«Темір»

172

«Темір»

Химия пәнін оқыту барысында жалпы педагогикалық және ғылыми танымдық әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамыз.Солардың бірі Н.Оразаханованың қазіргі кезде кеңінен танымал, мектептерде көп қолданып отырған «Сатылай кешенді талдау»технологиясы. 9-сыныпта химия пәнінен «Темір» тақырыбын сатылай кешенді талдау әдісімен өткіздім.

Сабақта тірек-сызбанұсқаларды пайдалана отырып, оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге жұмылдыру, олардың ойлау қабілетін, іздемпаздығын, тақырып бойынша алған білімін, өз ойын ғылыми түрде жеткізе білуге, өздігінен ізденіп еңбек етуге тәрбиелеу мақсатын көздедім.

Көрнекіліктер: компьютер, интерактивтік тақта.

Сабақ барысы:

Мұғалім.Балалар! Сіздер темір туралы қандай мақал-мателдер білесіздер.Оқушылар жауап береді. Мұғалім толықтырады.

«Темір кессең қысқа кес,ұзарту оңай», «Темірді қызған кезде соқ», «Темірсіз-халық,тұзсыз тағам болмайды», «Ескі мата бөз болмас, ескі темір біз болмас», «От көмір жейді,тот темір жейді».

-Иә, балалар дұрыс айтыңыздар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сол «Темірге» байланысты.Біздің алдымызды қойған мақсатымыз: Құрылған СКТ тірек сызбанұсқасын пайдалана отырып, темір туралы мағлұматты жинақтап бір жуйеге келтіру. Дәптерлеріңізді ашып, сабақтың тақырыбын жазыңыздар. Тақырыпты интерактивті тақтадағы дайындалған СКТ тірек-сызбанұсқасы бойынша ауызша талдау.

 

Темір

Анықтама

Темір химиялық элемент

Тану

ПЖ орны

Атом құрылысы

Тарихы

Табиғатта таралуы

Алу жолдары

 

Қасиеттері

Физикалық

Химиялық

Мәнін табу

 

 

Қолданылуы

Маңызды түйіні

Қорытынды

СКТ технология бойынша материалды жазбаша талдау.

 

Темір

Анықтама

Темір химиялық элемент,

себебі, белгілі бір таңбасы

бар атом түрі

Тану

ПЖ орны

Химиялық таңбасы- Fe.

Реттік нөмірі- 26

Салыстырмалы атомдық массасы-56

Период нөмірі-IV

Топ нөмірі – VIII

Қосымша топшада

 

Атом құрылысы

Ядро заряды- + 26

Электрон саны — -26

Протон саны — +26

Нейтрон саны – 30

Электрондық қабат саны-4

Валенттік электрондардың саны- 2,3

Электрондық формуласы- 1S2 2S2P63S2 3P63D 64S2

 

Тарихы

Темірдің қашан шығып және қалай ашылғаны жөнінде

нақты деректер жоқ. 1749 ж.Сібір ұстасы Енесейден

сом темірді тапқан екен. Тарихы және археологиялық

дәлелдеулер бойынша алғашқы кезде адамдар тастарды

балта, найза, садақ ретінде пайдаланған. Шын мәніндегі

өркениет тек адамзаттың темірді игеріп, өз пайдасына

жаратуына байланысты өркендеді.

Темір металын Қазақстан жерінде ертеде б.з.дейінгі VII

Ғасырмен 204 жылға дейін өмір сүрген сақтар мен б.з.

дейінгі 204 жылдан біздің заманымыздағы 216 жылға

дейін өмір сүрген ғүндар пайдаланған.

 

Табиғатта таралуы

Темір үлесі бойынша жер қыртысының 5,1% құрайды.

Ғарыштан түсетін метеориттер негізінен темірден тұрады.

Темір жер қыртысында көптеген минералдар түзеді.

Темірдің ең маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл темір тас- Fe2 O3,

Магнитті темір тас- Fe3O4, пирит FeS2.Қазақстанда темірдің бай

қоры бар, ол Торғай темір кенді бассейінде және Орталық

Қазақстанда орналасқан. Темір сульфат FeSO4және  гидрокарбонат

Fe(HCO3)2 түрінде минералды сулардың құрамына кіреді.

 

Алу жолдары

Темірді оның оксидтерінен сутекпен, алюминиймен немесе көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандырып алады:  FeO + H 2 = Fe +H2 O

Fe2O3 + 2 AI = 2 Fe + Al 2 O3

Fe3 O4 + 4 CO = 3 Fe + 4 CO 2

Бұл процестер  күрделі  өнеркәсіптік қондырғыларға жүреді.

