тапсырма. Екі күштің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.

Жұмыстың барысы:

  1. Оқулықтағы «Иіндік», «Иіндікке түскен күштердің тепе-теңдігі», «Күш моменттері» туралы материалдарды қайталау;
  2. Иіндіктің екі ұшындағы бұрандаларды бұрап, оны горизонталь орналасатындай етіп теңгеріңдер;
  1. Иіндіктің сол айналу білігінен ℓ1 қашықтыққа массаларының қосындысы m1 болатын екі жүк іліңдер. Тәжірибе жасап, иіндіктің оң жағына оны тепе –теңдікке келтіретін бір жүкті айналу білігінен қандай ℓ2 ара қашықтықта ілуге болатынын анықтаңдар. Алынған мәліметтерді төмендегі кестеге жазыңдар:

 

Масса, m1(г)Иін, ℓ1(см)Күш,

F1 (Н)

                                    Күш моменті,

М1 (Н·м)

Масса,

m 2 (г)

Иін, ℓ2(см)Күш,

F2 (Н)

Күш моменті,

М2 (Н·м)

 

  1. М1 және М2 күш моменттерін салыстыра отырып, алынған эксперимент нәтижелерінің күш моменттер ережесінен қаншылықты ауытқитындығын анықтаңдар. Ауытқуды анықтау үшін күш моменттерінің айырымын (М12) олардың орташа мәніне бөлу керек:

Ауытқу= (М12): (М12)/2·100%

2-тапсырма. Әр түрлі нүктелерге түсірілген күштердің әрекетіндегі  иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.

Жұмыстың барысы:

  1. Біліктің екі жағындағы кез келген ілгекке әр түрлі жүкті іле отырып, иіндікті тепе-теңдік күйге келтіріңдер;
  2. Иіндікті сағат тілінің бағытында айналдыратын күштердің күш моменттерінің қосындысын табыңдар:

Моң= М12+…+Мn;

  1. Иіндікті сағат тіліне кері бағытта айналдыратын күштердің күш моменттерінің қосындысын анықтаңдар;

Мсол= М12+…+Мк;

  1. Оң және теріс күш моменттерін салыстыра отырып, экспериментте

алынған нәтижелердің моменттер ережесіне сәйкестігін көрсетіңдер.

  1. Қорытындылау.
  2. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7- сынып


Жылдық тест жұмысы

Мақсаты:

  1. Оқушылардың жылдық материалды қалай меңгергендерін тексеру, тинянақтау, қорытындылау.
  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: тест жұмысы

Сабақ әдісі: өз бетімен жұмыс

Сабаққа қажетті құралдар: таратпа тест жұмыстары

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тест жұмысын орындау.

І нұсқа


  1. 1. Әтір иісі бөлмеге қандай құбылыстың әсерінен тарайды?

А. Диффузия

В. Конвекция

С. Электрлену

Д. Иондалу

  1. Астрономиялық денелерге не жатпайды?

А. Жұлдыздар.

В. Планеталар

С. Кометалар

Д. Аметистер

  1. Берілген сөздердің қайсысы физикалық дене болып табылады?

А. Ұшақ

В. Дыбыс

С. Метр

Д. Жылдамдық

  1. Төмендегі құбылыстардың қайсысы механикалық құбылыстарға жатады?

А. Автомашинаның қозғалысы

В. Жапырақтың сарғаюы

С. Картоптың бүлінуі

Д. Найзағайдың жарқырауы

  1. Астрономияның ең негізгі құралы қалай аталады?

А. Микроскоп

В. Телескоп

С. Линза

Д. Окуляр

  1. Жылдамдықтың өлшем бірлігін көрсетіңіз.

А. с

В. кг

С. м

Д. м/с

  1. Сұйықтың көлемін өлшеуге арналған құралды атаңыз.

А. Өлшеуіш сызғыш

В. Ареометр

С. Манометр

Д. Мензурка

  1. Бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің, осы беттің ауданына қатынасымен анықталатын шаманы қалай атайды?

А. Үйкеліс күші

В. Серпімділік күші

С. Қысым күші

Д. Қысым

  1. Таразының оң табақшасына 20 г, 1 г, 500 мг, 10 мг кірлерді салған кезде, оның сол жақ табақшасындағы денемен теңесті. Өлшеніп жатқан дененің массасы қандай?

