Психологиялық тренинг.

240

 

Психологиялық тренинг.

Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар! Көңіл-күйіңіз қалай? Мен сіздермен қазір психологиялық тренинг жүргіземін.

Мақсаты:

Қатысушылардың  позитивтік көңіл-күйін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру, бір-біріне деген құндылық, сергектік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру және ұжымды біріктіру.

Қажетті құрал-жабдықтар: Жұмсақ ойыншық, маркер, ватман, жіп, қайшы, желім.

 

Психологтың кіріспе сөзі.

Бүгінгі тренингке қош келдіңіздер! Бұл психологиялық тренинг сіздердің бір жылғы оқу жылы бойы жақсы көңіл-күйде жүрулеріңізге арналған. Биылғы оқу жылы қалай болады, қандай сынып  түседі деген ойлар әрқайсымызда да кездеседі. Біз, бүгін балалардың ерекшеліктері  жөнінде, бесінші сыныптың қиындықтары жөнінде әңгімелеспейміз.

Шамамыз келгенше, жалпы ұжымдық жақсы көңіл-күй  қалыптастыруға тырысамыз. Ол үшін біз өзімізге сенім мен үміт ұялатып, жылы шырай танытсақ, барлығы ойдағыдай болады. Оқу жылының сәтті өтуі,  оны біздің  қандай күйде қарсы алатынымызға  байланысты.

 

Сергіту ойыны. «Сұрақ-жауап».

Жүргізуші допты кез-келген қатысушыға лақтыра отырып, сұрақ қояды, жауап бергеннен кейін допты қайтадан жүргізушіге кері лақтырады.

Мысалы:

Жүргізуші: Бүгін сіздің көңіл-күйіңіз қандай ?

Қатынасушы:  Көңіл-күйім шайдай ашық.

Жүргізуші: Шайдай ашық тағы не болады ?

Қатынасушы: Күн.

Жүргізуші: Күн тағы қандай болады ?

Қатынасушы: Сәтті.

 

                Сергіту ойыны «Бүгін менің  топта көргенім………»

Жүргізуші: Қатынасушылардың оң жағында тұрған көршісіне қарап байқаған өзгерістерін сол адамға айтуды ұсынады. Әрбір қатынасушы «Бүгін мен бұл топта көргенім, көршімнің………».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жаттығу «Жағдаяттан шығу»

Мақсаты: логикалық ойлау арқылы кез- келген жағдайдан шыға білу.

Нұсқау. Бұл ойынға өз еркімен маған 3 адам керек. Қалғандары бақылаушылар болады.

Ойынның мәні: үш дос бір жерде кездесу туралы келісу керек. Бірақ олардың бірі-сақау, бірі-соқыр, енді бірі –саңырау. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда қашан бару керектігін түсіндіру керек.

 Талдау:

Жағдаяттан шығу оңай болды ма ?

Сен осы кездесуді қалай түсіндірер едің ?

 

 

2.Жаттығу «Бір күннің қорытындысы».

Нұсқау: Жайланып отырыңыз. Біз қазір бір-бірімізге жұмсақ ойыншықты береміз, өзіміздің өткен  тренингтен алған әсерімізді айта отырып, бір-бірімізге тілек тілейміз. Бір кісі сөйлеп отырғанда, басқаларын  мұқият тыңдау, сөзді бөлмеу, әріптестерін құрметтеуді сұраймын.

Талдау:

Өткен тренинг сізге не өзгеріс алып келді ?

Бүгінгі жаттығудан қандай әсер алдыңыз ?

Өзіңізге қандай жаңалық аштыңыз?

Келешекте қолдануға өзіңізбен нені алып кетесіз ?

 

 Қорытынды.

Бүгінгі тренингке белсенді қатысқандырыңызға көп рахмет.

Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін.