Өнер- өмір жемісі.

37

 

Тақырыбы: Өнер- өмір жемісі.

Мақсаты:  Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, өз ойларын

еркін жеткізе білуге, еңбек сүйгіштікке, іскерлікке, ептілік пен

шеберлікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:  Еңбек туралы ұлағатты сөздер, ағаш өңдеуге арналған үстел, дайындамалар, бұрауыштар, бұранда шегелер, салат әзірлеуге қажетті азықтар, пышақтар, ыдыстар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, жанкүйерлер «Өнер- өмір жемісі» атты сыныптан тыс іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
  2. Жүргізуші: Кімдер шебер, кімдер іскер білейікші,

Өнерлісі деп мектептің жүрейікші.

Әділ қазыларға тек әділдікті,

Сайыскерлерге сәттілік тілейікші — дей отырып, бүгінгі

өтетін  сайысымыздың кезеңдерімен таныстырайық.

1.Жүргізуші:

  1. Таныстыру
  2. Еңбек, Отан туралы мақал мәтелдер айту
  3. Білім сайысы (сұрақ жауап)
  4. Салат әзірлеу
  5. Шеберлер сайысы
  6. Көрініс
  7. Өнер

2.Жүргізуші:

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнері жетсе деймін.

Бәсекеге  түскен сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін- деп ортаға «Іскер» және «Шебер» тобын

шақырамыз

  1. Жүргізуші: Бірінші боп таныстыру кезеңін «Шебер» тобы бастайды.
  2. Жүргізуші: «Іскер» тобын ортаға шықырамыз

Әділқазылар алқасынан бағаларын сұраймыз

Бірінші «Шебер» тобының бағасы, келесі «Іскер» тобының бағасы

1.Жүргізуші:

Бүгінгі жастарға оқу міндет,

Тек қана оқуменен өнер білмек

Өнер, білім , адалдық, ар- намысты

Жоятын надандық қой жаман індет,

Бар қиындықты тек қана ғылым жеңбек,

Оқыса басқа елдердей қатарға енбек.

  1. Жүргізуші:

Егер де мал керек болса, қол өнер үйренбек керек, -деп Абай атамыз

айтқандай , келесі кезекті еңбек, отан туралы мақал мәтелдерге береміз.

Шарты: Әр топтан сайысқа бір оқушыдан қатысады, 2 минуттың ішінде он мақал мәтел айтса 5 балл қойылады, 8-ге 4 балл, 6-ға 3 балл қойылады.

  1. 1. Жүргізуші: Ортаға екі топтан бір-бір оқушы шақырамыз.
  2. 2. Жүргізуші:

Білекті жықса біреуді,

Білімді мыңды жығады.

Инемен құдық қазғандай,

Білімнің шыңына шығады,- дей отырып кезекті білім сайысына береміз.

Сайыстың шарты: Кестенің сол бағанында берілген атауға оң бағаннан анықтама таңдап, сол бағандағы бір мағыналы сөздерді табу, берілген 14-16 сұраққа жауап берген топқа 5 балл,  13-11-дің арасы 4 балл, 11-ден төмен болса 3 балл қойылады.

  1. Жүргізуші:

Көрсетті өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жәй ұшып.

Мерекелік ас мәзірін жасайды,

Сайыскерлер дем арада майысып, -дей отырып келесе сайысымыз салат әзірлеуге шақырамыз.

Шарты ұлдар белгілі бір уақытта  (5 минут)салат әзірлейді.

2.Жүргізуші:

Шебердің қолы ортақ деген сөзге,

Мән беріп отырмыз біз бала кезден.

Үй жиһазын жасаймыз дайын заттан,

Қиыннан құрастырар кімдер тездер,- деп шеберлік сайысын бастайық.

Шарты: 5 минуттың ішінде   6 бұрама шеге бұру керек (қауіпсіздік ережесін сақтауы ескеріледі)

  1. Жүргізуші:

Көрініс дайындап ерінбей, жалқаулыққа берілмей.

Топ мүшелері көрсетсін,  көріністерін  күлімдей,

«Жастық шаққа- өнер тән,

Өнерлінің-ісі сән», демекші енді біздің сайыскерлеріміздің көріністерін тамашалайық.

  1. Жүргізуші:

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп ал біреуі ән салыпты

Бүгінгі сайыстарда бәйге алуға,

Барлығы да аянбай жан салады.

Бүгінгі кешіміздің соңғы сыны «Өнер сайысы» сайыскерлеріміздің бойындағы өнерін тамашалайық.

1.Жүргізуші:

Ән айту бұл да өнер, ал өнер таусылмас азық, жұтамас байлық демекші   осы сайсымызда  топтардың мүшелері ән айтып сынға түседі

2.Жүргізуші:

Білімдерін шыңдай ұлтық дәстүрлерді,

Бойына дарыта отырып  тәрбиелеу жолында өткізілген сыныптан тыс іс-шарамыздың қорытындысын білу үшін сөз  әділ-қазы алқаларына беріледі.

 

«Өнер өмір жемісі»  байқауының  бағалау парағы      2014 жыл

 

р/с Топтың

аты

Таныс-

тыру

  Отан, еңбек

туралы

мақал

-мәтел

Білім сайысы

(сұрақ жауап)

Салат әзірлеу

 

Шебер-лер

сайы-

сы

Көрніс Өнер Жалпы балы Қорытынды
1 «Шебер»
2 «Іскер»