Кальций және қосылыстары.

 

Сабақтың тақырыбы: Кальций  және қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ежелден пайдаланып келе жатқан металдар мен құймалар, олардың қасиеттерін, тарихын, кездесетін жерлері туралы білімдерін нығайту.

Дамытушылық:Қолданыстағы заттардың пайдасын, қоғамдағы ролін терең зерттеу. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, тез ойлауға дағдыландыру. Картамен жұмыс, пәндермен байланыстыру.

Тәрбиелік: Өз бетімен еңбектену іскерліктерін арттыра отырып оқушылардың танымдық белсенділіктерімен ой өрісін дамытып, шығармашылыққа, іздемпаздыққа, тиянақтылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:Са, СаО, НСl, Н2О, фенолфталеин, Са(ОН)2, СuSО4, сынауқтар, стакандар.

Сабақтың барысы: І. Өткен сабақты қайталау:

  1. Металдарға жалпы сипаттама; ПЖО.
  2. Жалпы физикалық қасиеттері.
  3. Жалпы химиялық қаситтері.
  4. Ме активтік қатарын кім ұсынған?
  5. Ме табиғатта қандай түрінде кездеседі?

 

 

  • Асыл металдар
  • Ауыр Ме
  • Жеңіл Ме
  • Сұйық Ме

 

ІІ. Жаңа сабақ:

  1. Хат оқу.

«2030-дың біз барысымыз,

Жетістікке бастайды әр ісіміз.

Өркениетті елімізді көркейтетін

Металдарды оқу парызымыз.»

Кімге: Менделеев үйі,2 подъезд, 4 қабат,

пәтері белгісіз.

Ағылшын химигі Г. Дэви 1808ж

  1. Кальцийдің ПЖО.

Электрондық құрылысы.

Са+20)2)8)8)2  1s22s22p63s23p64s2

Са+2, Са0

  1. Табиғаттағы қосылыстары.

СаСО3,СаSO4*H2O-ғаныш

СаСО3*MgCO3-доломит

Са3(РО4)2— фосфорит

Са5(РО4)2F – фторапатит

▲! Жер қыртысында 5 орында, 3,4 %, адам ағзасында – 1кг.

(оқулықпен жұмыс).

36 параграф. 102бет. «Жадыңда жүрсін»

  1. Физикалық қасиеттері.

«Химиялық портрет»

Алтындай менің ардақтым,

Қорғасындай салмақтым.

Көптен көрмей өзіңді,

Электрондай зар қақтым.

Өзің менің оттегім,

Өмірім сенсіз жоқ менің.

Мінезің мыстай майысып,

Сынаптай сырғып кетпегін.

Шаштарың қара көмірдей,

Мүсінің құйған темірдей.

Кальцийдей менің аппағым.

Өзіңнен асыл таппадым.

 

▲ 36 параграф.101 бет. Физикалық қасиеттер.

Tбалқу-851о

  1. Химиялық қасиеттері.

А) Жай заттармен әрекеттесуі

! Кодоскоп: кластер

 

О2                       Cl2

 

 

 

N2                        H2

!▲ Тақтамен жұмыс: теңдеулер жазу.

  • 2Сао2о=2Са+2О-2
  • Сао+So=Ca+2S-2
  • Cao+Cl2o=Ca+2Cl2-1
  • 3Cao+N2o=Ca3+2N2-3

Ә) Күрделі заттармен:

 

H2SO4                                            HOH→Ca(OH)2әк суы

 

 

 

 

СО2→СаСО3

Са(ОН)2 – суда нашар ериді

Са(ОН)2→Са+2+2ОН

Фенолфталеин қызарады!

CuSO4

  1. Қолданылуы:

Әкті су – мөлдір ерітіндісі. Лабораторияда СО2 анықтау үшін пайдаланады.

Са(ОН)2+СО2→СаСО3↓+Н2О

!▲ Тәжірибе «Дем шығару».

  • Сынауқта Са(ОН)2 оқушы партасында, түтікше арқылы үрлеген кезде, ерітіндіде тұнба пайда болады.

ІІІ. Бекіту. «Химиялық эстафета»

1). Са→СаО→Са(ОН)2→СаСl2→CaSO4→Ca(NO3)2

2). CaO→CaCl2→CaCO3→CaO→Ca(OH)2

  1. IY. Үй тапсырмасы: 36-37 параграф, 104 бет, А(1).