А. 26 г 11 мг

В. 20 г 511 мг

С. 531 мг

Д. 21 г 510 мг

  1. Заттар қандай күйде пішіні мен көлемін сақтайды?

А. Газ тәрізді

В. Сұйық

С. Қатты немесе сұйық

Д. Қатты

  1. Мензурка бөлігінің құнын анықта.

А. 50 мл

В. 12,5 мл

С. 200 мл

Д. 25 мл

  1. Бірқалыпты қозғалған дененің жылдамдығы қандай өрнекпен анықталады?

А.

В.

С.

Д.

  1. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалған дененің жылдамдығы 108 км/сағ. Дененің осы жылдамдығын м/с-пен өрнекте.

А. 30 м/с

В. 54 м/с

С. 0,108 м/с

Д. 0,30 м/с

  1. Жұмыстың өлшем бірлігін көрсетіңіз.

А. Ньютон

В. Ватт

С. Паскаль

Д. Джоуль

  1. Қандай күштің әсерінен барлық денелер жердің бетіне түседі?

А. Үйкеліс

В. Дененің салмағы

С. Серпімділік

Д. Тартылыс

  1. .Кинетикалық энергияны есептеу формуласы қандай?

А.

В.

С.

Д.

  1. Деформацияланған дененің потенциалдық энергиясының формуласы:

А.

В.

С.

Д.

  1. Атмосфералық қысымды өлшеу тәсілін кім енгізді?

А. Ньютон

В. Паскаль

С. Королев

Д. Торричелли

  1. Үрленеген шарды сығатын болсақ, оның ішіндегі молекулалардың ара қашықтығы қалай өзгереді?

А. Өзгермейді.

В. Артады

С. Бастапқы артып, сосын кемді

Д. Кемиді.

  1. Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қалай атайды?

А. Қуат

В. Жылдамдық

С. Энергия

Д. Күш моменті

  1. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалғанла пайда болатын күш

А. Ауырлық күші

В. Қысым күші

С. Дененің салмағы

Д. Үйкеліс күші

  1. Қалыпты атмосфералық қысымның мәні неге тең?

А. 1 Н

В. 760 мм.сын. бағ.

С. 10 Па

Д. 760 Па

  1. Массасы 461,5 г, ал көлемі 65 см3 металдың тығыздығы қандай?

А. 461,5 г/см3

В. 65 г/см3

С. 7,01 г/см3

Д. 7,1  г/см3

  1. Иінге 3 Н күш әсер тедеі. Егер күштің иіні 15 см болса, осы күш моменті неге тең болады?

А. 45 Н·м

В. 0,45 Н·м

С. 0,2 Н·м

Д. 20 Н·м

  1. Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші Архимед күшінен артық болса, онда

А. Дене сұйықтың бетінде қалқиды

В. Дене сұйықтың кез келген жерінде тепе-теңдік қалпын сақтай алады.

С. Дене сұйық ішінде жүзіп жүреді.

Д. Дене сұйыққа батады.

  1. Барометр тау бөктерніде 760 мм. сын. бағ., ал тау шыңында 720 мм. сын. бағ. қысымды көрсетеді. Осы деректерді пайдаланып, таудың биіктігін анықтаңыз.

А. 600 м

В. 560 м

С. 520 м

Д.440 м

  1. Массасы 10 т көмірді шахтадан көтергенде 6200 кДж жұмыс істеледі. Шахтаның тереңдігі қандай?

А. 32 м

В. 320 м

С. 62 м

Д. 620 м

  1. Жалпы массасы 50 т реактивті ұшақты жермен салыстырғанда 300 м/с жылдамдықпен басқарып келеді. Ұшақтың кинетикалық энергиясы қандай?

А. 2,25·107 Дж

В. 2,25·108 Дж

С. 2,25·109 Дж

Д. 2,25·1010 Дж

  1. Көлдің 0,001 км тереңдігіндегі судың қысымын анықтаңыз. (ρ=1000 кг/м3).

А. ≈102 Па

В.  ≈104 Па

С.  ≈103 Па

Д.  ≈106 Па

  1. Спортшы салмағы 200 кг штанганы 2 м биіктікке 4 с-та көтереді. Қандай қуат жұмсалады?

А. 100 Вт

В. 1 кВт

С. 1 кДж

Д. 100 Дж

 

 

ІІ нұсқа.


  1. Физика нені зерттейді?

А. Табиғат құбылыстарын

В. Химиялық құбылыстарды

С. Физикалық құбылыстарды

Д. Жердегі өмір жағдайын

  1. Астрономия пайда болды?

А. Қазағушылықтан

В. Физикадан

С. Адамдардың тағдырын болжау үшін

Д. Уақытты өлшеу үшін және аспан денелерінің қозғалысын бақылау үшін

  1. Қай құрал өлшеуіш құралдарға жатпайды?

А. Сызғыш

В. Манометр

С. Ареомтер

Д. Тұтқа

  1. Күн жүйесіндегі планеталардың орбитасы не тәріздес болып келеді?

А. Эллипс

В. Шеңбер

С. Парабола

Д. Эллипс және парабола

5.Зат болып табылатын сөзді атаңыз

А. Доп

В. Үстел

С. Қасық

Д. Темір

  1. Физикалық шама болып табылатын сөзді көрсетіңіз.

А. Мұздың еруі

В. Термометр

С. Уақыт

Д. Сағат

  1. Диффузия қүбылысы жылдамдырақ болады-

А. Ыстық суда

В. Суық суда

С. Жылы суда

Д. Бірдей

  1. Бір қалыпты қозғалыс жылдамдығының формуласы

А.

В.

С.

Д.

  1. Қайық өзен ағысымен жүзіп барады. Қайықтың сумен салыстырғандағы жылдамдығы 2 м/с, өзен ағысының жылдамдығы 0,5 м/с. Қайықтың жағамен салыстырғандағы жылдамдығы қандай?

А. 0,5 м/с

В. 2 м/с

С. 1,5 м/с

Д. 2,5 м/с

  1. Автобустың жолаушылары еріксіз оңға қарай қисаяды. Автобустың қозғалысы қалай өзгереді?

А. Автобус кенет жылдамдығын кемітті

В. Автобус жылдамдығын кенте арттырды

С. Автобус оңға бұрылды

Д. Автобус солға бұрылды.

  1. Халықарлық бірліктер жүйесінде массаны қандай бірлікпен өлшейді?

А. Грамм

В. Килограмм

С. Ньютон

Д. Тонна

  1. Мрамордың тығыздығы 2,7 г/см3, оны кг/м3-пен өрнекте.

А. 27 кг/м3

В. 2700 кг/м3

С. 270 кг/м3

Д. 0,027 кг/м3

13.Сұйық көлемін өлшеу тәсілімен атмосфералық  қысымды неліктен өлшеуге болмайды?

А. Ауадан жеңіл

В. Атмосферада нақты шекара жоқ

С. атмосфераның тығыздығы биіктігіне байланысты

Д. Атмосферада нақты шекара жоқ және оның тығыздығы биітігне байланыст азаяды.

  1. Жабық ыдыстағы газдың температурасын төмендеткенде оның қысым қалай өзгереді?

А. Өзгермейді.

В. Артады

С. Кемиді

Д. Дұрыс жауабы жоқ

  1. Жай механизмедердің қайсысы жылжымайтын білік иіндік немесе көлбеу жазықтық жұмыста үлкен ұтыс бере алады?

А. Иіндік

В. Көлбеу жазықтық

С. Жылжымайтын білік

Д. Барлық жай механизмдер бірдей ұтыс береді.

  1. Дененің массасы 20 кг. Оған әсер ететін ауырлық күші қандай?

А. 19,6 Н

В. 0,49 Н

С. 196 Н

Д. 1960 Н

  1. Биіктігі 5 м мұнай қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді? (ρ=800 кг/м3).

А. ≈ 160 Па

В. ≈ 400 Па

С. ≈ 40000 Па

Д. ≈ 4000 Па

  1. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауадны 10 см2. Оған әсер ететін күш 200 Н. Үлкен поршеннің ауадны 200 см2, үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?

А. 1 кН

В. 400 Н

С. 4 000 Н

Д. 40 Н

  1. Күш пен орын ауыстыру бағыттас болған жағдайда механикалық жұмысты есептеу формуласы қандай?

А.

В.

С.

