«Ұлттық біріңғай тестілеу»

49

Ұлттық біріңғай тестілеуді тапсыру кезінде оқушылардың өзін-өзі  реттеу дағдыларының қалыптаспауы, өзін-өзі бақылаудың, стреске қарсы тұру қабілетінің  төмендігі және емтиханды қабылдау ерекшеліктеріне байланысты қиындықтар кездеседі.

Осы қиындықтарды жеңу үшін талапкерлерді  ҰБТ-дің өту барысымен таныстыру, стреске қарсы тұру қабілеттерін дамыту , өзі-өзіне сенімін арттыру, стрестік жағдайда туындайтын мазасыздану деңгейін төмендету , өзін-өзі бақылауға дағдыландыру қажет.

Ұсынылған бағдарлама  11 сынып оқушыларына,  10-12 кісіден тұратын топқа арналған. Бағдарламада бұрыннан  белгілі психологиялық ойындар, жаттығулар, тесттер, әдістемелер ұсынылған.

 

1 сабақ.

Тақырыбы: «Ұлттық біріңғай тестілеу»

 

Мақсаты:  Мектеп бітірушілердің ҰБТ ерекшеліктерімен таныстыру.

 

Кіріспе

Жаттығу «Ассоциациялар»

Оқушыларға нұсқау беріледі «Ассоциациялар- бұл бір сөз естіген, бір нәрсені көрген бойда келетін ойлар. Сіздің алдыңыздағы қатысушы айтқан сөзге ассоциациялар табуыңыз қажет. Көп ойланудың қажеті жоқ, ойыңа келгенін айту керек». Мысалы: тестілеу.

 

Психолог: Жақын арада сіздердің сабақтарың аяқталып, емтихан тапсырасыздар. Емтиханды Ұлттық біріңғай тестілеу арқылы тапсырасыз. ҰБТ туралы не білгілерің келеді?

 

Мағлұмат беру

  • ҰБТ- бұл белгілі пәндер бойынша тапсырылатын ақысыз емтихан. ҰБТ-ның көрсеткіші аттестатқа түседі және ЖОО түсу үшін де есептеледі. ҰБТ- өту кезінде барлық Қазақстан бойынша біріңғай тапсырмалар беріледі, нәтижесі компьютер арқылы тәуелсіз шығарылады.  ҰБТ-ның өту барысында тұрақты жұмыскерлік, жұмысты ұйымдастырушылық, зейіннің шоғырлануы, ауысуы,  мобильдікті қажет етеді. Тестілеу кезінде қатан тәртіп  ережесін сақтауы тиіс!

 

Диагностикалық жұмыс.

Тест: «ҰБТ –ның өту барысы және ережелері».

  1. Емтихан үстінде пайдалануға болмайды…

а) ұялы телефон, пейджер, калькулятор

ә) тест материалдары

б) қара түсті қаламмен

  1. Емтиханға алып келу қажет…

а) ҰБТ-ға кіруге рұқсаттама; жеке басын куәландыратын құжат; қара сиялы қалам;

ә) шпаргалка, кітап

б) персоналды компьютер

3.Емтихан кезінде тәртіп бұзған оқушы…

а) бұрышқа тұрады

ә) емтиханнан шығарылады

б) айып пұл төлейді

  1. Емтихан кезінде аудиториядан шығу үшін кімнен рұқсат сұрау керек ?

а) кезекшіден

ә) досыңнан

б) мектеп директордан

  1. Қате жібермеу үшін алдымен жауаптарды…

а) алақанға жазып алу керек

ә) жауап парағының артына

б) сұрақ кітапшасының ішіне белгілеуге болады

  1. Емтихан кезінде сұрақ туындаса…

а) қол көтеру керек

ә) шапалақтау керек

б) ысқыру керек

  1. Жауап парағын немен толтырады?

а) қара түсті қаламмен

ә) қарындашпен

б) қызыл түсті қаламмен

  1. Емтихан кезіндегі сенің әрекетің…

а) сөйлесу; орныңан тұру; орныңды ауыстыру;

ә) кезекшінің мұқият тыңдап, берілген ңұсқау бойынша әрекет ету

б) емтихан материалдарымен  алмасу; анықтамалық

материалдарды қолдану

  1. Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін қай кезге дейін қабылданады ?

а) келесі күнгі сағат 13-ке дейін

ә) жыл бойы

б) бір апта бойы

  1. Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беруші өзімен бірге қандай құжаттар алып келу керек ?

а) жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіруге рұқсаттамасын

ә) РНН, СИК

б) туу туралы куәлік

 

 

Пікір алмасу.

ҰБТ-ның жақсы жақтары. ҰБТ  -ның маған әкелер  көмегі . Дәстүрлі емтихан тапсырудан ҰБТ-ның артықшылығы.

 

Жаттығу «Менің мақсатым»

Мақсаты: Оқушылардың жетістікке ұмтылысын күшейту.

Нұсқау: «Бірнеше минут тыныштық сақтап ойланып алу қажет. Неге қол жеткізгіңіз келетіні туралы ойланыңыз, нені үйренгіңіз келеді. Өз ойыңызды мимика арқылы қалай жеткізер едіңіз ? Басқа қатысушылар сіздің не туралы айтқыңыз келетінін табуы керек».

Анализ:

-Ең маңызды мақсатты белгілеу қиын болды ма?

-Өз мақсатыңа жету үшін не істеу керек?

-Сіздің мақсатыңыз тым жоғары немесе тым ұсақ емес пе ?

 

Рефлексия

Қорытындылау. Оқушылар сұрақтарға жауап қайтарады:

-Өзіңізді қалай сезініп отырсыз?

— Не ұнады, не ұнамады?

-Жаңа не білдіңіз?