Қанатты достар

53

 

 

   Тақырыбы: Қанатты   достар

 

 

 Мақсаты: Құстар туралы біліктерін байыту , оларды қорғауға , ұрпағын көбейтуге өз     үлестерін қосуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар , буклеттер , альбомдар , кеспе қағаздар , жетондар.

 Құрметті оқушылар , бүгінгі күні құстарды қорғау және көбейту басты мәселе болып отыр.

Табиғатта да , адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар қылығымен де , әуезді әні мен де сымбатты. Алуан түрлі сыртқы көрінісімен қай жерді болса да эстетикалық ләззатқа бөлейді.

Сонымен құстар мерекесіне арналған « Қанатты достар  »  атты сайысымызды бастаймыз.

 

Сайысқа « Қарлығаш » , « Дуадақ »  тобы қатысқалы отыр.

 

Сайысымыздың сарапшылары:

  1. Оқу ісінің меңгерушісі – Қаласова А
  2. Химия пәнінің мұғалімі-Тілеумағанбетова  Г.
  3. Дарынды балалар жетекшісі  – Сарманов  Е.

    Жоспар:

  1. Әр топтың таныстыруы
  2. Үй тапсырмасы
  3. « Құс базары » ( тіршілігі , өмірі , пайдасы )
  4. Танымдық сұрақтар
  5. Қызықты жұмбақтар шешу
  6. Мақал- мәтел сайысы ( топ басшылар сайысы )
  7. Тест тапсырмасы
  8. Сөзжұмбақ шешу
  9. Туған өлке құстарына байланысты ән жарысы

 

 

 

  1. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып өтеді.

 

  1. Үй тапсырмасы. Құс ұясының макетін жасау.

 

  1. « Құс базары » Белгілі бір құстың тіршілігімен өмірімен және адам өміріне пайдасымен таныстыру

 

  1. Танымдық сұрақтар:
  2. Қыс бойы басын салбыратып ұйықтайтын қандай құс ? ( жарғанат )
  3. Қандай құсты орман дәрігері дейді ? ( тоқылдақ )
  4. Кез келген құстың ұясына жұмыртқалап кететін құс ? ( көкек )
  5. Қандай құс көктемде ерте ұшып келеді ? ( қараторғай )
  6. Әнші құстарға қандай құстар жатады ? ( шымшық , бұлбұл , шырша торғай )
  7. Құйрығы ұзын , өзі ала , бір орында шықылықтап тұрмайтын қандай құс ? ( сауысқан )
  8. Ең ұзақ өмір сүретін қай құс ?( қарға )
  9. Қандай құстар жемін түнде аулайды ? ( жапалақ , үкі , жарғанат )
  10. Түсі құлпырған , имек тұмсық құс ? ( тоты )

10.Аң  аулауға  пйдаланатын   құс  (Бүркіт)

 

 

Музыкалық   үзіліс:Шүйіншалиева  Айзаттың   орындауында   « Қос   қарлығаш  » әні.

 

  1. Жұмбақтар шешу.
  2. Көк шалғынды аралайды

Көк орамға қонады

Қанаттарын қағады

Көлден рақат табады.    ( Аққу )

  1. Тал басында ағаш үй ,

Терезесі тамаша үй

Соны мекен етеді

Қыста алысқа кетеді.   ( Қараторғай )

 

  1. Қара арғымақ мінгенім ,

Қыр айнала жүргенім

Сегіз найза сенгенім ,

Он екі қылыш ілгенім.

( Бүркіт )

4.Күндіз   көзі  көрмейді

Түнде  аңдиды  тышқанды

Аштан   босқа  өлмейді

Аңдығанын   ұстайды.

( Жапалақ)

 

  1. Мақал – мәтел сайысы . Балы төмен топ құстарға байланысты мақал басын бастап айтады да , қалғаны оның жалғасын табады .

 

 

  1. Топ басшыларына арналған тест тапсырмасы.

 

  1. Сөз жұмбақты шешу.
  2. Ұша алмайтын құс ( түйеқұс )
  3. Көктемде егістікке қаптап , ауылшаруашылығына зиян кетіретін , ұясын топтасып ағаш басына салатын құс ? ( ұзақ )
  4. Өзі сақ , өзі ұсақ , бір орында тұра алмайтын құс. ( сауысқан )
  5. Сирағы ұзын биші құс. ( тырна )
  6. Су тазалығын сақтайтын санитар құс. ( шағала )
  7. Адамдардан жасқанбай , кез келген жағдайға көне алатын шағын денелі шуылдақ құс. ( торғай )

 

  1. 9. . Ән жарысы

Айтсақ  —  әніміз ,ардақтасақ   сәніміз

Көңілдің  хошы, табиғаттың   досы

Құстар – шырқап  салар   әніміз ,

— деп   келесі  кезекті   туған   өлке   құстарына  байланысты  ән   жарысына   берейік

 

 

Р. S .                                              Табиғаттың  бауырысың  ,  досысың,

Аянбау  керек  шығар   дос  үшін.

Екеуіңнің   араңдағы  байланыс,

Өмірбақи  үзілмесін  қосылсын.

Табиғаттың   жаршысы – құстарды  қорғайық.Себебі    табиғаттың  өзі  де  ,әні  де ,   сәні  де-құстар.

 Әділ  —  қазы   алқасының   бағасы