Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланысқа эксперименттік есептер.

92

Тақырыбы:  Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланысқа эксперименттік есептер.

Мақсаты: Берілген заттарды ретімен пайдаланып жұмысты орындаудың жоспарын

құру, эксперименттік есептерді орындау. Жұмыс кезінде қауіпсіздік

техникасының ережелерін сақтау.

Реактивтер мен құралдар: Тұз қышқылы,  натрий гидроксиді, натрий хлориді, кальций, мыс (II), фосфор (V) оксиді, тамшуыр, индикаторлар, стакандағы су, сынауықтар, спиртшам, сіріңке.

Практикалық жұмысты орындау барысы:

Тәжірибенің орындалуы Байқалған құбылыстар, реакция теңдеулері
1  Жазуы жоқ екі шыны ыдыста екі түрлі ұнтақ бар: біріншісінде — кальций оксиді, екіншісінде — мыс (II) оксиді. Тәжірибе жасамай- ақ, әрқайсысын қалай ажыратып тануға болады?
2 Үш сынауықта жазуы жоқ ерітінділер берілген: тұз қышқылы,  натрий гидроксиді, натрий хлориді. Қайсысы қай сынауықта екенін қалай анықтауға болады?

 

3 Берілген заттар: кальций оксиді, фосфор (V) оксиді. Осылардан олардың гидроксидтерін алыңдар. Тәжірибе жүзінде алынған заттың біреуі — сілті, екіншісі — қышқыл екенін дәлелдеңдер.
4 Төмендегі айналуларды тәжірибе жүзінде іске асырыңдар:

а) фосфор → фосфор (V) оксиді →  фосфор қышқылы  → тұз;

ә) кальций →  гидроксид  → тұз.

 

Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________