Д.

  1. «Волга» автомобилі 2 сағатта 144 кДж жұмыс жасаса, оның қуаты қандай?

А. 288 кВт

В. 72 кВт

С. 15 кВт

Д. 20 Вт

  1. Аспан денелерінің қозғалысын зерттеуге арналған орын қалай аталады?

А. Консерватория

В. Обсерватория

С. Амбулатория

Д. Лаборатория

  1. Қуат дегеніміз не?

А. Күш пен жол көбейтіндісі

В. Бетке перпендикуляр әсер ететін осы беттің ауданына қатынасы

С. Жұмыстың уақытқа қатынасы

Д. Күш пен уақыттың көбейтіндісі.

  1. Басқа денелер әсерін тигізбегенде, дененің жылдамдығын сақтау құбылыс қалай аталады?

А. Тыныштық

В. Қозғалыс

С. Ұшу

Д. инерция

  1. Кеменің төменгі бөлігі бататын тереңдікті қалай атайды?

А. Жүзушілік

В. Шөгім

С. Су ығыстырым

Д. Ватер сызығы

 

  1. Қар үстінде шаңғыда тұрған адамның массасы 70 кг 2 шаңғы бетінің ауданы 2300 см2 тең. Адамның қар бетіне түсіретін қысымын табыңыз.

А. 304 Па

В. 30,43 Па

С. 3043 Па

Д. 0,304 Па

  1. Арқан тарту ойынына 2 адам сайысуда. Бірінші адам арқанды өзіне қарай 400 Н күшпен тартады, ал екіншісі 100 Н күшпен солға қарай тартады. Олардың теңәрекетті күші неге тең? Арқан қай жаққа қарай бағытталады?

А. 100 Н, солға

В. 400 Н, оңға

С. 300 Н, солға

Д 500Н, оңға

  1. Суға көлемі 125 см3 болатын дене батырылған, осы денеге әрекет ететін Архимед күшін анықтаңдар. Судың тығыздығы 1000 кг/м3.

А. 12,5 Н

В. 1,25 Н

С. 0,125 Н

Д. 1250 Н

  1. Жер Күннің айналсында 30 км/сағ орташа жылдамдықпен қозғалады. Жер 1 сағ ішінде өз орбитасы бойымен қанша жол жүреді?

А. 30 км

В. 0,5 км

С. 1800 км

Д. 108000 км

  1. Салмағы 40 Н денені 120 см биіктікке көтергенде істелетін жұмысты есептеңдер.

А. 4,8 кДж

В. 4,8 Вт

С.4,8 Дж

Д. 48 Дж

  1. Амортизатордың серіппесі 320 Н күш әрекетінен 9 мм-ге сығылды. Серіппенің қатаңдығын анықтаңыз.

А. ≈36 Н/м

В. ≈36000 Н/м

С. ≈3600 Н/м

Д. ≈360 Н/м

 

 

 

 

 

.

 

ІІІ нұсқа

 

 


  1. Қай ұғым зат болып табылады?

А. Кітап

В. Қалам

С. Үстел

Д. Мыс

  1. Жүрілген жолдың өлшем бірлігі ?

А. метр

В. секунд

С. килограмм

Д. литр

  1. Әлемнің гелиоцентрлік жүйесінің негізін қалаушы кім?

А. Птолемей

В. Коперник

С. Бруно

Д. Кеплер

  1. Дененің немесе материалдық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезіндегі сызық түрінде қалдырған ізі қалай аталады?

А. Орын ауыстыру

В. Жүрілген жол

С. Кескін

Д. Траектория

  1. Денелердің өзара әсерін сипаттайтын шама

А. Масса

В. Жылдамдық

С. Күш

Д. Уақыт

  1. 1 грамда қанаш миллиграмм бар?

А. 10

В. 100

С. 1000

Д. 0,001

  1. Суы бар стаканға бояу тамшысы түсті. Стакандағы су түгел боялды. Қандай құбылысты байқадыңдар?

А. Кебу

В. Диффузия

С. Конвекция

Д. Булану

  1. Дененің температуарсы артқан сайын молекулалардың бейберекет қозғалысының жылдамдығы арта ма?

