Химиялық реакциялардың теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы.

290

 

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы.
Жалпы мақсаты: Химиялық реакция теңдеулері және зат массасының сақталу заңы туралы түсінік қалыптастыра алады.

Атом, молекула жайлы алған білімдерінің негізін басшылыққа ала отырып,  зат массасының сақталу заңын реакцияны теңестіру арқылы дәлелдейді және практикалық есептер шығара  алады.

Табиғатта болатын күрделі үрдістерді түсіне алады.

Оқу нәтижелері: Химиялық реакциялардың теңдеулерін сауатты жазады. Зат массасының сақталу заңын пайдаланып, химиялық реакцияларды теңестіреді, есептер шығарады.

Табиғатта болатын құбылыстарды түсінеді.

Түйінді идеялар: Реагент, өнім, зат массасының сақталу заңы.
Сабақ кезеңдері

Кіріспе

Уақыты: 5 мин

 

 

 

 

Тұсаукесер

Уақыты: 7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

Уақыты: 25 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Уақыты: 7 мин

 

 

Тренинг

Топқа бөлу Химиялық би «Жұбыңды тап»

Оқушыларға таратылатын элементтің таңбалары

Сутекті қосылыстар: K, H, Ca, H2,

Оттекті қосылыстар: Li2, O, Al2, O3,

Хлор қосылыстары:  Al, Cl3, Na, Cl,

Су:  H2, O (ерекше түспен жазылады) Жұптар ортада билейді. Музыка біткесін 3 топқа аталған қосылыстар бойынша бөлініп отырады. Топта 5 рөлді: топ басшысы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтайды. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Үй тапсырмасын сұрау.

«Ой қозғау» Тест

1.Заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер көмегімен шартты түрде бейнелеу.

А) Химиялық құбылыс, В) Химиялық формула, С) Индекс

2.Химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қасиеті.

А) Коэффицент, В) Валенттілік, С) химиялық формула

3.Тұрақты І валентті элементті көрсет.

А) Cu,   B) Na,   C)Zn

4. Ауыспалы валентті элементті көрсет.

А) O,    В) S,   С) H

5. Қай формула дұрыс жазылған

А) ALO3 ,   В)Al2O3 ,   С) Al2O

6. Химиялық реакция дегеніміз не?

А) Химиялық құбылыс В) Физикалық құбылыс С) Химиялық формула

7. Дененің пішіні, заттың агрегаттық күйінің өзгеруі

А) Физикалық құбылыс,  В) Химиялық құбылыс,  С) Химиялық реакция.

8. Бір заттың екінші бір затқа айналуы

А) Химиялық құбылыс, В) Химиялық реакция, С) Физикалық құбылыс.

9. Қайсысы химиялық құбылысқа жатады?

А) Май шамның жануы, В) Қаламның сынуы, С) тұздың суда еруі.

10. Химиялық реакцияның белгілері

А) Жылудың, газдың бөлінуі, тұнбаның түсуі, түсінің өзгеруі, иістің шығуы, В) Тұнбаның түсуі, иістің шығуы,  С)Газдың бөлінуі, тұнбаның түсуі  (Әр сұраққа 1 баллдан қойылады.)

 

Жаңа сабақ

«Тәжірибе»

1. Мұғалім алгебралық теңдеу (өрнек) айтады. Оқушылар дәптерлеріне теңдеуді жазады.

2. Алюминидің күкіртпен әрекеттесу тәжірибесі көрсетіледі

Оқушыларға тапсырма . Осы тәжірибенің реакция теңдеуін жазу. (әр топтан бір-бір оқушыдан келіп тақтаға жазады.)

.

Оқулықтан химиялық реакцияның теңдеуінің анықтамасын, химиялық реакция теңдеуін жазудың ережесін тауып оқиды және сол бойынша реакция теңдеуін талдап береді. Химиялық реакцияны теңестіру үшін Зат массасының сақталу заңының анықтамасын кітаптан табады. Осы анықтаманы талдай отырып реакция теңдеуі теңестіріледі.

(Зат массасының сақталу заңын  М.В.Ломоносов ашты. Реакцияға кіріскен заттың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең.)

 

 3. «Құпия сөздің кілтін аш»

І топ.      Фосфор жақсаң будақтап,

Ақ түтінін түзеді,

ІІ топ.   Ол түтінді су сорып қандай қосылыс түзеді.

  ІІІ топ.     Түрім қара бақсаңыз,

Газ боламын жақсаңыз (Реакция теңдеулерін жазады.)

 

4. Венн диаграмасы: Химиялық теңдеу мен алгебралық теңдеудің ұқсастығы мен айырмашылығы: І топ Алгралық теңдеуді, ІІ топ химиялық теңдеудің айырмашылықтарын жазады, ал ІІІ топ ұқсастығын жазады.

 

Сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс:

І топ

1.тапсырма. Оқулықтағы §14 бойынша негізгі ұғымдарды жазып 2 топқа телефон арқылы жібереді. Ол топ кері сол ұғым туралы жазып жіберу керек.

2.тапсырма. 42 беттегі 5 жаттығуды постырға орындап келесі топқа тексеруге береді, ол топ қатесі болса түзеп кері қайырады.

 

ІІ топ.

1.тапсырма. Оқулықтағы §14 бойынша 1 сұрақты телефонға жазып 3 топқа жібереді, ол топ кері жауап жазады.

2. тапсырма. 42 беттегі 6 жаттығуды постырға орындап, келесі топқа береді олар қатесі болса түзеп қайырады.

ІІІ топ.

1.тапсырма. Оқулықтағы §15 бойынша 1 сұрақ жазып 3 топқа жібереді, олар жауап жазады.

2.тапсырма.  42 беттегі 7 жаттығуды постырға орындап келесі топқа береді, олар тексеріп, түзетеді.

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» бойынша топтар бірін-бірі бағалайды

 

 

«Кім жылдам» аукционы (Әр дұрыс жауапқа 1 балл)

 

Са                                     Р                       H2                            C

 

О2                ?

 

О2                                            ?

 

Сl2                                                                     ?

 

О2                                                                                       ?

 

Топты бақылаушы оұушылардың өз рөлдерін қалай орындағандары туралы айтады.

Тестінің және «Кім жылдам» аукционында жинаған баллдары бойынша оқушылар бағаланады.

Жоғары балл-15. 15-13 балл «5», 12-10 балл «4», 9-7 балл «3»

Дереккөздер: 8 сынып оқулығы. «Химик анықтамалығы» журналы №1-2013 ж, № 3-2013 ж.