Менің таңдауым- өмір

134

Тақырыбы: «Менің  таңдауым- өмір».

Мақсаты: 1. Оқушылардың өмірге деген көзқарастарын кеңейту.

  1. Өмірлік ұстанымын таңдай білуге баулу.
  2. Өмір құндылықтарының мәнін ашу.

Түрі: топтық жұмыс, сұрақ- жауап.

Көрнекілігі: түрлі түсті қағаздар,  слайд, бейнеролик, постерлер, гүлдер, көбелектер,

шарлар,  жұмсақ ойыншықтар.

Өту барысы.

/Кеш өтетін зал шар, гүл, жұмсақ ойыншықтар және қабырғаны көбелектермен безендіріледі./

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Қызығушылықтарын ояту. Оқушылар әр түрлі фигураларды таңдап, олар сол  пішіндер арқылы 4 топқа бөлінеді. Әр топ белгіленген столдарға отырады.

  1. Тыныштық сәті. Оқушылармен келісіліп төмендегі ережемен танысады.
  • Тыныштықты сақтау.
  • Белсенді қатысу.
  • Бірін –бірі тыңдау.
  • Өз ойларын ашық айту.
  • Бірігіп жұмыс жасау.
  • Бірі- біріңді сынамау.
  • Топ мүшелерінің тату болуы.

Кіріспе сөз. Оқушылар, бүгінгі біздің кездесуіміз ерекше, себебі бұл «Менің таңдауым- өмір» тақырыбы үлкен, ауқымды,мағынасы тереңде, ақыл-парасатты, білімді, сабырлылықты, шыдам,төзімділікті қажет ететін мәселе.

Өмірдің бағасын білу үшін, біз екі маңызды нәрсені естен шығармауымыз керек:

  1. Бізге біреудің жақсы көргені қажет. 2. Біз өз өзімізге жақсы қарап, өзімізді жақсы көруіміз қажет.

Кейбір адамдар өз қадірін білмей, өздерін ештеңеге пайдасыз, қолымнан ештене келмейді деп ойлайды. Бірақ, бұл өте қате көзқарас. Себебі, әр адам тұлға. Әр адамға жағымды және жағымсыз қасиеттер тән. Мен сендердің әрбіріңізді білемін, сондықтан сіздерге қысқаша сипаттама алып келдім. Мүмкін, сіз,  өзіңіздің жақсы қасиеттеріңізді байқамай жүрген шығарсыз.

Әдептісің

Ұяңсың

Инабаттысың

Жомартсың

Мейірімдісің

Мақсатшылсың

Өнегелісің

Шыдамдысың

Жігерлісің

Еңбекқорсың

Талаптысың

Қабілетісің

Кешірімшілсің

Ұстамдысың

Тәртібің үлгілі

Жаның жайсаң

Жүрегің кең

Адал ниеттісің

Жауапкершілігің жоғары.

Сен адамсың, сен осы өмірге керексің, әрбір қиындықты жеңе аласың, әр кез сенің жолын болады. Міне, осы принциптерді есте ұстағаның абзал. Рахмет сіздерге.

  1. Құдық туралы әпсана әңгіме. /оқылып жатқанда залда баяу әуен жүріп тұрады. Соңынан слайдта әңгіме бойынша ой түю мақсатында  ереже оқылады/.

 

  1. Топтық жұмыс.

1 топ. М.Мақатаевтың «Шыда» өлеңімен  жұмыс. Тапсырма: Өлеңді оқып шығып, өлеңге талдау жасайды.

2 топ. Аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау.

Өмір мен үшін.….

Өмірдің мәні.….

Бақытты өмір, ол.….

Өмір деген сөздің мағынасы мен үшін.

«Өмір бағасы жоқ сый»- дегенді……

3 топ. Өмірдің қызықты сәттері …. Оқушылар іс-әрекеттермен көрсету қажет.

4 топ. Өміріңді бейнеле. /берілген плакатқа сәби кезінен бүгініне дейінгі кезеңдерді смайликтер арқылы сипаттап, түсіндіреді/.

Топтардың  жұмыстарына 15 минут уақыт беріледі және кейін  ортаға шығып топпен қорғайды. Топтық жұмыс кезінде С.Дәрібаевтың «Өміріңе немқұрайлы қарама» өлеңі жүріп тұрады/.

  1. «Бәрі де өз қолында» Релаксациялық жаттығу.

Денелеріңді бос ұстап, көздеріңді жұмып, өздеріңізге ыңғайлы жайғасыңыздар. Терең дем аламыз, қайта сыртқа шығарамыз. Аяқ-қолымыз босаңсиды. Мен сендерге мәтін оқимын, тыңдап отырып елестетуге тырысыңыздар.

Ерте- ерте заманда, бір ескі шаһарда Ғұлама өмір сүріпті. Оның шәкірттері көп болыпты шәкірттерінің ішінде ең қабілеттісі, ақылдысы: «Ұстазым жауап қайтара алмайтындай, қандай сұрақ қойсам екен?»  деп ойланыпты. Сөйтіп, ол гүл бағына барып, ең әдемі көбелекті ұстап алады. Көбелекті  алақанына жасырып, ұстазыңа барады. Көбелек болса баланың алақанына жабысып алып, қытықтайды. Соған қарамастан бала ұстазына келіп: -Айтыңызшы, қолымдағы көбелек тірі ме, өлі ме? -деп сұрақ қояды. Бала іштей: «Егер көбелекті тірі десе, көбелекті қысып өлтіре салармын, ал өлі десе, ұшыра салармын»- деп ойлайды.  Сонда ғұлама баланың қолына қарамастан: «Бәрі де өз қолында»  деп жауап берген екен.

1,2,3 бойымызға күш жинап, жұдырығымызды  түйіп, аяғымызды жинап, көзімізді ашамыз.

Талдау: Жаттығу барысында қандай сезімде болдыңыздар?

Ғұламаның жауабын қалай түсінесіздер?

  1. Бейнеролик көрсету.
  2. Қорытындылау. «Ақыл жолы» слайды.
  3. Сабақ басында берілген пішіндердің мағынасы ашылып айтылады.

           -таңдағандар лидерлік қабілеті бар, алдыңа қойған мақсатына жететін,

 

 басқарушылық қабілеті басым  жандар.

        — өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.

         — жаңа ойларға жақын, ізденгіш, білуге құмар жандар.

   — өте мейірімді, басқаның қайғысы мен  қуанышын бөлісуге даяр тұратын жандар.