Химиялық байланыстардың түрлері

 

Сабақтың атауыТақырыбы: Химиялық байланыстардың түрлері
Сілтеме Н.Нұрахметов,К.Сарманова,К.Жексенбина 8 сынып оқулығы.                      169-172 беттер. 

Слайдтар.Сабақ жоспары.

Жалпы мақсаты:


 

Химиялық байланыстың түрлері туралы білімді қалыптастыру.
 Міндеттер:

 

1. Оқушылардың қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпқа  оқушылардың білетін білімі арқылы кіру

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау 

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу


2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру

3.Оқушылардың өз тобындағы оқушыларды бағалауға  мүмкіндік  жасау 

Сабақта туындаған негізгі идеялар1.Оқушының  өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа  теориялық ақпаратты  беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау 

Күтілетін нәтиже1.Химиялық байланыстың негізгі түрлері  туралы білімнің   негізін қалау;

2.Жаңа  теориялық ақпаратты  беру арқылы химиялық байланыстардың маңызы бар екенін сезіндіру;

3. Жаңа білімнің өмірде бар екендігін, оны біз өмірде байланыстарда пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген  жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру;

Химия-8 сынып

Сабақтың барысы бойынша мұғалімнің жазбалары

 

 

Мұғалімнің ісәрекеті

 

уақыты

 

Оқушының ісәрекеті

 

  1. Амандасу.

·         Сабаққа деген көңіл-күйлерін сұрау.

·         Сабақтың ережелерін қайталау.

·         Бағалау парақтарын тарату.

 

 

    2 мин.

 

 

·         Амандасады.

·         Көңіл-күйлерін айтады.

·         Сабақ ережелерін қайталайды.

·         Бағалау парақтарын алады.

 

2.      Жаңа топ құрып алу. «Атомдар мен молекулалар» ойынын ойнату.(сынып түгел ортаға шығады, мұғалім оқушыларға элемент жазылған кеспе қағазды көрсетіп, атын айтады, ал оқушылар музыка әуенімен билей жүріп,көрсеткен элементтің валенттілігі қанша болса, сонша оқушыдан құшақтасып қалулары керек, ең соңында неше оқушыдан тұратын топ құрғыңыз келсе сонша валентті элементті айтып, жаңа топ құру.Мысалы көміртегінің ең жоғарғы валенттілігі IV ендеше 4 оқушыдан тұратын топ құру т.б. 1  мин3 топ құру
3.      Үйге не берілгендігін сұрау. Оқушылардың жауабы
  1. Химиялық диктант (ауызша)

    Жауаптары соңында интербелсенді тақтада көрсетіледі, оқушылар парақтары ауыстырып, бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

 

2 мин.

 

 

 

Оқушылар кезекпен интерактивті тақтадағы сұрақтарды оқиды да, дұрыс жауабын тексереді.

 

 

 

5.       «Айқыштар мен нөлдер» ойыны. (Ұтымды жолдарды:а)бір периодтың ішіндегі химиялық элементтератомдарының электрондық формулалары; ә)бір топтың, негізгі топшасының ішіндегі элемент атомдарының электрондық формулалары құрайды)

 

1  минИнтербелсенді тақтада бейорганикалық қосылыстар көрінеді, әр жолдағы артық қосылысты айтулары қажет.
  1. Музыкалық сергіту сәті. (денсаулық сақтау технологиясы бойынша, оқушыларды қажып кетуден қорғау)
0,5 минМузыка әуенімен , интербелсенді тақтадағы жаттығуды барлық оқушылар бірге орындаулары қажет.
  1. Қызығушылықтарын ояту.

Бейнефильм

 

2мин

 

1 мин

 бейне фильмді тамашалайды

 

 

Оқушылар ойларын ортаға салады.

Жауабын табамыз да, жаңа сабаққа көшеміз.

  1. Бүгінгі күнмен жаңа тақырыпты жазу.
0,5 минБарлық оқушылар дәптерлерімен қаламдарын алып, бүгінгі күнмен жаңа тақырыпты жазады.
  1. Жаңа ақпарат өзара оқыту (жұппен) әдісі

Мәтінді барлық сынып оқиды.§62

( жеке-жеке оқиды, жұбына түсіндіреді, ортаға салады)

 

-жеке жұмыс

— жұппен жұмыс

— топпен жұмыс(алдарына А 3 қағазы беріледі, оқушылар алған білімдерін қағаз бетіне түсірулері қажет)

— ортада қорғау (топтағы барлық оқушылар, ортаға шығып, әр оқушы қысқаша болса да мәлімет берелі,яғни қорғайды)

 

 

 

 

 

 

3  мин.

3 мин.

5 мин

 

 

 

6  мин

 

 

 

 

 

 

Жеке оқиды

Жұбына айтып түсіндіреді

Топта талқылайды

 

 

 

Ортаға шығып қорғайды.

  1. Ой толғаныс кезеңі.

 (алған білімді тексеру немесе бір жүйеге келтіру)

0,5 минМұғалімнің сөзі.
  1. Оқулықпен жұмыс №4 есеп 172бет

Тест жұмысын орындау

 

 

      

          

 

(15 мин)

 

 

 

 

Оқулықтағы тапсырманы топпен орындайды.

Тест жұмысын орындап, тақтамен дұрыс жауабымен тексеріп, өз-өздерін бағалайды.

Топпен орындайды,

 тыңдалады              

  1. Көзге жаттығу жасау,физминутка
1 минБарлық оқушылар, музыка әуенімен интербелсенді тақтадан қайталайды.(көзге жаттығу)
  1. Бағалау .Әр оқушы сабақ басында таратылған бағалау парақтарына ,тобында отырған барлық оқушыларды бағалайды,қысқаша ойларын айтады.

 

1  мин.

 

 

 

Топтар бір-бірінің жұмысын және өз жұмысын бағалайды, қысқаша ойларын айтып өтеді.
  1. Үйге тапсырма.

§62  №3есеп

 

0,5 мин.

 

Үйге тапсырма алады.