«Мінез құлық мәдениетімен танысу»

131

 

Сабақтың тақырыбы: «Мінез құлық мәдениетімен танысу»

Өту әдісі: Түсінік беру.психологиялық ойындар. Пластилинмен жұмыс.

Сабақтың барысы:

  1. Оқушыны ұйымдастыру
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа сабақ
  4. Бекіту
  5. Бағалау
  6. Үйге тапсырма

Жаңа сабақ:

Мінез дегеніміз –кісінің өзіндік бағыт-бағдарының, жан дүниесі ерекшелігінің бір сыдырғы тұрақталған, тұрлаулы белгісі. Мінез адамның әр қырынан көрсетіп тұрады. Жақсы мінез адамды жақсы көрсетеді. Адам мінезінің жақсы қалыптасуына әлеуметтік орта, оқу, жанұя тығыз байланыста. Ең алдымен адамның өзіне байланысты, қандай мінезі болатына. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің кейбір нашар жақпайтын қасиеттерді өзгертіп отыруға болады. Оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін-өзі тәрбиелеу жолдары:

 

Дүниедегі ең үлкен нәрсе –Кеңістік.

Бәрінен жүйрік – Ой.

Бәрінен- Уақыт.

Бәрінен жеңілі –Басқаға ақыл айту.

Бәрінен қиыны—Өзіңді өзің тану                                      Фалес

«Тілек шоғы»

Мақсаты: баланың жағымсыз сезімдерден арылту, жақсылық жасауға бағыттау.

Пластилинмен күн бейнесін жасау. Енді түрлі түсті гүлдер жасап, әр гүлге ерекше жақсы тілектерді атап, жақындарымызға сыйлық берейік. Мысалы: Жүрегің  жылы болсын! Ғұмырың ұзақ болсын! Сен бәрінен көркемсің! т.б.

«Күн шуағы»

Мақсаты: Психосезімдік ахуалдарын жақсарту; баланың өз сезім, әрекетін түсініп, әсерлене білу қабілетін дамыту.  Барысы: Оқушы қарама қарсы отырады. Жүргізуші: Күн шуағы, сендердің көздеріңе қарайды.

   Кәне, көзімізді жұмамыз. Енді күн шуағы беттеріңе қарай жылжиды. Алақаңдарыңмен сипандаршы. Ол ары қарай, маңдайыңа, мұрныңа, ауызына бетіне, иегіне түсті. Алақандарыңмен сипаңдаршы. Ол ары қарай маңдайыңа, мұрныңа, аузына бетіңе, иегіңе түсті. Алақандарыңмен күн шуағын сипап көріңдер. Одан кейін мойныңды, иегенді, қолынды, аяғыңды, арқаңды сипап өтіп, желке тұсына барады.Күн шуағы сені жылытып, аймалайды. Сен оған көніп қарап, мейірімді шуағын жүрегіңе түй.

Нәтижесі: ………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………Үйге тапсырма беру: Еркін шығармашылық жұмыс. Пластилинмен

Тексерген: