«Жасөспірім және келіспеушілік»

 

Тақырыбы:  «Жасөспірім және келіспеушілік»

Мақсаты: оқушыларға құқықтық тәрбие  бере отырып, жасөспірімдердің

келіспеушілік жағдайлары, болу себептері туралы пікірлесу

Жоспары:

І бөлім

Балалар құқығы /баяндама/

ІІ бөлім

Оқушыларды топтарға бөлу /түстер арқылы сурет салу қызыл,көк,сары,жасыл/

Күнделікті іс-әркетіңізді 24 сағатқа бөліп көрсетіңіз? /жаттығу/

Пікірлесу

-жасөспірім және келіспеушілік мәселелері қазіргі қоғамда жиі кездесе ме?

-келіспеушілік кімдер арқылы қандай жағдайда болады?

-мысалдар келтіріңіз?

Шығармашылық  жұмыс

-Келіспеушілік себептері

-Келіспеушілік жағдайлары

-қалай шығар едіңіз? /суреттеп көрсету/

Қорытынды: «Қалпақтар» жаттығуы

 

Өту барысы

І. Ұйымдастыру.

ІІ.  Оқушыларға құқықтары және міндеттері, сонымен қатар  баспасөз беттеріне шыққан тақырыпқа сай мәселелермен таныстырып, талқылап, пікір алмасу.

 

ІІІ. Тренинг «Бүгінгі тренингтен не күтесіз?» және оқушыларды альфабит ретімен топтарға бөлу.

 

ІҮ. Қызыл, сары, жасыл, көк осы түстерге сай суреттер салу, топ мүшелеріне бір-бірден. Мысалы: қызыл- қызғалдақ, жүрек т.б.

 

Ү.  Күнделікті іс-әрекетіңізді 24 сағатқа бөліп көрсетіңіз?

Мына сағат бейнеленген қағазға  топ болып өздеріңіздің күнделікті іс әркеттеріңізді 24 сағатқа яғни, бір күнге бөліп көрсетіп, түсіндіресіздер.

Мысалы: сабақ оқу, бос уақытты ұйымдастыру, тамақтану т.б.

 

ҮІ. Пікірлесу.Сіздерге мынадай сұрақтар берілген

-жасөспірім және келіспеушілік мәселелері қазіргі қоғамда жиі кездесе ме?

-келіспеушілік кімдер арқылы қандай жағдайда болады?

-мысалдар келтіріңіз?  Осы сұрақтарға топ болып дайындалып, ортаға  өз ойларыңызды айтыңыздар.

 

ҮІІ. Шығармашылық жұмыс. Оқушылар мына үлестірме қағаздағы  сұрақтарға мысалдар келтіре отырып, суреттеп салыңыздар /үлестірме қағаздар беріледі/

-Келіспеушілік себептері

-Келіспеушілік жағдайлары

-қалай шығар едіңіз? /суреттеп көрсету/

 

ҮІІІ. Қорытынды. «Қалпақтар» жаттығуы.

Мақсаты: кері байланыс орнату.

Нұсқау: Мына түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып, топ болып қалпақ жасап, түстерге сай берілген тапсырмаға өз ойларыңызды айтасыздар.

Жасыл қалпақтар. Ақыл-ой тұрғысынан тренингке сипаттама беру. Тренинг қандай мәлімет, ептілік алды. Өмірге не қажет, не керек емес.

Қызыл қалпақтар. Тренингтегі эмоция мен сезім тұрғысынан сипаттау. Қай жері жағымды ал қай жері жағымсыз сезімдер туғызды. Қай тапсырмалар өте эмоционалды болды?

Қара қалпақтар. Жағымды кері байланыс беру: не ұнамағаны, не қызық болмағанын , ненің қажеті жоқ, нені өзгерту керектігін айтады.

Сары қалпақтар. Жағымды кері байланыс беру: тренингте не ұнағаны, не пайдалы болғаны, қатысушылар өзі үшін қандай жетістіктерге жеткені туралы сипаттау қажет.