А. Артады

В. Кемиді

С. Өзгермейді

Д. Дұрыс жауабы жоқ

  1. Физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі

А. Эксперимент

В. Талдау

С. Кесте

Д. График

  1. Күн мен түннің алма-кезек ауысуының басты себебі неде?

А. Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы

В. Жердің Күн төңірегінде айналуы

Д. Күннің батуы мен шығуы

  1. Сырғанау үйкеліс күшін есептеуге арналған формула

А.

В.

С.

Д.

  1. Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шама

А. Қуат

В. Күш

С. Энергия

Д. Жылдамдық

  1. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал

А. Метраном

В. Манометр

С. Ареометр

Д. Барометр

  1. Төменгі жағдайлардың қайсысында денені материалдық нүкте деп есептеуге болады?
  2. Ұшақ Алматыдан Мәскеуге сапар шекті
  3. Ұшақ өлі тұзақ фигурасын жасап жүр
  4. Конькиші еркін жаттығу орындауда

А. 3

В. 1

С. 2

Д. Ешқайсысы да

  1. Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші қалай аталады?

А. Ауырлық күші

В. Салмақ

С. Реакция күші

Д. Үйкеліс күші

  1. Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы қалай атайды?

А. Көлем

В. Тығыздық

С. Масса

Д. Энергия

  1. Механикалық энергияның сақталу заңы

А.

В.

С.

Д.

  1. Потенциалдық энергияның формуласы қандай?

А.

В.

С.

Д.

  1. Жай механизмдерде күштен қанша есе ұтсақ, жолдан сонша есе ұтыламыз деген қағида, бұл-

А. Тепе-теңдік шарты

В. Қозғалыстың сақталу заңы

С. Механиканың «алтын ережесі»

Д. Механиканың «негізгі ережесі»

  1. Суға батып бара жатқан адамды ит оңай сүйреп шығарады, ал жағада оны орнынан қозғалта алмайды. Себебі неде?

А. Ортаның кедергісі артады

В. Су киімнің әсерінен адамның салмағы артады

С. Итеруші күш азаяды

Д. Ит адамның оқыс қимылынан қорқады

  1. Қалыпты атмосфералық қысымның мәні неге тең?

А. 760 мм.сын. бағ.

В. 760 Па

С. 133,3 Па

Д. 76 мм.сын. бағ.

  1. Медициналық шприцтің инесін суға малған. Неліктен шприц поршенін кері қарай тартқан кезде, су жоғары көтеріледі?

А. Судың молекулалары поршеньнің молекулаларымен тартылады

В. Поршеньнің  қозғалысынан су көтеріледі.

С. Поршеньнің қысымы кемиді

Д. Атмосфералық қысымнан су жоғары көтеріледі

  1. Жұмысты қандай формуламен анықтайды?

А.

В.

С.

Д.

  1. Майдың 0,5 м тереңдіктегі қысымын табыңдар. (ρ=900 кг/м3).

А. 45·102 Па

В. 4,5 кПа

С. 450 Па

Д. 45000 Па

  1. Массасы 10 т көмірді шахтадан көтергенде 6200 кДж жұмыс істеледі. Шахтаның тереңдігі қандай?

А. 32 м

В. 320 м

С. 620 м

Д. 62 м

  1. Серіппе 4 Н күш әрекетінен 0,02 м-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығын анықтаңдар.

А. 2 Н/м

В. 500 Н/м

С. 5 Н/м

Д. 200 н/м

  1. Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс жасайды?

А. 1,8 кДж

В. 18 кДж

С. 180 кДж

Д. 3 Дж

  1. Алюминийден жасалған бұйымның ауадағы салмағы 15 Н, ал суға батырылғандағы салмағы 9,5 Н. Архимед күшін анықтаңдар.

А. 24,5 Н

В. 245 Н

С. 2,45 Н

Д. 5,5 Н

  1. Дененің 10 с уақыт ішінде координатасы 200 м-ге өзгерді. Ол қандай жылдамдықпен жүрген?

А. 2000 м/с

В. 200 м/с

С. 20 м/с

Д. 0,5 м/с

  1. Массасы 3 кг, көлемі 200 см3 металдың тығыздығы қандай?

А. 15000 кг/м3

В. 1500 кг/м3

С. 150 кг/м3

Д. 15 кг/м3

ІІІ. Қорытындылау.

  1. Бағалау.