Физикалық қасиеттері

Темір – жылтыр, күміс түстес ақ металл, оның тығыздығы- 7,87г/см 3 .

Балқу темпкратурасы жоғары- 15390 С. Темір иілімді, магниттелетін

және оны жоғалтатын қасиеті бар, осыған орай техникада кенінен

қолданылады.

Химиялық қасиеттері   

А) жай заттармен, бейметалдармен (S, CL2 , O2)

Fe + S = FeS

2Fe + 3CL2 =   2FeCL 3

3Fe + 2O2 = Fe O* Fe2 O 3

Ә) күрделі заттармен

2Fe + H 2 O + O 2 = Fe 2 O3 *  H2 O

Fe + 2HCL= Fe CL +H 2

Fe + Cu CL= Fe CL 2 + Cu

 

Мәнін табу

Гематит (Fe 2 O3) құрамындағы оттектің массалық үлесін септеңіздер

Берілгені:              Формуласы:                         Шешуі:

Fe 2 O3                             W=Ar (э)_. 100 %                                   Ar (Fe)  =56

Т/к: W(O)-?Mr (зат)                     Ar (O) = 16

Mr (Fe 2 O3) = 160

W = 3 х 16 . 100 % = 30 %

160

 

Қолданылуы

Темір, зергерлік және кәсіптік бұйым түрінде кең қолданылады.

Зергерлер темірге алтын, күміс, мыс тәрізді металдарды қосып, алуан

түрлі асыл тастармен безендіріп сырға, сақина, блезік, жүзік, тұрмыстық

ер, жүген,үзеңгі, таралғы, құйысқар сияқты бұйымдар жасайды.

Таза темір электрмагниттік құралдардың тетіктерін даярлауға

қолданылады, өйткені оларға тез магниттелетін және ол қасиет тез

жойылатын қабілет қажет. Трансформаторларда, электр моторларда

көбіне темірдің құймалары шойын мен болат пайдаланылады.

Осылар ең маңызды конструкциялық материалдар болып есептеледі.

 

Маңызды түйіні

Пайдасы:

Темір тіршіліктің маңызды элементті.Қанның қызыл түсті болуы

құрамында темір болуына байланысты.Темірдің негізгі қасиеті оттегі

тасымалдайтыны.Мұндай қасиет қанның құрамдас бөлігі

гемоглобиннің маңызды бөлігі-гемге байланысты.Адамда4,2г темір

болады.

 

 

Қорытынды

Темір-энергияның бөлінуіне, ферменттік реакциялардың жүруін, иммундық жүйені қалыптастыруға, холестериннің алмасуында негізгі басты рөл атқарады.

Тақырыпты бекіту.

1.Темірге химиялық элемент түрінде сипаттама беріңіздер.

2.Темірдің табиғатта кездесетін жерлері.

3.Темірге тән физикалық қасиеттері.

4.Адам ағзасындағы темірдің рөлі.

5.Темірдің пайдасы.

Тест сұрақтары

1.Темір периодтық жүйеде орналасқан:

а)Төртінші периодта VIIIВ топшада;

ә) үшінші периодта ІІІА топшада;

б) екінші периодтаІІА топшада;

в) бесінші периодта ІА топшада.

2.Темір атомындағы электрон саны:

а)12;ә)26;б)12;в)24.

3.Төмендегі тотығу дәрежесі темірге тән емес:

а)+5;ә)+2;б)-3; в)+3.

4.Қанға қызыл түс беретін химиялық элемент:

а)мыс;ә)қалайы;б) темір;в)алтын.

5.Темір атомының энергетикалық деңгейіне неше электрон болады:

а)5;ә)2;б)3;в)6.

6.Темір металдарддың ішінді таралуы жағынан қай металдан кейін тұр:

а)Мыс;ә)алюминий;б)күміс;в)мырыш.

7.Темір таралуы жөнінен нешінші орында:

А)бірінші;ә)екінші;б)үшінші;в)төртінші.

8.Меккедегі темірдің қалқып тұруы неге байланысты:

а)қаттылығы;ә)магниттігіне;б)жұмсақтығы;в)төзімділігі.

9.Пириттегі темірдің массалық үлесі қаншаға тен:

а)44;ә)48;б)47;в)49.

10.Метеорит құрамында темір бар ма?

а)бар;ә)жоқ.

Сабақ мұғалім сөзімен бекітіліп, оқушылар білімі бағалады.Оқушылар бұл сабақта өз ізденістерін көрсетіп, темірдіңтұрмыстық, ғылыми маңызын аша түсті.Сабақ тартымды, әрі қызықты өтті.