Өмір сен маған қымбатсың!

166

 

Тақырыбы: Өмір сен маған қымбатсың!

Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі ұстай білуге, өмірге деген қызығушылығын оятып, кез келген кедергіден шыға білуге, бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайтып көмек көрсетуге шақыру мақсатпен жүргізіледі.

Құрал-жабдық: қағаз, қалам, түрлі-түсті қарындаштар.

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушымен амандасу.

Көңіл-күйін сұрау.

Төрт топқа стол дайындау

Барысы:

-Барлық балаларды дөңгелетіп тұрғызамыз, бүгінгі біздің тренингіміздің тақырыбы: «Өмір сен мған қымбатсың» деп аталады. Оқушыларға қағаз таратылды, Бүгінгі күнгі тренингтен не күтесіңдер? Оқушылар қағазға жазып, тақтаға жапсырады.

-тренинг ережесмен таныстырамыз

-таныстырған ережелерді тақтаға ілеміз.

Тренинг ережесі:

-Бір-бірін тыңдау

-уақыт үнемдеу

-белсенділік таныту

-Достық қарым-қатынас

-жағымды эмоция тудыру

І-жаттығу. Әр оқушы өз атын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.

Мысалы:- «Өмірдің ағымынан қалмау»

— «Ешқашанда білмеймін демеу»

— «Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау»

— «Биік шыңға ұмтылу»

ІІ-жаттығу. Әр оқушы өз атында көз алдыңызға не елестейді? (Әрбір оқушы өз ойларынайтып шығады)

Оқушыларды төрт топқа бөлеміз.1.жаз, 2күз, 3.қыс, 4. көктем

Оқушыларға қағаз таратылады, қағазда «Күн шуағын төгіп…» деген аяқталмаған сөйлемді аяқтайды, сол қағазға күннің суретін салды.

Салған суретін артына аты жөндерін жазып, тақтаға іледі.

ІІІ-жаттығу. «Саяхат» (экскурция) ойын. Әр топтан бір оқушыдан аламыз, 1-топтан журналист, 2-топтан экскурсовет, 3-топтан жургізуші, 4-топтан фотогроф аламыз, қалғандары қыдыруға келген қонақтар  болады. Журналист, экскурсовет, жүргізуші, фотогроф әр қайсысы өз жұмыстарын істеп, қонақтарды көрмеге (суреттер ілінген тақтаның алдына) алып келеді.

Салынған суреттерге қарап мұғалім анықтама береді.

Оқушылар қайтадан дөңгеленіп орындарына тұрады. (өз рольдерінізді жақсы ойнап шықтыңыздар деп бір-біріне көрсетіп, қол соғамыз)

Аутоагентті жаттығу (ауто тренинг) «Кірпіш»

Көздерін жұмып, денелерін бос ұстауға қажет, екі қолымен бар күшімізді салып итереміз. Жаттығуды үш рет қайталайды.

 

Қорытынды: