Деңгейлік тапсырмалар№1 Химиялық формулалар бойынша есептеу

83

 

Деңгейлік тапсырмалар№1

Химиялық формулалар бойынша есептеу(§7-§10)

 

І-деңгей

  1. Мына элементтердің формуласын жазыңдар: қорғасын, сутегі, азот, алюминий, мыс, мырыш, алтын.
  2. Оқылуы бойынша элементтің таңбасын жазыңыз: пе, плюмбум, це, эс.
  3. H2SO4 күкірт қышқылының құрамындағы элементтерді атаңдар.

 

 

ІІ – деңгей.

  1. 2H2SO4 күкірт қышқылының коэффиценттері мен индекстерін көрсетіп, осы заттың салыстырмалы молекулалық массасын есепте.
  2. кальций сульфатының құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңіз.

 

 

 

ІІІ-деңгей.

  1. Қанттың құрамына: көміртектің 12, сутектің 22, оттектің 11 атомы кіреді. Оның химиялық формуласын жазып, оқыңдар, салыстырмалы молекулалық массасын есептеп, құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер
  2. Химиялық элементтерге ребустар құрастыру

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Химия – 8 сынып – Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексенбина – мектеп баспасы – 2003ж
  2.  Химия жұмыс дәптері – Н.Нұрахметов
  3. Химия мектепте – журнал 2010-2012 жылғы номерлері
  4. Химик анықтамалығы – журнал 2012жыл
  5. Интернет сайттар