Мен және менің ішкі жандүнием

Мен және менің ішкі жандүнием

Мен …        Өзім туралы сөз қозғалса, ойланыңқырап қалатыным рас.Себебі мақтаншақ та, ынжық та емеспін.Тек айтар сөзімді әуелі ой елегінен өткізіп алғанды жөн көремін. Біреулер сырт қарағанда маған көңіл бөлмеуі де ғажап емес. Дегенмен мен өзімнің осал еместігімді білемін.

Мен әкем мен анамның мен үшін қуанып отыратын кезеңдерінде, өзімді бақытты сезінемін. Мен әпкемнің маған ұрысса да, мен үшін жанын аямайтынын да білемін. Ал кішкентай қарындасымның қылықтарын үнемі сағынып отырамын.

Мен мұғалімдердің қатал да талапшыл болса да, мен үшін, менің болашағым үшін олардың да алаңдайтынын жақсы түсінемін. Оларға түсіністікпен және сыйластықпен қараймын.

Мен шаттанып күліп, достарыммен асыр салып, бірге жүргенді ұнатамын. Оларға сәл де болса көмегім тисе, өзімше марқайып қаламын.

         Сондай сәттерде ән салып, би билегім келеді. Өйткені,

 

                          МЕН ӨМІРДІ СҮЙЕМІН!!!